Күресінің асқар



бет1/15
Дата11.05.2023
өлшемі0,63 Mb.
#91866
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15


билет



  1. Қазақ халқы ұлт-азаттық күресінің асқар шыңы – ХХ ғасыр басындағы Алаш

қозғалысы болды. Бұл қозғалыстың басында қазақ зиялылары тұрды. Бірінші дүниежүзілік соғыс пен 1917 жылғы Ресейде басталған революция қазақ зиялыларының өз халқының құқықтарын қорғау жолындағы қызметін жандандыра түсті. Алашорда үкіметінің өмірге келуіне тікелей себеші болған жағдай- уақытша үкіметтің басқа шет аймақтардағыдай Қазақстанда да ұлт өміріне қатысты ең өзекті мəселелерді шеше алмаған əлжуаз, тұрақсыз саяси билікке айналуы, оның арты бүкіл империяны қамтыған анархия, зорлық- зомбылыққа ұласуы еді. Қазақ еліндегі асқынған жер мəселесі шешілмеді, казак əскері,қарулы солдаттар мен қоныстанушылардың панасыз жергілікті қазақ халқының үстінен жүргізген озбырлығы өрши түсті. Осындай жағдайда қазақ зиялылары арасында ұлттық мемлекекеттілік туралы мəселе талқылауға түсті. Осы мəселені қамтыған Жалпықазақ-қырғыз съезі 1917 жылы 5-желтоқсанда Орынбор қаласында ашылды. Нəтижесінде,«Алаш» автономиясы дүниеге келіп, елді бүліншіліктен қорғау мақсатымен Алашорда аталған Ұлт Кеңесі құрылды. Оған 25 адам мүше болды. Төрағасы- Ə.Бөкейханов. Бүлінушліктен қорғау үшін бірден милиция құруға шешім қабылданды. Одан өзге ұлт қазынасын құру, оқу-ағарту жүйесін қалыптастыру т.б. шаралар арқылы ұлттық мемлекеттің шаңырағын көтеруге тырысты.
Алаш қозғалысы Қазақстанда ХІХ ғ. соңы мен ХХғ. бас кезіндегі қоғамдық-саяси жағдай жəне рухани-мəдени өзгерістердің нəтижесінде өмірге келді. Алаш қозғалысының алдына қойған мақсаты- қазақ халқын отарлық езгіден азат етіп, тəуелсіз мемлекет құру мен қазақ қоғамының дүниежүзілік мəдени қауымдастыққа енуін қамтамасыз ету, өркениетті елдер қатарын қосу болды.1920 жылдың 5 наурызында Əскери-революциялық комитет Алашорданы таратуға арнайы шешім қабылдағанға дейін Алаш қозғалысы ұлт-азаттық қозғалыс ретінде біртұтас, мақсатты саяси, əлеуметтік, мəдени үдеріс болды. Қазақ мемлекетін құру сəтсіздікке ұшырағанымен, Алаш қозғалысының азаттық идеялары, мəдени, ғылыми басқа да дəстүрлері кеңестік жылдардың өзінде қазақ қоғамында өмір сүріп жатты. Осы ұлттық тарихымыздағы ең ірі, ең ұзақ ұлт-азаттық қозғалыс мұраттары тəуелсіздік жылдарында қайтадан жаңғырды.

  1. “Жеті жарғы” атауын алғаш рет Əз Тауке хан тұсындағы қабылданған заң ережелеріне қатысты қолданған Н.И.Гродеков. Ол ұзақ уақыт Түркістан генерал-губернаторлығына қарасты Сырдария облысының əскери губернаторы қызметін атқарып, сол кезеңде қазақ əдет-ғұрып, заңережелеріне қатысты деректерді мол жинайды. Тəуке ханның басты мақсаты – ыдырай бастаған хандықтағы саяси жағдайды реттеуге күш салу. Құқықтық тəртіп пен мемлекеттік құрылымның негізгі белгілерін айқындайтын “Жеті жарғы” нормалар жиынтығын үш бидің қатысуымен жасады. “Жеті жарғыда” қарастырылған мəселелер: Жер дауы. Үй-іші мен бала тəрбиелеу. Ұрлық- қарлық, барымта. Бір халық пен басқа ру арасындағы дау. Ұлтын жаудан қорғау. Құн дауы. Жесір дауы. “Жеті жарғы” рулар мен тайпалар арасындағы алауыздықтарды, үш жүз арасындағы қайшылықтарды бəсеңдетті. Ел бірлігін сақтауға, хандық биліктің заң негізінде күшеюіне үлес қосты.

  2. парадарая Сақтар (теңіздің арғы жағындағылар). Бұлар Орта Азияның оңтүстігін, Арал теңізінің төңірегін, Сырдария бойын, Жетісу алқабын мекендеген. Археологиялық ескерткіштері:Бұлар қорымдар, жартастағы суреттер, сақ бұйымдарының көмбелері. Іле алқабында Бесшатыр, Есік, Түрген, Кеген, Алексеев обалары осы алқаптан табылды. Үлкен патша обалары бар. Ол Шілікті алқабында шоғырланған. Арал өңірі сақтар мəдениеті Тегіскен, Ұйғарақ, Оңтүстік Тегіскен қорымдары.



1. Қазақстан мен Орта Азиядағы азаттық қозғалысын XIX ғасырдың аяғындағы - XX ғасырдың басындағы көп ұлтты Россия тарихының бүкіл барысы əзірлеген болатын. Мұның өзі патша өкіметі
дағдарысының нəтижесі еді.Көтерілістің сипаты. Көтеріліс отаршылдыққа қарсы сипатта болды. Қазақстандағы көтеріліспатша əкімшілігі үшін де, сондай-ақ жергілікті үстем феодалдар тобы үшін де күтпеген жерден басталды. Көтерілістің негізгі себептері:

  1. Жердің тартып алынуы (қоныстандыру саясаты);

  2. Салықтар мен алымдардың көбеюі;

  3. Еңбекшілерді үстем феодал-байлар тобының қанауының күшеюі;

  4. Ұлттық араздықтың өршітілуі;

  5. Соғысқа байланысты бұқара жағдайының күрт нашарлауы;

  6. Орыстандыру саясаты.

1916 жылғы 25 маусымдағы патша үкіметінің «Түркістан мен Дала өлкесінен 19-43 жас аралығындағы 500 мың адамды қара жұмысқа алу туралы» жарлығы халықтың шыдамын тауысып, оларды отарлау езгісі мен ортағасырлық қанауға қарсы көтерілуіне түрткі болды. Бұл жағдай қазақ даласына үлкен қобалжу туғызды. М. Дулатұлы айтқандай: " жұрт сеңдей соғылды, түнде ұйқыдан,
күндіз күлкіден айырылды".1916 жылғы 23 тамызда генерал - губернатор А. Куропаткиннің құпия бұйрығымен қара жұмысқашақырудан босатылғандар: болыстық, ауылдық басқармалардың лауазымды адамдары; жергілікті бұратаналардан шыққан төменгі полициялық шенділер; имамдар, молдалар мен мүдəрістер; ұсақ
несие мекемелеріндегі жоғары лауазымды жергілікті бұратаналар; дворян жəне ата – бабасынан бастап, сондай –ақ жеке басы құрметті азамат құқықтарын пайдаланатын жергілікті ұлт өкілдері. Майдан жұмысына қазақ жастарын алу туралы жарлық қазақ халқының зор наразылығын тудырды. Елде болыстық басқармаларды талқандау, ауыл старшындарын, қатыгез, жағымсыз
байларды өлтіру, ірі феодалдардың иеліктеріне шабуыл жасау, жер сату жөніндегі құжаттарды, алым салық қағаздарын жою, патша əскерімен қақтығыс сияқты ашу-ыза əрекеттері кең орын алды. Сойыл, кетпен, шалғы, орақ, мылтық, қылышпен қаруланған ел адамдары байлардың ауылдарын өртеп, малдарын айдап əкетуі жиілей тусті.Өлкені талан-таражға салу бірінші дүниежүзілік соғыс жылдарында
бұрынғысынан да жеделдетежүргізіліп, ауқымды сипат алды. Қазақ даласынан арзан бағамен орасан көп мөлшерде мал сатып алынды. Патша армиясы үшін киіз үй мен бұйымдар жиналды. Салық мөлшері өсіп, соғыс салығы енгізілді, мемлекеттік заемдар таратылды, баж салығын төлеу міндеттелді.
2. Қазақстан Республикасы — президенттік басқару формасы бар біртұтас мемлекет. Тарихи күнге — 1991 жылғы 16 желтоқсанда «Қазақстан Республикасының мемлекеттік тəуелсіздігі туралы» заң қабылданғаннан бері Тəуелсіз Қазақстанның жаңа тарихы басталды. 1995 жылы Президенттің ұсынысы бойынша жаңа Қазақстан Республикасының Конституциясы қабылданды, ол Қазақстан Республикасын демократиялық деп санайды. Əлемдік, құқықтық жəне əлеуметтік мемлекет. Ең жоғары құндылықтар адам, оның өмірі, құқықтары мен бостандықтары деп танылды. Қазіргі уақытта республикада 14 облыс, 160 аудан, 84 қала, республикалық жəне облыстық маңызы бар қалалар, 195 елді мекен, 2150 ауылдық округ бар. 180 Біріккен Ұлттар Ұйымының елдері- мүшелері, Қазақстан Республикасы аумағында арасында тиісінше, əлемде 9-шы орында тұр.
Қазақстан Республикасының аумағында Франция, Португалия, Норвегия жəне Финляндия біріктіріледі. Шекараның ұзындығы 15 мың км құрайды, оның ішінде 8 мыңға жуық Ресеймен, 5 мыңға жуықы — Орталық Азия мемлекеттерімен жəне 2 мыңға жуық Қытаймен. Су шекараларының ұзындығы 1,5 мың км құрайды. Осылайша, Қазақстан Республикасының шекарасының жалпы ұзындығы 6,5 мың км құрайды.
3Қарлұқ тайпаларының негізгі жерлері: Алтай тауынан – Балқаш көліне дейінгі аралық.Алтай тауынан Сырдарияның орталық ағысына дейінгі аймақты алып жатқан ірі
тайпалар одағы – қарлұқтар.756 жылы Түргеш қағанатының əлсіреген жағдайын пайдаланып, билікті өз қолдарына алып, өздерінің мемлекетін құрды.
Астанасы: Қағанаттың орталығы - Суяб қаласы. Екінші астанасы – Баласағұн
Қағанаттың саяси жағдайы.
766 - 775 жылдары Қашғарияны жаулап алып, шығыстағы шекарасын кеңейтеді.
Əл - Марвази өзінің еңбегінде: «Қарлұқтар бұрын Тулис тауында тұрды жəне тоғыз – оғыздарға құл болды», - деп жазады. Қарлұқтардың ұйғыр қағанатымен күресі: ІХ ғасырдың басында өздерінің
шығыстағы жауы Ұйғыр қанатынан жеңіліс табады. Оларға қарсы күрес 20 жылға созылған. Қарлұқтардың арабтарға қарсы соғысы екі ғасырғажуық мерзімге созылған. Қағандықтың əлсіреуі.Қағанатты ішкі талас - тартыстар мен билік үшін күрес əлсіретеді.Қарлұқтардың қиын жағдайын пайдаланып, Қашқардың түрік билеушілері 940 жылыБаласағұн қаласын басып алып қарлұқ қағанатын талқандайды.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет