96
97
Бұратана ұлт тарихтан алды ырысын,
Алғанына ей уақыт жарлымысың.?
Толғауым тасығанда сыйдыратын,
Сен менің рух толы сандығымсың.
Құштар қазақ Алтайдың кезеңіне,
Кезеңнен үңілетін өзеніне.
Салбуырында
құс салып, шырға тартып,
Жерұйықтың орнығар өзегіне.
Беу дүние, қауыштық күзіңменде,
Ауыл көші сортаңда сүзілгенде.
Қамшы қанап сауырын қылаңдардың,
Бүлдіргілер білектен үзілгенбе?
Ұмытып етік тікккен тарамысын,
Қызыл құдаң қалаңа барамысың.
Ауыл
бала қалаға көшкен кезде,
Жетімсіреп молалар қаламысың!
Ауыл деген – жастық шақ, жарқын ғұмыр,
Ауыл деген – салт-дәстүр, алтын тұғыр.
Тұнықтан жаратылған болмысымсың,
Өлеңмен асырайын нарқыңды бір.
Жайлау жердің төрінде күрең тастай,
Киіз үй тұр қазақтан айнымастай.
Ғасырларға
қалғанмен атың сенің,
Өзгерер затың адам танымастай!
Достарыңызбен бөлісу: