Алаш қозғалысы
Бұл шығарманы оқи отыра қазақ қоғамының бойында бұрыннан-ақ ұлтшылдық қасиеті барын аңғаруға болады.Басқа елдің қол астында болмау, дербес болу, білімге ұмтылу секілді мәселелерді қамтиды. Осы мәселелер 20-сыншы ғасырларда бастау алған еді.
20-сыншы ғасырдың басында ұлтшыл халықтың ең басты міндеті, алдына қойған мақсаттары: орыстардың ықпалынан кету, тәуелсіздікке қол жеткізіп, қазақ білімін арттырып, орыстанып кетуден сақтау. Алайда барлығы дерлік ұлтшыл болды деп те айта алмаймыз.Себебі өзімшіл, өзінің елін ойламайтындары да болды. Ал ұлтшылдар керісінше, ел үшін бәріне дайын, әрдайым білімге ұмтылып, қазақ халқын қалыптастырғысы келетін. Оның бастауы Ә. Бөкейханов пен оның серіктестерінен болды десек болады. Қазақ жеріне орыстардың жаппай келулеріне шек қойғысы келді.Атап айтқанда, бұл ойдың дәлелі болып Қарқаралыда, Оралда, Жетісуда, яғни біздің қазақ жерімізде енді орыстардың келуіне тыйым салынып қазақ мектептерінде тек қазақ тілінде білім алсын деген талаптар енгізілді.
Ұлтшылдық идеологиясы белгілі бір деңгейде байқалды. Ұлт зиялылары кезінде отаршылдықтың не екенін, қалай болатынын көргендіктен, бұл нәрседен босатылғысы келді.Яғни, дербестікке ұмтылу жолындағы өз жеріне деген махаббаты мен сүйіспеншілігін аңғарамыз. Оның бүтін етіп сақталғанын көргісі келді. Сондай- ақ,зиялылар сыртқы саясатта ғана емес, ішкі саясатта да белсене қатысты. Қазақ газетінде әлеуметтік теңсіздіктер болғанын айтады. Бай мен кедейлердің арасындағы теңсіздік.Байларға үлкен сын айтылатын.Себебі, олар сараң, малы көп болмаса да өзімшілдік танынып бар нәрсесімен ешкіммен бөліспейтін дәрежеде болған. Тіпті Ә. Бөкейхановтың: Байлардың астында қор болып отқандарынша, орыстардан он бес десятина болсын жер алса жарар еді» деген сөзі бар Демек, халықтың ұйымшыл еместігін, бірліктің жоқтығын айтады. Ал бұл біздің алдыға жылжып үлкен жетістіктерге жетуімізге кері әсерін тигізеді.
Өздерінің замандарынан сабақ ала отыра, ендігі уақытта бұл кемшіліктерді жойып білім алып, сауат ашып, өнер мәдениет салаларына көшуге шақырады. Даму жолындағы бағыттарды Айқап, Қазақ журналдарынан көре аламыз. Ағымның біріншісі- столыпиндік реакция кезінде әкімшілікке қарсы күресті емес қазақ қоғамындағы саяси жағдайды нығайту көзделді. Оларға қарсы екінші ағым- ұлт зиялылардың бағыты монархиялық билікпен соңына дейін күресу. Даму осы ағым бойынша болатын. Өйткені қазақ қоғамына сай тұжырымдамалар айтылған.
Мұсылмандық және ұлт азаттық қозғалыстар тікелей байланыста. Тіпті орыс революциясы кезінде мұсылмандардан қазақ депутаттар бірінші және екінші Думаға сайланды. Мұсылмандардың да өз тілінде білім алу керектігін, ұлттардың тең дәрежеде болу керектігін айтты. Мұсылмандық қозғалыста еш артта қалмаудың жолы: ол оқу ағарту ісі екенін білді. Мектептердің ана тілінде жүргізілуін талап етті. Алайда қауым ішіндегілердің оқу бағдарламасына басқа оқу әдістері мен газеттерді журналдарды енгізу дін басылары мен молдалардың ашуына тиді. Себебі діни ұстанымдарынан бас тарту олардың дәрежесін түсірумен бірдей болды. Мұсылмандар әртүрлі хаттарды жібере бастады. Онда бұрыңғы әдіс жастарды тәрбиеге итермелейтін, ал қазіргісі тек оларды теріс жаққа бұратынын айтады. Бұл хатты қабылдаған Орынбор губернаторы медреселер мен мектептердің бұрыңғы бағдарламалар бойынша білім алсын, жаңа оқу әдістемелердің алып тасталуын сұрайды.
Әрине, тек бір ғана бағытты емес екінші Усул жадидтік бағдарламаны да қолдайтындар болды. Әр қалада қазақ кітаптары мен газеттері шығарыла бастады. Мұғалімдер қазақ балаларын оқыта жөнелді. Әрі медреселер ашылды. Уфадағы Ғалия, Орынбордағы Хусаиня, Троицкідегі Расулия. Бұл медреселерде мұғалімдер рұқсатсыз жаңа әдісті қосып қазақ балаларын жинап оқытады деген хабарлар келеді.
Одан кейін де құпия хаттарда Орынбордан, Уфадан, Қазаннан қанша мұғалім келгендігін мәлімдеген.
Қазақтардың арасында жер мәселесін қозғайтын кітаптар таратылуда. Олар Оян қазақ, Маса, Тұр қазақ ,ағайынды Каримовтар.
Жандарым мекемесінің бастығы шәкірттер мен мұғалімдердің ықпалынан орыстардың қазақ арасында беделі түсіп кеткені айтады. Соған байланысты Орынбордағы әріптестеріне бәрін егжей- тегжейлі біліп беруін сұрайды. Сөйтіп, 1913 жылы 5 наурызда қазақ даласына оқытуға шыққан мұғалімдер жайлы хабарлар келеді. Бұған жауап ретінде Каримовтар мен Құсайыновтар мұрагерлері баспаханаларында 70 кітап жарық көреді. Ол ғана емес көптеген ақын жазушылардың кітаптары қазақ тілінде шыға бастады. Қазақ халқының жағдайын сипаттап қараңғылықтан шығу керектігін баяндайды.
Міне 20-сыншы ғасырлардағы жалпыресейлік мұсылман қозғалысының қандай қарқында болғандығын және оның ұлт азаттық күреспен қандай байланыста болғанын көре алдық. Қозғалыстардың қазақ халқына қалай әсер еткенін,оның болашағы мен өміріне ықпал еткендігін байқаймыз.
Бәлкім ұлтшылдықтың сол кезде пайда болғаны да жақсы шығар. Себебі әртүрлі кітаптарды оқи отыра өзіңнің еліңе деген патриоттық сезім оянып, халқымыз өз ұлтын құрметтеп, оның тарихын ұғынып, тілін әрі қарай дәріптейді. Әрқашанда жоғары сатыда көрінуі адамдардың бірлік пен ынтымақтастықтарына байланысты.