Алаш зиялылары құдайбергенов Серғазы Ережепұлы


опат болғанына он жыл толуына орай арналып жазылған



Pdf көрінісі
бет5/6
Дата10.10.2022
өлшемі4,08 Mb.
#42090
1   2   3   4   5   6
опат болғанына он жыл толуына орай арналып жазылған.
Мұнда әдебиеттің, оның көрнекті өкілдерінің халық тарихында алатын
орны айрықша бағаланады. Абайдың қадірін білмеу, оны елеп ескермеу
ұлттың үлкен кемшілігі ретінде аталады, әдебиет елдің жаны деп
көрсетіледі.Абай шығармаларындағы сарын-әуезді, ой-пікірді, идея-
нысананы алаш азаматтары терең сезіп, тебірене насихаттай білген. 
Әдебиеттің барлық жанрында бірдей қалам тартқан қаламгер, қоғамдық-
әлеуметтік іске жанын салып араласқан қайраткер Міржақып Дулатовтың 
өмірлік мақсатының биік нысанасы, тапжылмас темірқазығы - біркүндік 
даңқ, өтпелі дәулет, баянсыз шен емес, туған халқының бостандығы, өзін-өзі 
билеуі, отарлық езгіден құтылуы, ол қуғын-сүргін керіп, түрмелер азабын
тартып жүрген азапты күндерінің өзінде де, ақтық демі біткенше бүл жолдан
тайған жоқ.


Елі мен жерінің тәуелсіздігі жолында іздене отырып, сол күрес жолында Алаш
зиялылары өздерін де, өз замандастарын да, өзінен кейінгілерді де қайраткерлік жағынан 
да, каламгерлік жағынан да дайындады, жетілдірді деуге болады. Алаш қайраткерлерінің 
тіл саласындағы тағылымын биік бір асқарға теңесе болғандай. Сол асудың төңірегінде Алаш 
зиялыларының қазақ тілін дамытудағы еңбектерін ерекше бөле-жара айтуға болады. 
Алаш зиялыларының дербес мемлекеттілікке ұмтылыстарында қазақ тілінің мәртебесі туралы 
да ойлармен мұндалап тұрды. Оны олардың сол тұста жазған мақалаларынан 
және А.Байтұрсынұлының, С.Сәдуақасұлының Оқу комиссариатында басшылық еткен 
кезіндегі іс-қимылдарынан аңғаруға болады. Тіл - ұлт руханиятының негізгі өзегі екендігі де 
Алаш зиялыларының қоғамдық ойларынан және көркем шығармашылығынан көрініп жатты. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет