Алаштың АҚИЫҚтары мақалалар, деректі құжаттар, аудармалар жинағы



бет39/69
Дата11.12.2023
өлшемі0,7 Mb.
#137644
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   69
ЕРМЕКҰЛЫ ӘЛІМХАННЫҢ ХАТЫ

Біздің уақытымыз тарихи ұлы өткел дәуірі. Бұл өткелдің бір жағы адам баласын соншалық көп азап, қорлық, әдепсіздік қинауына салған капиталдық құрылысының дүниесі. Ол құлап шіріп, тозып келе жатқан дүние. Өткелдің екінші жағы – социализм мен ортақшылдықтың іргесіне құрылған жаңа, жарық өмір. Сол өмірдің жарқын дүниесі. Бұның адам баласына әкеле жатқан игілігі – шын теңдік, ұлы мақсат: тап, ұлт, езуші-езілуші дегендерді жоқ қылып, бар адам баласын теңдік пен білім, мәдениет табысының барлық жемістерінен толық пайдаланатын(дығы).


Осындай болумен қатар қазіргі дәуір тап тартысының ерекше күшейген дәуірі болып отыр. Бұрын қарсылық жүргізген, бүгінде өлеріне, өсеріне жеткен тап қазір бар күшін, бар айласын жұмсап, не қылса да өзінің бұрынғы үстемдік халін сақтап қалуға тырысады.
Сол себепті, осындай тәрізді ұлы өткел дәуірінде тап тартысының жалыны өрлеп тұрған кезде - әрбір қоғам қызметшілерінің саяси қателері өте жауапты, өте ауыр қателер болып шығуға керек.
Ол қателердің залалын, салмағын өте ауырлататын, сол тап тартысының қызып тұрғандығы. Және мұндай уақытта ол қатені, сенің өзіңнің ойыңда болмаған бағыт пен жолға пайдаланып керегіне жаратып кететіні де бар. Олар, төңкерісшіл пролетариаттың асқындап өрлеп келе жатқан күштеріне жаулық ниет ойлап, алысып келе жатқан заттар болады.
Міне, осы себепті, әрбір адалмын деген қоғам қызметшілері, қоғам тартысының әр дәуірінде, өзінің қызметі қандайлық болғанын толық тексеріп, сынап отыру қажет. Егер ол еңбекші табымен төңкерістің жауы боламын десе, өзі басып өткен жолдың мазмұны мен тәжірбиесін тесіле қарап, қатты сынауға тиіс.
Мен Қазақстандағы өзім істеген саяси істің тұсында бірқатар ірі қателіктер істеген едім. Қазірде өзімнің сол бұрынғы қызметімді шынымен нық тексеріп келіп айтпақ болған сөзім бар. Бұл сөзді айтуға хақым ғана бар демеймін. Айтуға өзімді міндеттімін деп санаймын.
Менің саяси бағытым бұрын патша заманында езілген елдің баласы болған соң, әрқашан өзге мәселенің бәрінен бұрын ұлт жайын ерекше қып жоғары ұстап, соны қалыптап асыра, көтере бағалау да болған. Оны туғызған патшаның отаршылдық саясаты. Қазақ жерін Ресей алпауыттарына жағынамын деп отаршылдыққа аяусыз тартып әпере беруі болған. Ұлт мектептерін тыйып, шаруа күшін де жауша қанауы болған.
Кеңес өкіметіне деген көзқарасым негізгі түрінде 1920 жылы шешілген еді. Сонда мен екі жолдың торабына келіп тіреліп ем: біреуі капиталшылдық жолы. Оны қостасам жиянгершіліктің қожалығын сүймекпін, олай болса отар, жарым отарды сол күйлерінде қалдырып, артта қалған елдердің бұдан әріде құл бола беруін қоштамақпын. Немесе социализмді қостап, артта қалған отар елдерін құлдықтан, қорлықтан арылтатын досы осы екенін тануыма керек болған-ды, оның үстіне Колчак қожалығын көріп шыққан соң анық көзім жеткені – тартыстың, түбін шешетін төңкеріс кезіндегі екі күштің біреуі болатын болды. Мұның бірі пролетариат, екіншісі байлар табы, сондықтан не пролетариат қожалығын, не байлар қожалығын таңдау керек болды.
Сонда Кеңес үкіметінің бетін қостапү соның жанына шығуымның алды осымен шешілген-ді.
Бірақ, мен қалыптанған марксшіл болмағандықтан, ұлттықтың тап көлемі деген дерттен арыла алмадым. Сол себепті қоғамдық қалыптардың өсуіндегі негізгі-негізгі бағыт тап тартысының бағыты болса, соны көрудің орнына, менің жолымда көбінесе ұлттық жайлары көлденеңдеп, анаған сол бөгеу болып отырды. Артта қалған елдердің алдағы елдер пролетариатымен одақтасуын негізгі бағыты есебінде қабылдап отырсам да – сол артта қалған елдердің өзарасында тап тартысының қоса болуы да шарт, қажет екенін ойламадым.
Менің салт-сана жолындағы қателесуімінің тамырлары осы жерде болды. Осыдан барып күдікшілдік, ырғалағыштық туды. Партия мен үкіметтің Қазақстанда жүргізген бірқатар ірі істеріне теріс қарағандықтан болды. Мысалы ірі байларды кәмпескелеу, пішендік пен егістікті қайта үлестіру, жер мәселесін түгелімен интернационалдық, таптық жолмен шешу сияқты ірі мәселенің көбіне көзқарасым дұрыс болмады. Ал партия мен үкіметтің бұл істері ерекше артта қалған жарым алпауыттың қолындағы қазақ ауылын социалды рекөністірексеге дайындау алдында қажет болған шаралар, шарттар еді.
Жасырып қажет емес, саяси қызметшілердің салт-сана жолындағы қатесі сіңісті дерт сияқты күйге арналса – оның арты саяси қылмыстарға әкелмей қоймайды. Қожалық тартыста олар шығатын арналар табылмай тұрмайды. Мысалы Қазақстандағы үлкен түйіннің бірі - жер мәселесін шешу болса, ол және айқын ұлттық мәселе болса, сонда менің ұлтшылдығым осы мәселені шешу тұсындағы менің бағытыма айқын әсер етті.
1925 жылы Қазақстан Госпланының комиссиялары істеріне қатынасып жүріп, Қазақстанда жерге орналастыруда мөлшер жоспарын жасағанда мен тап жағына қарамай, ұлттық белгісіне ғана қарап, ең алдымен қазақ халқын жерге орналастыру керек деген пікірді жүргіздім. Және қазақ халқы түгел орналасып болғанша Қазақстанда басқа қоныстандырылушылар келмесін деген бетте болдым. Мәселені бұлай қою, жерге орналастыру ісін таптық мазмұнын жайдақтатумен бірге, бұрыннан келе жатқан ұлттар арасын(ың) қажасуын да ықтиярсыз тереңдететін болар еді.
Қазақстанда партия мен үкіметтің жүргізген қоғамдық – шаруашылық шарасының бір жолы – ірі байларды кәмпескелеу болса, оған менің көзқарасым Әлихан Бөкейханұлына жазғандарымнан көрінеді. Ол хатта мен бұл істің артын өте көтеріп, теріс бағаладым. Бұндай іс шаруаға үлкен зәбір келтіреді, ел шаруасының іргесі шайқалып, шөгіп қалады дегем. Бұл ұлтшылдық, байшылдық салт-санасының даусыз айқын белгісі еді.
Мен Бөкейханұлын осы мәселеде ұлтшылдық бағыты үшін алысуға үндеп, одақтың орталық ордасының алдына апарып осы мәселені қою керек деп үндедім. Мұным өзімнің ұлтшылдық бағытымды (ұстанып), аймақтық басқарушы орындардың жолына қарсы тұру ісі еді.
Осы жөніндегі тағы бір ерекше ескерерлік нәрсе, менің 1927-1928 жылдарда Семейде болған асыра сілтеушілерді бір жақты қарап ұлғайта сілтеуім де болды. Солай сөйлеу өзге ұлтшылдардың арасындағы өзара сөздерінде де, және қазақтан шыққан ұйымсыз, сауатты қызметшілермен сөйлесулерінде де болды.
Ұлтшылдық қозғалысының мазмұны пролетариат қожалығы жүріп тұрған мемлекетте, тап тартысы күшейіп тұрған уақытта – төңкеріс жауының жолы болмай тұра алмады. Өткен уақыттағы біздің «Алаш орда» жолындағы ұлтшылдық қозғалысымыз сол жаңағы айтқан төңкеріс жауының жолы болған. Мен сол «Алаш орданың» ісіне толық араласқан кісімін. Кейіннен Кеңес үкіметіне қарсы арналған төңкеріс жаулығы сияқты саяси қимылдардың барлығына қаншалық сақ болып, қарсы болмақ болсамда, сонымды нық ұстамадым. Ұлтшылдық дерті болып, тапшылдық көзқарастың қырағылығы болмағандықтан, шынында оны болмады дегенім жаңылыс, себебі менің ұлтшылдығым да барлық өзгелердікіндей, негізінде айқын, тапшыл, ұлтшылдық болған. Ол ауылдағы жарым алпауытпен байлардың тілеуіне бейім ұлтшылдық болғанмен Кеңес үкіметіне қарсы болған таптардан өз бойымда аулақтап алмадым. Төңкеріске жаулық ойлап шыққан Зәки Уәлидов табының ісіне қарсы мен ашық күреске шығуыма керек еді. Оның орнына мен солардың төңкеріске жаулық қылған ісіне өзім де жанасқан кісі болып шықтым. 1920-жыл Мәскеуде сонымен кездескен жайымды түгел баяндамай-ақ, сондағы бір ерекше жайды айтайын. Ол Валидовтың ниетімен қарсы екендігімді айқын қып сол жерде айтып берсем де, сөйлесуімінің өзін құпия әңгіме түрінде жасадым.
1920 жылда Заки Уәлидовтың төңкеріске жаулық ойы мен мақсұттарының бар екенін мен біліп едім. Кеңестік Ресейдің саясатына ырза болмай, «Шығыстың езілген елдеріне» шығамын, сонымен оларды біріктіріп, жекелік аламыз деген ниеті бар.
Мен құпиялық түрі бар жиналыста болдым. Бірақ Қазақстанды тағы бір жаңа ауыртпалыққа салуға ырза емес екендігімді айтсам да, сол жерде Уәлидовтен асып айқын бой тартып кетпедім.
Сонымен өзімнің басымнан өткен тәжірбиеге қарап толық дәлелмен айтатыным, 1920 жылдың өзінде-ақ артта қалған елдерге ең дұрыс жол - социалистік жол мен кеңес жолы екенін негізінде қабылдап алсамда, мен қателестім. Оның себебі кімде-кім ұлт мәселесін таптық, интернационалдық қозғалыспен қоспай және ұлт мәселесіне бағындырмай ұстаймын десе - ол адам еріксіз ұлтшылдық тарлығының құрбаны болады.
Тағы бір үлкен адасуым - артта қалған елдердің арасындағы төңкеріс «шаруа қорын жалдамай болатын» төңкеріс болу керек деп түсінуім де болған.
Мен студенттік жылдарымда Ядринцев (Сібір отар), Потанин, Ышшаповтардың пікірлері бойынша тәрбиеленген едім. Бұлар сияқты басқа да Сібірдің төңкерісшіл жазушылары артта қалған елдердің тағдырына жаны ашып, көңіл бөліп, мұндай елдің барлығы капиталдық құрылыс бағытында болатын шаруа тұрмысындағы, салтындағы тығыз өзгеріске шыдамайды, көтере алмайды деуші еді. Сол бетпен мен социалдық рекөнстірексие дәуіріндегі шаруашылық өзгерістеріне үлкен қобалжумен, аса қорқумен қарап келдім. Анығында бұным мағынасызшылдың баққаны сияқты еді. Мұнымның негізгі себебі, шынында менің таптық, ұлтшылдық, салт-санамда болуға тиіс. Егер төңкеріс жайынан шын сөйлейтін болсам, езілгендердің бостандығын шын тілесек, капиталдық құрылыстың қалдығын шын жоямыз десек онда қатты қимылдағанда, құрбандықтан да қорықпайтын болуымызға керек. Және бұл құрбандық негізінде жарым алпауыттар мен байлардың көретін құрбандығы екенін еске алсақ, онда ондай құрбандықтарды жолды деу ғана керек емес, тіпті қажет деп білу керек. Бұл күнде мен бұрынғы қауіп, күдігімнің бәрінің орынсыз болғанын көріп отырмын. Қазір біздің көз алдымызға одақтың пролетариатының ұйымдасқан күші бірігіп келіп, сол жеңгізбей келген сақарада өндірістің ұлы дүкендерін орнатып отыр. Ол дүкендер техниканың ең жаңа табысы бойынша құрылған, сол далаларда шойын жол құрылысы, машина-трактор, машина-пішендік стансалары, совхоз, колхоз құрылып отыр. Бұлардың бәрінде үлкен мәшинелер, үлкен жабдықтар орнап отыр. Және коллектив негізіне құрып, жоспармен отырықшыландыру ісі жүріп жатыр. Бұларға одақтық бюджеттен мол қаражаттар беріліп, пұлдай, техникелері жәрдем істетіп отыр.
Қысқасы, Лениннің «Артта қалған елдер алдағы елдің пролетариатының көмегімен капиталдық дәуірді аттап өтіп, социалды дәуірге жетеді» - деген данышпанның сөзі іске асып отыр. Осындайлық жалпы жайды, Қазақстанда Лениннің ұлт саясатын қолдану арқылы табылған табысты, ешнәрсе жоя алмайды, кеміте алмайды. Бұл ретте бай – кулактың жаулық пен өз шаруаларын шашып жоюуы да және партия жолын қисайтып, Қазақстанның мал шаруасы жөнінде теріс тәжірбиеге ауысып істеген жергілікті орындардың қатесі де және де осы себептен онан соңғы жылдардың егін шығуы нашар болғандық себебінен туып отырған кейбір аудандардағы азық-түлік қиыншылығы да жаңағы ұлы табыс, ұлы құрылыстың қалпын бұза алмайды, маңызын түсіре алмайды.
Осы айтылған тұрғылардан қарағанда менің бұрынғы қорқынышым, қаупім, үркуім, пролетариаттың күшіне сенбегендік болып шықты. Ал пролетариат күші бұл күнде шын ғажайып іс істеп шығып отыр.
Өзімнің салт-санадағы қаталарым мен, соның негізгі істері тұсында болған әсерлерін түгел толық мойныма алғандықтан, енді «Социалды Қазақстан» басқармасынан менің осы сөздерімді басуды сұраймын. Мақсатым: шын толық күйде кеңес жұртшылығының алдында өзімнің ендігі көзқарасымды білдіру. Сол жұртшылық бұрын менің ұлтшылдық салт-санамның төңкеріске жаулық мазмұнын ашқан еді. Қазір мен өзімнің бұрынғы ісімді қатты күйде кінәлап, салт-сана жолындағы бұрынғы құралымды тастап, ендігі саяси бағытымды анықтап отырмын.
Мен қазір өзіме осы күнде Қазақстандағы социалистік құрылыс жолында қызмет етуді ең ардақты, ең міндетті іс деп санаймын. Қазақстан ертедегі тарихи себептермен артта қалған жер, бұл мен туып-өскен жер, сондықтан бұның өсіп келе жатқан социалистік құрылысының майданында адал қызмет ету менің ендігі борышым. Міне, бұл жолда жандандыратын сенім. Біздің қазіргі тарихи дәуірімізде бірінші рет шын, еркін адам қаулының іргесі қаланып келеді деген сенім(де) болады.
Осындай дүние тарихының түйіні шешіліп, шын қоғамдық әділдік жолымен елдердің тағдыры, барлық адам баласының (тағдыры) шешіліп келе жатқанда және қызуы асқан тап тартысының негізімен шешіліп келе жатқанда, өзіңе қай түрдегі болса да мещандық тыныштық пен жайлылықты іздеп, әлі-ақ өтіп кететін қиыншылықтан қорғанып, тауып шығуды - енді бұрынғы салт-сана, күнделік іс жөнінде істелген қателерімнен артық ұятты қылмыс деп санаймын. Оның орнына жақын заманда, таптық қауымның жасалуы мүмкін болып отырғанда және 17-ші партконференцияның қаулысы бойынша 2-бесжылдықта социализмнің толық жүзеге шығуы мүмкін боп отырғанда тапсырылған жұмыстың әрбір кезеңінде табан таймай тартысудың сенімі, үміті артпақ. Ол табыстағы басшы тап-тартысында шыныққан социалдық құрылыстың алдыңғы әтіреті, Қазақстанның Өлкелік партия комитеті.
Ермекұлы Әлімхан.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   69




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет