Алдар Көсе : Сиқырлы қасық Автор: Бір ауылдың шетінде ауқатты сараң бай мен бәйбішесі өмір сүріпті. Киіз үйлерін қонақ келмесін деп, әдейі ауыл маңынан алшақтау тігіпті. Ешкіммен ас бөлісіп, сый көрсеткісі келмепті.
*Алдар көсе әндетіп келе жатып, қасық тауып алады* Бай: Әй, сен шошандамай осылай отыр да, айтқанымды айнытпай орында.Мен бұны қазір-ақ ұзатып салайын. *Алдар көсенің алдынан Бай шығады* Ассалаумағалейкум, қымбатты қонағым!Әттегең ай, саған сый көрсете алмайтынымды қарашы!Кедей адам едім, берер түгім жоқ. Өзім үш күн бойы аш отырмын. Бәлкім, көршілеріме қонақтап кіріп шығарсың,а?
Алдар көсе: Е, абыржыма Байеке! Үйінде түгін жоғы жақсы болды ғой. Менің асты өзі пісіретін сиқырлы қасығым бар!
Бай: Сонда қалай?
Алдар көсе: Оп-оңай , алдымен отқа қазанды қойып , ішін мына қасықпен араластырып , дұға оқи берсең болды. Өзің байқап көресің бе? *Байға қасықты береді* Қасықты мықтап ұста да араластыра беріп былай де: Сиқырлы қасығым, маған керемет палау жасап бер. Тәтті болсын, дәмді болсын алақай , ақалай , мақалай! Дұғаны айтқан сайын көзінді міндетті түрде жұмып тұру керек.
*Бай көзін жұмады * Бай: Ақалай , мақалай !
Алдар көсе Бәйбішеге келіп
Алдар: Әй Бәйбіше бол тез! Ана қожайының