Қалдықтарды басқару


Өндірістік қалдықтар түрлері мен ерекшеліктері



бет18/73
Дата07.01.2022
өлшемі76,56 Kb.
#19222
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   73
Байланысты:
калдыктар сессия ответы

18.Өндірістік қалдықтар түрлері мен ерекшеліктері

Өнеркәсіп қалдықтары дегеніміз - өнім шығару кезінде пайда болған және бастапқы тұтыну қасиеттерін толық немесе ішінара жойған жартылай фабрикаттар, материалдар және щикізат қалдықтары; белгілі бір кәсіпорынның ақырғы өнімді өндіру барысында пайда болған барлық қатты, газ тәріздес және сұйық қалдықтар. Өнеркәсіп жыл сайын әр түрлі дәрежедегі ластанған ақаба суды төгеді, атмосфераға шаң және газ тәріздес қалдықтар шығарады, тау-кен өнеркәсібі үйінділерге аршыма таужыныстарын, сондай-ақ кондициялық емес кен жыныстарын үймелейді. Өнеркәсіп қалдықтары әр түрлі мақсаттарда 10-20%-дан аспайтын көлемде пайдаланылады. Қалған бөліктер бітіндеп жиналып қоршаған ортаны ластайды. Қалдықтар массасын қысқарту мақсатымен қайтадан пайдалану, ресурстарды үнемдейтін технологиялар және т.б. қолданылуда. Соңғы кезде биологиялық әдістер көмегімен адамға пайдалы өнімдерді алу әдістері мен жолдар жиынтығын биотехнология деп аталады.

Соңғы жылдары мемлекетімізге өндірістік қалдықтармен қатар тұтас тұрмыстық қалдықтардың көлемінің өсу үрдісі тән, бұл көбінесе өндірістің өсуіне, жаңа технологияларды әзірлеу, қалалық тұрғындар санының үздіксіз өсуіне және орауыш материалдар көлемінің өсуіне, қалдықтар құрылымының өзгеруімен байланысты.

Қазіргі уақытты ауа бассейінін ластаушылардың «негізі үлесіне» өнеркәсібі дамыған зоналардағы: жылу энергетикасы (жылу және атом электростанциялары, өнеркәсіп және бу жіберетін қазандықтар және т.б.), ауыр металлургия, түрлі түсті металлургия өндірістері, мұнай өндіруші, мұнай химия өндірісі және құрылыс материалдары өндіріс орындары жатады.

Сұйық және қатты отындардың жану процесінде атмосфераға құрамында толық жанған (көміртегінің қос тотығы және су булары) және толық жанбаған (көміртегі тотығы, күкірт, азот, көмірсутектер және т.б.) өнім түтінмен бірге енеді. Жану процесінен шығатын қалдық көлемі өте жоғары. Күштілігі 2,4 млн кВт болатын қазіргі заман жылу электр станциясы тәулігіне 20 мың т көмір жұмсап атмосфераға осы уақыт ішінде 680 т SO2 және SO3 , 120-140 т қатты денелер (күл, шаң, күйе), 200 т азот тотықтарын шығарады.

Қалдықтардың классификациясы келесі белгілер бойынша айқындалады:

• қалдық түзілу орны (өндіріс саласына байланысты);

• өндіріс циклінің кезеңі;

• қалдық түрі;

• қоршаған ортаға және адамға зиянды әсері;

• қолдану бағыты;



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   73




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет