14.Қатты тұрмыстық қалдықтар полигон түрлері
Облыс елді мекендеріндегі тұрмыстық қатты қалдықтардың біраз бөлігі арнайы салынған, санитарлық талаптарға сай 8 полигонда орналасады, Маңғыстау облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының мәліметінше, онда 2018 жылы 182 323 тонна қалдық жиналды, оның 22 871 тоннасы, немесе 12,5%-ы сұ¬рып¬талып, кәдеге жаратылды. Сондай-ақ тұтыну қалдықтарын жи¬нау полигондары Ақтау, Жа¬ңа¬өзен, Форт-Шевченко қа¬ла¬ларында, Бейнеу, Кұрык, Жеті¬бай, Шетпе ауылдарында, Қа¬лам¬қас кен орындарында орналасқан.
Қалдықтарды полигонға көму қалдықтарды жоюдың негізгі әдісі емес. Демек, қоқыстан құ¬ты¬лудың қосымша жолы қандай? Бұл – қоқысты өңдеу. Бұл тұр¬ғыда Жаңаөзен қаласында жыл¬дық қуаты 50 мың тонна қоқыс өңдейтін зауыт 2014 жылдың қыркүйек айынан бастап жұмыс істейді. Сонымен қатар облыста қалдықтарды бөлектеп жинаумен қазір 7 мекеме айналысады. Былтыр жылы Мұнайлы ауданы Басқұдық елді мекенінің іргесінде орналасқан «АқтауТазаҚала» ЖШС қуаты жылына 50 мың тонна қалдықтарды сұрыптау стансасын іске қосты және ата묬ған аудан¬да «Ақтау вторсырье» ЖШС тұрмыстық қат¬ты қалдықтарды сұрыптау және кәдеге жарату кі¬ші зауытын ашу мақсатында ар¬найы құрылғыларын орналастырды.
Қазір мемлекеттік эко¬логиялық рұқсат құжаттарын ре¬сімдеу ба¬ғы¬тында жұмыс істеуде.
Ақтау қаласында сынап¬құ¬рамды шамдар мен құрылғы¬ларды жинауға арналған арнайы 27 контейнер орнатылып, былтыр 65 853 сынап құрамды шамдар кәдеге жаратылды. Бұрын пайдалануда болған сынабы бар шамдармен жұмыс істеу қауіпсіздігін насихаттау және халықты хабардар ету жұмыстары жүргізілуде.
Достарыңызбен бөлісу: |