9.Қатты тұрмыстық қалдықтарды жою мен жинауды ұйымдастырудағы тәжірибелер
қалдықтар – өндіруші, тұтынушы және мемлекеттік серіктестіктің түпкі нәтижесі болып табылады. Сол себепті, себепші субъектілерге қоқысты жою мен қайта өңдеу тәсілдеріне қарым-қатынасын өзгерту қажет. Ережеге, қоғамдық қысымға, полигондардың және ресурстардың шекті болуына байланысты қазіргі уақытта әлемде ҚТҚ көлемін азайтудың әлемге белгілі алгоримы бар ол 4R деп аталады: қысқарту (reduction), қайта пайдалану (reuse), қайта өңдеу (recycling) және қалпына келтіру (recovery). Қысқартылмайтын,қайта пайдаланбайтын, қайта өңделмейтін және қалпына кемейтін қалдықтар жойылады (1- схема)
ҚТҚ көлемін азайтудың әлемге белгілі алгоримын қолданылуын келесідей түсіндіруге болады:
1. Мүмкіндігінше қалдықтарды азайту - бұл қолайлы нұсқаның бірі;
2. Егер қалдықтар пайда болса және іс жүзінде мүмкін болса, оны қайта пайдалану үшін барлық күш-жігерді жұмсау керек;
3. Қайта өңдеу қалдықтарды басқару иерархиясында үшінші нұсқа болып табылады. Қайта өңдеу ресурстарды үнемдеуге және қалдықтарды азайтуға көмектессе де, экономикалық және экологиялық шығындар қалдықтарды жинауға және қайта өңдеуге байланысты болады. Осы себепті қайта өңдеуді қысқартуға немесе қайта пайдалануға болмайтын қалдықтарға ғана қарау керек;
4. Ақырында, қысқартылмайтын, қайта пайдаланылмайтын немесе қайта өңделмейтін қалдықтардан қуаттарды шығаруға болады.
Эмпирикалық деректер бойынша, қалдықтарды қысқарту, өнімді қайта пайдалану, қайта өңдеу және экологиялық заттарды қолдануды жүзеге асыру арқылы бизнес шығындарын азайтуға және пайдасын арттыруға мүмкіндік береді. Шығындар үнемдеу келесі түрде болады:
- Қалдықтардыжоюдыңшығындарынқысқарту;
- Қалдықтардыкәдегежаратушығындарынқысқарту;
- Энергияшығындарынтөмендету;
- Материалдарменшығынматериалдарынүнемдеу;
- Нормативтікталаптарғасәйкестігінтөмендету;
- Сақтаушығындарыназайту;
- Қайтапайдаланылатынматериалдардысатуарқылышығындардыөтеу; - 4Rsтехнологиясынсатуарқылышығындардыөтеу.
ҚТҚ көлемін азайтудың әлемге белгілі алгоримы 4R (қысқарту (reduction), қайта пайдалану (reuse), қайта өңдеу (recycling) және қалпына келтіру (recovery)) мен жою (disposal) әр бөлігіне тоқтасақ.
Жою (disposal) - қысқартылмайтын, қайта пайдаланбайтын, қайта өңделмейтін және қалпына кемейтін қалдықтарды термиялық өңдеу. Олар арқылы энергия газы мен қоқыс газын алуға болады.
Қатты тұрмыстық қалыдықтарды қайта өңдеу және жою әдістерін таңдау мәселесін шешу кезінде климаттық, географиялық, қалалық жоспарлау жағдайларын, сондай-ақ қызмет көрсетілетін халықтың санын ескеру қажет. Әдісті таңдар алдында мына көрсеткіштерге көңіл бөлу керек – қатты тұрмыстық қалдықтарды жоюдың дәрежесі мен ұзақтығы, топырақ, су және ауаның ластану деңгейі, қолданылатын екінші ретті ресурстардың түрлері және т.б..
ҚТҚ-ды қайта өңдеу мен жою жұмысынын дайындау үшін қалдықтарды бірінші ретті өңдеу міндетті түрде жасалуы керек. Қалдықтарды бірінші ретті
өңдеу – алдын-ала дайындау, оның ішінде сұрыптау, бөлшектеу, тазалау жұмыстары болып табылады.
Қазіргі уақытқа 20-дан астам ҚТҚ жою және қайта өңдеу әдістері белгілі.
Әрбір әдіске 10 (жеке тұрғыда – 50) тәсілі белгілі. Олар мақсаты бойынша – қайта өңделетін және жойылатын болып бөлінеді.Ал, технологиялық принципі бойынша – механикалық, химиялық, термиялық, биологиялық болып бөлінеді.
Достарыңызбен бөлісу: |