ЖОО өрт қауіпсіздігі шаралары Өрт, жарылыс себептері Өрт шығу себептері:
- темекі тарту, от жағу кезінде өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтамау;
- қатып қалған су құбырларын, қысқы мезгілде іштен тұтану қозғалтқыштарын ашық отпен жылыту;
- газбен дәнекерлеу жұмыстары кезінде ережелердің сақталмауы;
- найзағайлардың электр разряды;
- үйкелістегі материалдардың статикалық электрленуі;
- электр тораптарының, қозғалтқыштарының артық жүктелуі, ақауы;
- тракторлар мен комбаиндарды пайдалану кезінде приборлар мен май құбырларынан май ағуы, құбырлар крандарының ақауы, карбюраторлар ақауы, коллектордың, жұмыс газы құбырының үстіндегі щиттің болмауы, қозғалтқыштың дыбыс бәсеңдеткіш-ұшқын сөндіргішінің ақауы, қолданылған сүртуге арналған материалдардың өздігінен жануы;
Өрт туралы статистика мәліметтері бойынша ірі өрт ошақтарының (50 %) мал шаруашылығы фермалары мен құс фабрикаларында болатынын және өсу қарқынын көрсетеді.
Өрт және апаттардың көпшілігі жылу генераторлары мен қазандардың автоматикасы ақауы салдарынан болады. Бұндай объектілердің көпілігінде өрттен автоматикалық қорғаныс құралдары мүлдем қарастырылмаған.
Өрт және жарылыс себебі бөлмедегі жанғыш шаң немесе талшық (ұсатқыштар, диірмен, витамин ұнын даярлау агрегаты) болуы мүмкін.
Өздігінен тұтану бірнеше заттардың өзара әсерлесуі нәтижесінде мысалы, аммиак селитрасы органикалық заттар қоспасымен, күкірт қышқылы калий және натрий хлорымен болады. Азот қышқылы ағаш ұнтағын, сабанды, мақтаны өздігінен тұтатады.
Аммиак, жарылыс қауіпті газ құйылған ыдыстардың, аппараттардың толық толтырылмауы үлкен қауіп туғызады. Сұйық үстіндегі кеңістікте сұйық температурасы жоғарғы, төменгі тұтану шегінде болғанда жарылыс қауіпті бу, газ қоспасы түзіледі.
Жану процесі Жану дегеніміз жанғыш зат пен тотықтырғыштың әсері нәтижесінде жарық, жылу бөліп шығаратын күрделі физика-механикалық әсерлесу процесі. Жану пайда болу үшін тұтату көзі, жанғыш зат және ауада 14 пайыздан жоғары оттегі болуы қажет. Оттегі жиынтығы 10 пайыздан төмендеген кезде жану процесі түтіндеп жануға алмасады.
Жанғыш заттағы температураның өзгеру графигі
Тұтату көздерін ашық (жалын, қызған нәрселер, сәулелер) және жабық (жылухимиялық реакциялар, микробиологиялық процестердің адсорбциясы, адиабаталық сығу, үйкеліс, соққы және т.б. жылуы). Жанғыш зат, тұтату көзі және тотықтырғыш өзара әсері жоқ жерде жану пайда болмайды. Өртті сөндіру мәні жану процесінің құрастырушыларының өзара әсерін тоқтатуда.
Жанғыш заттардағы температураның өзгеруін графикалық суреттеуге болады. tн tп температуралары аралығында жанғыш заттың балқуы, ыдырауы және булануы болады. tп температурасынан жоғары температура кезінде жанғыш заттың тотығуы басталады да, нәтижесінде жанғыш қоспа температурасы тез көтеріле бастайды. tвс нүктесінде жанғыш нәрсе (тұтастай жанбай) жарқыл шығарып от ала бастауы мүмкін. Соңында tвос нүктесінде жанғыш зат тұтанып, өздігінен тұрақты жана бастайды, нәтижесінде температура жану температурасына дейін көтеріледі. От алуы кезінде ашық отпен қыздыру кезінде жасақталып үлгерген жанғыш қоспаның бөлігі ғана жанады. Бұл кезде жану процесі жарқыл уақытымен ғана шектеледі. Жанғыш заттың одан әрі қызуы жанғыш қоспаның пайда болуын қыздыру көзін алып тастағаннан кейінде өздігінен жана беруге жеткілікті болатындай жеделдетеді.
От алу температурасы дегеніміз жанғыш заттың бетінде тұтату көзінің әсерінен ауада жарқыл беріп жанатын булар мен газдар пайда бола бастайтын ең төмен температура. Бірақ олардың пайда болу жылдамдығы одан әрі өздігінен жануға жеткіліксіз.
Жанғыш заттың ашық отты алып тастағаннан кейін де өздігінен әрі қарай жана бере алатын температурасы тұтану температурасы деп аталады. Бұл температурада жанғыш зат газдар мен буларды тұтату көзін алып тастағаннан кейін де тұрақты жана алатындай жылдамдықта бөліп шығара алады. От алу температурасы әрқашанда тұтану температурасынан төмен болады.
Жылудың жанғыш затты тұтатуға жеткілікті әсер ету уақыты (уақыт аралығы) индукция мерзімі деп немесе тұтанудың кешігу уақыты деп аталады. Индукция мерзімі ішінде жанғыш қоспа пайда болады.
Индукция мерзімі заттың тұтанғыштығына әсер етеді. Егерде жанғыш қоспаға тиген ұшқын (қызу) қоспаның тұтану температурасына дейін индукция мерзімінен бұрын (T1ин) салқындаса жанғыш қоспа тұтанбайды. Егер ұшқын (қызу) жанғыш қоспаның индукция мерзімінен (T2>Tин) ұзақ уақытта салқындаса қоспа тұтанады.
Жанғыш заттың өздігінен тұтану температурасы деп өздігінен қыза және жана бастайтын ең төмен температураны атаймыз. Мысалы, бензиннің өздігінен тұтану температурасы 255…3000С, ағаштікі - 3990С, ағашталшықты плита - 3450С.
Өздігінен тұтану температурасына байланысты жанғыш заттар екі түрге бөлінеді: өздігінен тұтану температурасы қоршаған орта температурасынан жоғары және төмен. Соңғысы қосымша қыздырмастан жанады, өйткені қоршаған орта арқылы өздігінен тұтану температурасына дейін қыздырылған болады. Оларды өздігінен жанатын заттар, ал жанудың пайда болуын өздігінен жану деп атайды.
Өздігінен жанатын заттарды үш топқа бөледі: ауаның әсерінен өздігінен жанатын (ағаш ұнтағы, торф, тас көмір, май сіңген сүрткіш материалдар), сумен әсерлескенде өздігінен жанатын (кальций карбиді, өшірілмеген ізбес), бір бірімен араласу нәтижесінде өздігінен жанатын (сығылған оттегі ортасындағы минерал майлар, азот қышқылымен ылғалданған ағаш жаңқалары ұнтағы).