отыр.
Айым: Ішім пысып кетті. Айханым да келмей койды ғой. Тамак пісіріп, үй жинағым
келмейді. Сабак оқуға да заукым жок. Оқудан кашып кетпеу керек еді. Дэріске койылатын балды
да жоғалттым. Агентке кірейінші, кім бар екен...
Дәл осы кезде телефон экранында «Мирас Байжуманов предлагает вам дружбу»
деген хабарлама шығады. Айым аң-таң.
31
13 №1 (3)
ДРЛМАТУРГИЯ
Айым: Мирас Байжұманов деген 1-сыныпта менімен бірге ауылда оқыган бала емес пе?!
Екеуміз бір партада отырушы едік...Әлі есімде, сондай сүйкімді бала болған. Фотосын
көрейінші, қазір кандай жігіт?... Бүл оның емес, менің сүйікті футболшымның суреті гой...Ол
сабақты да жақсы окушы еді. Мирастын үйі біздің көшеде болгандықтан, сабақтан соң үйге
бірге кететінбіз. Ой, балалық деген қандай күшті!!!
Ол маған неге «дружба» жіберді екен? Менін оның есінде болғаным ба? Әлде бүл кездейсоқ
жағдай ма? Не де болса қосайын.
Екінші сахна
Кітапхана. Студенттер кітап окып, семинарларын жазып, әңгімелесіп отыр.
Айым мен Айханым да солардын катарында.
Айханым: Айым, саған не болған? Кітапты теріс қойып оқитын болғансың ба? Бір
жүма болды агентте күні-түні отыратыныңа. Бүрын көп болғанда 10 минут «отошла» деп
отыратынсың, агентті жақтырмай. Агентте көп отырсам маған үрысатынсың, енді өзін
телефонға байланып қалғандайсың.
Айым: Жо-жоқ, бэрі дұрыс.
Айханым: Ендеше не болды? Біртүрлі болып жүрсің.
Айым: 1-сыныпта менімен бірге Мирас деген бала окыған, сол 1-сыныптан соң қалаға
көшіп кетті. Содан бері көрмеп едім. Өткенде ол агентте «дружба» жіберді. Қостым, бірақ өзі
мүлде көрінбейді.
Айханым: Е,сенің уайымың сол ма? Қазіргі агенттегі жағдай сондай. Жігіттер жібереді, біз
соған мэз болып косамыз. Олар біраз уақыт агентке шықпай, әдейі бізді қызықтырады.
Содан соң пайда болып, басыңды айналдырады. Бір-екі рет хат алмасқан соң «сүйемін,
күйемін» деп жазады. Сосын жердің түбіне түсіп кеткендей сені «игнорға лақтырады» да,
басқалармен коңіл көтереді. Сенікі де сондай жағдай болған ғой, кұрбым. Оған несіне бас
қатырасың.
Айым: Мирас олай жасамайды.
Айханым: Жаңа ғана ол бұрынғы сыныптасым, оны көрмегелі 10 жылдай болды дедің.
Оның қандай екенін кайдан білесің? Мүмкін, «агент бабнигі» шығар.
Айым: Олай деп ойламаймын.
Бұл кезде агентке караған Айым Мирастыц «онлайнмен» агентте отырганын көреді.
Айым: Шықты, шықты! Уррраааа!!!
Айханым: Не болды жерден жеті коян тапкандай куанып?
Айым: Мирас, Мирас агентте.
Айханым: Жаным-ау, сен танымайтын адамға ғашык болып қалғансың ба озі?
Айым: Жоға. Бірақ ол жазбай отыр.
Айханым: Айттым ғой, агенттегі жігіттер қулығы бұл.
Айым: Жазып жатыр. Не деп жазды екен... Привет!
Айханым: Тұра тұр, бірден жауап берме.
Айым: Мен «Сәлем!» деп жазып, жіберіп қойдым.
Мирас: Как дела?
4йым: Хорошо. Как у тебя?
Мирас: Отлично!
4йым: Ты меня помнишь?
Мирас: Извини, но нет
\йы м: Мы в первом классе вместе учились.
Мирас: Да? Тогда я рад.
4йханым: Айттым емес пе, оның есінде жоқ, ол кездейсоқ жіберген деп.
\йы м: Жарайды енді, ол кезде бэріміз бала едік.
Мирас: Где ты учишься?
32
ДРАМЛТУРГИЯ
Алашшыл жас
2013 №1 (3)
Айым: В ПГУ. А ты?
Мирас: Я тоже.
Осылай жазған соң Мирас «ошіп қалды». Айымнын коңілі сәл де болса орнына келді.
Үшінші сахна
Айым бөлмеде тамак пісіріп ж\'р. Мұнымен қоса агенттен де сонғы кездегідей көз
алмауда. Бөлмеге Айханым кірді.
Айханым: Айым, тамақ күйіп жатыр.
Айым: Ой, байқамай қалыппын.
Айханым: Қайдан байқайсың, телефонның ішіне кіріп кетердей боп түрсың. Тағы да
Мираспен сөйлесіп отырсың ба?
Айым: Иә.
Айханым: Сен оны көрмей жүріп ғашық болып қалғансың-ау деймін. Қашан кездесесіңдер?
Айым: Білмеймін.
Айханым: Сұрасайшы енді.
Айым: Когда встретимся?
Мирас: Незнаю.
Айым: Ол да «білмеймін» дейді.
Айханым: Айттым ғой. Осылай өздеріне ғашық етеді де, жоқ болады бүл жігіттер.
Мирас: Может сегодня увидимся?
Айым: Хорошо. Во сколько?
Мирас: Через час. В парке.
Айым: Договорились.
Тортінші сахна
Күзгі кеш. Айымныц саябақта Мирасты күтіп отырғанына жарты сағат болды.
Тақта жалгыз отырган кызға тесіліп қарап өткен жігіттердіц бэрін Мирас деп ойлайды.
Ол оныц түрін білмейді де. Мирастың аватаркасында футболшының суреті тұр.
Хабарласайын десе нөмірі де жоқ. Мирас та Айымның жүзін танымайды, себебі Айым
өзінің фотосын емес, Айшвариа Райдыц суретін койған еді.
Күн ұясына батып, айнала қара түске бояна бастады. Тек саябақ ішіндегі шамдар гана
сәуле беріп тұр. Осы кезде Айымнын жанына сүңғақ бойлы, әдеміше келген жігіт
жақындады.
Мирас: Привет! Ты же Айым?
Айым: Привет! Да. А ты Мирас?
Мирас: Так точно. Извини, что опоздал, я на заправке задержался.
Айым: Ладно, ничего. А как ты узнал меня?
Мирас: В парке только три девушки сидят одни. Одна беременна, другая курит. А так, как по
моему мнению ты не относишься к таким, значит третяя это ты.
Айым: У тебя хорошое размышление.
Екеуі осылай әцгімені бастап, екі сағат өткенін байқамай қалыпты.
Айым: Ой, уже 22:50. Мне быстро надо домой, иначе меня не впустят.
Мирас: Хорошо. Я тебя довезу.
Бесінші сахна
33
............ 1
ДРАМАТУРГИЯ
13 №1 (3)
Ай жарығы мен көше шамдарымен жарықтанып тұрған бөлме. Айым Айханымды оятып
алмас үшін сыкырлауық есікті сәл көтеріп ашып, аяғынын үшымен жүріп бөлмеге кірді.
¥йқы көзіне тығылып түрса да сан алуан ойлар маза бермеді.
Айым: Мен не істеп жүрмін? Соңғы кезде Мирастан басқа ештенені ойламайтын болыппын.
Ата-анама бүрынғыдай жиі хабарласпаймын. Сабақты ынтасыз оқимын. Үй шаруасына
қарамайтын болдым. Мирасты бүғін ғана көрдім, бірақ бүрыннан білетін адамым сияқты.
Онымен сөйлесіп жүрғен екі апта аралығында өзғерғендеймін. Неғе ол менің ойымнан шыкпай
жүр? Оған ғашық болып калған жоқпын ба? Жоқ! Тоқта, Айым! Бүлай болмайды. Сен күндіз-
түні Мирасты ойлауыңды қой. Оны танымайсың деуғе болады. Оған қоса, сенің үнататын
адамың бар. Ол - Арман. Бірақ оған өз сезіміңці айта алмай жүрсің ғой. Бүл қалай болғаны
сонда? Мирас па, Арман ба? Ойым не дейді? Жүрегім не дейді? Ойымда Мирас, жүрегімде
Арман. Енді не істеймін? Мираспен ара қатынасымыз не болады? Арманға сезімімді айтайын
ба? Бэрі қалай қиын еді... Қойшы, жарайды, не боларын уақыт өзі көрсетер. Екеуін де ойлай
бермей, үйықтайын. Ертен бірінші пара кафедра меңгерушісінікі. Оның сабағына кешігіп
барсам, оңбаймын...
Екінші акт
Бірінші сахна
Жатақхана есігінің алдына сары кілем төсеп қойгандай. Айналаныц бәрі де күзгі
рецкке боянған. Үйықтап қалған Айым есік алдына жүгіріп шықса, есік алдында
Арман түр.
Арман: Қайырлы таң, Айым! Үйықтап қалғансың ба?
Айым: Сәлем, Арман! Иэ, Нүржан Алпысбайүлының сабағына кешігетін болдым.
Арман: Сен естіген жоқ па едің?
Айым: Нені?
Арман: Ол іссапарға кетті. Бүгін болмайды. Е, сен кеше дәріске келмедің ғой, сондықтан
білмейтін боларсың. Айханым да айтпады ма? Айтпақшы, ол өзі қайда?
Айым: Уф-ф-ф-ф!!! Демек, оның сабағы болмайды ғой? Айханым үйықтап жатыр. Біз кеше
сөйлескен жоқпыз. Мен үйге кеш келдім, келсем ол үйықтап жатыр екен. Жаңа оятып едім,
түрмады.
Арман: Болмайды. Ол білген соң үйықтап жатқан шығар. Сен неге кеш келдің?
Айым: Танысыммен кездескем.
Арман: Түсінікті. Асыкпай университет жаққа эңгімелесіп барайық. Екінші параға дэл
барамыз.
Айым: Жарайды, жақсы. Кеттік.
Айым мен Арман жатақханадан университет жаққа бет алды.
Айым: Шынымды айтсам, Нүржан ағайдың сабағына барғым келмейді. Әр дэріс сайын
ананы, мынаны айтып бас ауыртады. Шаршап кеттім.
Арман: Өмірде көргені көп, зейнет жасындағы адам ғой. Сондықтан бізге үлгі, өнеге болсын
деген ниетпен айтатын шығар.
Айым: Өткенде қоңырау болса да демалуға жібермей қойды емес пе? Таңдау жайлы эңгіме
айтып. «Мамандық және жар тандауда қателеспеу керек» деді. (Сәл ойланып) Арман,
махаббат жайлы не ойлайсың, қандай жарды таңдар едің?
Арман: Махаббат - жан мен тэн сүлулығының үйлесімділігі.
Айым: Түрі онша емес, бірақ жаны сүлу адамдар бар емес пе?
Арман: Бар, келісемін. Алайда, оның бет-әлпеті эдемі болмаса, жанының эдемілігі рөл
атқармай қалады. Екеуі де бар адам ғана нағыз сүлу.
34
ДРАМАТУРГИЯ
Алашшыл жас
2013 №1 (3)
Айым: Ал сенің жеке өмірің калай? Сенің сүйгеніңнін де жан мен тэн сүлулығы үйлескен
ос?
В|
Арман: Әзірше ондай адамды кезіктірген жокпын. Мен мыңнан бірдің ғана каны сэйкес
келетін донор сиякты шығармын.
Айым: Айттым ғой, екі сүлулық сәйкескен адам сирек кездеседі деп.
Арман: Бірақ олар бар.
Айым: Жарайды, университетке келіп қалыппыз. Сабаққа барайық.
Арман: Жүр, кешігіп қалмайық.
Екінші сахна
Арман, Айым, Айханым үшеуі жатакхана жакка кетіп барады. Алдарынан
Мирас шығады.
Мирас: Привет!
Айым: Привет! Познакомтесь, мои друзья - Айханым и Арман.
Мирас: Мирас! Айым, можно с тобой поговорить, если ты не против.
Айханым: Біз де кеткелі түрғанбыз. Жүр, Арман, кеттік.
Айханым Арманды алып кетеді.
Арман: Бүл Мирас деген кім?
Айханым: Айымның бүрынғы-ы-ы сыныптасы, агент аркылы тауыпты. Біздің қыз соған
ғашық болып қалған сияқты.
Арман: (таңданыспен) Не?
Айханым: Арман, шыныңды айтшы, Айымды үнатасың ғой?
Арман: Иэ
Айханым: Енді неге оған осыны айтпайсың?
Арман: Білмеймін, батылым жетпей жүр.
Айханым: Арман, сен қанша кыз іздесең де Айымнан артық қыз таба алмайсың. Егер өз
сезіміңдеріңді жуық арада ашық айтпасаң, оны жогалтып аласың.
Арман: Түсінемін, бірақ ол менің бетімді қайтарады деп қоркамын.
Айханым: Негізі, Айымга айтпауға уэде бергенмін, алайда айтпасам болмайды. Айым да
сені үнатады. Сен жігітсің ғой, алғашқы қадам жасасаң, Айым сені қабылдайды.
Арман: Білмеймін, не істерімді білмеймін. Басым қатты.
Айханым: Жарайды, мен дүкенге кеттім. Сен жақсылап ойлан. Менің сөздерімді үмытпа!
Арман: Көріскенше! Кеңестеріңе рахмет!
Үшінші сахна
Кеш болып қалды. Айым әлі келген жок. Айханым уайымдай бастады.
Телефонына жауап бермейді. Осы кезде дәлізден аяғын шапшаң басқан адам даусы
естіледі.
Айханым: Келдің бе, эйтеуір? Қайда болдың? Уайымдадым гой. Қоңырауға неге жауап
бермейсің?
Айым: Мираспен бірге жүріп қайттым. Қорықпа, аландайтындай ештеңе жоқ.
Айханым: Шынынды айтшы, сен оны үнатасың ба?
Айым: Білмеймін, мүмкін.
Айханым: Ал Арман ше? Сен оны үнатушы едің ғой?
Айым: Оның тарапынан ешкандай әрекет жок. Мен өзім оның алдына барып: «Мен сені
сүйемін!» демеймін ғой. Тэкэппарлық бар дегендей...
Айханым: Ол сені үнатады, мен білемін.
35
шшыл жас
13 №1 (3)
ДРАМАТУРГИЯ
3
Айым: Ұнатса, айтушы еді.
Айханым: Айтатын шығар.
Айым: Білмеймін, бірак бұдан эрі «ол кашан айтады екен?» деп күтіп жүргім келмейді,
жүрмеймін де.
Айханым: Не дегің келіп түр мүнымен?
Айым: Бүгін Мирас «мен сені сүйемін, менің сүйіктім бол» деді.
Айханым: Сен оган сеніп калдың ба?
Айым: Шын ниетпен, пәк көңілмен айтқандай болды.
Айханым: Сен не дедің?
Айым: Келісімімді бердім. Бүгіннен бастап менің басым бос емес!
Айханым: Айым, бүның не? Қалай ғана келістің?
Айым: Одан басқа амал болмады.
Айханым: Арман не болады енді?
Айым: «Өзің сүйгенді емес, сені сүйгенді ал» деген соз бар емес пе?!
Айханым: Сен Арманды үмыту үшін Мирасқа келісім бердің бе сонда?
Айым: Иә. Жігітсіз жүргім келмейді.
Айханым: Дегенмен, Мирас екеулерін екі бөлек адамсыңдар. Басқасын айтпағанда, сен
үлтжанды қазақ қызы емес пе едің? Мирасың болса бір ауыз казақша білмейді. Енді сен
тіліңді бүрап, онымен байланыс орнату үшін орысша шүлдірлегеніңді жалғастырмақпысың?
Патриоттығың қайда кеткен?
Айым: Махаббат оған қарамайды екен.
Айханым: Қайдағы махаббат? Жаңа ғана Мираспен Арманға деген сезіміңді үмыту үшін
жүргеніңді айтпап па едің? Махаббат дейді ғой енді.
Айым: Қайта жаксы. Оған қазақша үйретіп, ана тілін білетін азаматтар қатарына қосамын.
Айханым: Саған айтарға сөзім жоқ. Артык айтсам, ренжіме.
Айханым есікті тарс жауып, шығып кетті. Айым күрбысынын сөздеріне ойланып
қалады.
Айым: Мүмкін Айханымның сөздері дүрыс болар. Мен қателесіп жүрген шығармын. Арман
мені шынымен үнататын болса, неге айтпайды? Әлде өзім білдірейін бе? Жоооқ. Мен қызбын
ғой, қалай бірінші болып айтамын? Оған қоса, оған үнататынымды айтам деп досымды
жоғалтып алсам қайтемін? Жэне бүгіннен бастап менің жігітім бар. Арманға жігітім бол түра
сезімдер жайлы айтқаным дүрыс емес. Сосын Мираспен қатынасым қалай болады? Оны
жоғалтқым келмейді. Туф-ф-ф. Екі оттың арасында калғандай болдым-ау...
Төртінші сахна
Студенттер аудиторияда дәріс тыңдап отыр.
Нүржан Алпысбайүлы: Әубэкірова Айым
Нүржан Алпысбайүлы: Әубэкірова Айымбар ма?
Айханым: Бар, ағай, бар. Айым, неге жауап бермейсің?
Айым: Осындамын, ағай.
Арман: Айым, саған не болған? Әлде үйқың қанбады ма?
Айым: Жақсы үйықтадым.
Арман: Ендеше неге көңіл-күйің жоқ?
Айым: Жігітім ауырып қалды, соны уайымдап отырмын.
Арман: Недейсің?
Нүржан Алпысбайүлы: Мейрамов, Әубәкірова, тыныш. Дэріске бөгет жасамаңдар.
Арман: Кешіріңіз, ағай.
3 6
ДРАМАТУРГИЯ
Алашшыл жас
2013 №1 (3)
Арманның өңі бозарып, тұнық ойдын жетегіне кетті. Құдды біреу үстінен мүздай
суды күйып жібергендей болды. Денесі қалтырап, дірілдей бастады.
Айханым: Арман, қалайсың? Ауырып отырған жоқсың ба?
Арман: Жоқ
Арман іштей өзін кінэлап, өкініп отырды.
Арман: Ауырып отырмын, жүрегім ауырып отыр. Айымның сүйіктісі бар екен. Ол кім? Мирас
шыгар. Оның қандай қасиеті бар кызығатын? Неге оған ғашық болып қалған?.. Мен неге
Айымды кэнілап отырмын осы? Бар ағаттықөзімнен. «Қолымды мезгілінен кеш сермедім»... Өз
сезімімді айтуға батылым жетпей жүргенде уысымдағы бақытты басқа біреу жүлып әкетті. Ал
мен болсам, болашағымды Айыммен байланыстырып, армандап жүрмін. Тым кеш... Қазір
Айымға оны үнататынымды айтсам, екеуінің обалына қаламын. Айым мен Мирас бір-бірін шын
сүйетін болар. Онда неге Айханым «Айым да сені үнатады» деді. Мүмкін ол әдейі айтты.
Әйтпеген жағдайда, Айым мені үнатса, Мираспен жүрмес еді.
Айым: Мәссаған, мен не бүлдірдім? Арманга жігітім бар дедім. Бірак, барлығын өзінен көрсін.
Қашанғы оның үсынысын күтіп жүремін? Шыдамым таусылды. Мені үнататын, бағалайтын
адам бар екенін білсін. Ал, мүмкін, Арман мені мүлде үнатпайды. Жоқ, оның маған деген
ерекше бір сезімі, ықыласы бар сияқты. Сеземін. Ендеше неге жүмған аузын ашпайды. Жігіт
деген ширактыктанытып, кызға бірінші болып өз сезімін білдіруші еді. Арманда ондай жоқ.
Екеуі де өздерінше осындай терең ойға шомып, дәріс аяқталғанын да сезбей
қалыпты. Нүржан Алпысбайүлының «Дәріс аяқталды, боссыңдар» деген созі оларға
оятқыш даусындай болып, аудиториядан шықты.
Үшінші акт
Бірінші сахна
Студенттер аудпторпяда дәріс тыңдап, үйқылары келіп, маужырап, конырау үнін асыға
күтіп отыр. Стипендияны тагатсыздана күткен сәттегідей күй кешуде. Міне, коптен
күткен дауыс та естілді. Қоңырау... Қандай керемет! 15 минут үзіліс студенттерге омірдін
ең тәтті уақыты сынды. Аудитория іші у-шу. Бәрі үйқылары келіп тыңдаган дәрісті
талқылауда. Нүржан Алпысбайүлының жастар жайлы айтқан мәселелері де
ойланарлық. «Еліміздің болашагы сендердің қолдарыңда. Сабакты дүрыс окып, дәрісті
жазып, тапсырмаларынды орындап жүрсеңдер мамандықтарыңа лайық білім
аласыңдар. Жоғары, сапалы білімді қызметкер ретінде аянбай еңбек етіп, оған қоса
әрбірің отау қүрып, ата-ана атанып жатсаңдар мелекетіміздің дамуына үлкен үлес
қосасыңдар» дейді. Осыған қатысты да жан-жақты пікірлер айтылып жатыр. Осы кезде
олардың әңгімесін есіктен көрінген бір шок раушан гүлдері бүзды. Барлығынын көңілі
соған ауды.Сәлден соң гүл әкелушінің өзі де көрінді.
Мирас: Айым, жаным! Сегодня нашей дружбе месяц. Но слово «дружба» слишком простое.
Точнее говоря, прошло 30 дней с того момента, как сказал тебе о своей любви. Я каждый день
говорю об этом и хочу повторить еще раз, я тебя очень сильно люблю!
Айым: (сәл танданып түрған соң) Рахмет, үлкен! Я не ожидала, спасибо!
Бэрі шапалақтап, мәз-мейрам болды. Қыздар қызыға да, қызгана да қарады.
Жігіттер Мирастың бүл әрекетіне тәнті болды. Тек Арман ғана оцаша, шетте түрып
қалды.
Арман: Қарашы, Айым қандай бақытты. Оның мөлдіреген жанарынан куанышы анық
көрініп түр. Ылғи ақжарқын болып жүретін жүзі одан сайын балбүл жанды. Дидарында әсем,
ерке күлкісі... Оны осыншама бақытты күйге жеткізген Мирас молодец! Менің қолымнан осы
іспеттес қадам жасау келмеді. Өкінішті-ақ... Бірақ бүл өкініш мен үшін ғана. Жарайды, екеуін
кұттықтайын, әйтпесе ыңғайсыз болар.
37
13 №1 (3)
ДРАМАТУРГИЯ
-і
Айым, құттықтаймын! Сен кандай болсын сыйға лайықсын. Мирас, нағыз ер азаматсын!
Бақытты болыңдар!
Мирас: Үлкен рахмет!
Сабақтыи басталғаныи білдіретін қоцырау соғылды. Аудиториядағы студенттердің
қуанышты, жарқын жүздері бірден өзгеріп, шаршаңқы кейіике айналды. Мирас
сабағына асығып кетті.
Екінші сахна
Айханым мен Айым бөлмелерінде отыр. Айым кітаптан бас алар емес, Айханым болса
тырнағын бояп, сәнденуде.
Айханым: Айым?
Айым: О не?
Айханым: Мирас жаман жігіт емес сияқты. Бастапқы кезде ол жайлы ойлаған пікірлерімнен
бас тартамын! Оның сені сүйетіні көрініп түр.Тіпті, сен үшін көп жылдар бойы білмеген ана
тілін де үйреніп жүр. Ап бүгін саған әкелген гүлін айтсаңшы! Қандай керемет! Неткен
романтика!
Айым: Иэ, солай сияқты.
Айханым: Неге коңілсізсің? Әлде әкелген раушан гүлінің үлке-е-е-н шоғы үнамады ма? Мен
сенің орныңда болсам, бақыттан басым шыр айналып, сол жерде қүлап қалар едім.
Айым: Қойшы,сенде асырасілтейсің. Гүл үнағанда қандай,тамаша! Мәселеондаемес.
Айханым: Енді неде?
Айым: Қанша «Мирас» деп жан үшырып жүрсем де Арманды үмыта алар емеспін. Жүрекке
эмір жүрмейтіні рас екен. Оны оп-оңай шығарып тастай алмаймын.
Айханым: Айым, бір шешімге келгенің дұрыс болар. Таңда, Мирас па, әлде Арман ба?
Айым: Қалай?
Айханым: Олардың жақсы жэне жаман жақтарын жазып, есептеп, сараптап көр. Кәне, тезірек,
қағаз бен қалам ал.
Айым: Ойланып көрейін.
Айханым: Ойланатын несі бар, тез жаз.
Айханымныц қағазында мынадай жазу болды
Арман
Мирас
Адамгершілігі бар+
Адами қасиеттері жақсы+
Ақылды +
Білімді+
Дүниетанымы кең+
Қазак тілін жетік білмейді -
Сөздік қоры бай+
Орыс жэне ағылшын
тілдерінде жақсы сөйлейді +
Корікті +
Әдемі+
Сымбаты жаксы+
Дене пішімі жақсы+
Арақ ішпейді+
Арақ ішпейді+
Темекі шекпейді+
Темекі шекпейді+
Мені сыйлайды+
Мені сүйеді+
Достарыңызбен бөлісу: |