Алдшңа барсам » «Қаш ан$кайьі ң жетеді жаі?»


Алашшыл жас 2013  №1  (3)



Pdf көрінісі
бет2/8
Дата21.03.2017
өлшемі1,95 Mb.
#10086
1   2   3   4   5   6   7   8

Алашшыл жас

2013  №1  (3)

Мұңайып:  «Үркер аға, қыспа, -  деді, -  

Мен сорлы аяк-колым қысқа, -  деді,

Біз-дағы ай астында жүрғен жан ғой,

Тен қылып өзіңменен үста»,- деді.

Жіберді Үркер сонда ызғар төгіп:

«Ақымақ, кет, шық»,- деді үрсып-сөгіп.

Әлдімен арпалысар элді  қайсы,

Қүлады жымдай болып жерге шөгіп.

Өлеңде эрі  карай көшпелі бүлт Үркердің қаһарынан «жерге шөгіп» қана қоймайды, одан 

сайын қиындықтарға тап болады:

Жатпады жерде тыныш тағы да аман,

Суытты Үркер катты онан жаман.

Көк долы сатыр-сүтыр боран соғып,

Сары аяз быт-шыт қылды тарам-тарам.

Әр жерде әр қайсысын бір жел қуып,

Көз жасы көлдей болып бетін жуып.

Кыс алты ай, жаз алты ай деп айтушы еді,

Түтас қыс болып кетті жазы суып.

Ә.Бөкейхановтың «Төртінші дума һэм қазақ» /«Қазақ»,  1913, №19/ деген мақаласындағы 

«Өткен  11-нші июньде думада переселен управлениесінің шығынын карады. ...Волков сөйледі: 

«...Қазақтың  жерден  кысылған  белгісі  міне:  казақ  өзі  ботен  жаққа  переселен  болып  коше 

бастады...» деген  мэліметтер  «Әр  жерде  эр  қайсысын  бір жел  қуып» деген  ақын  сөзін растай 

түседі. Ә.Бокейхановтың осы мақаласындағы «...1908-нші жылдағы граф Пален Түркістандағы 

істерді тексергенде жазған еді:  «қазаққа артық жер деп қалдырғаны тастақ, татыр ащы, сортаң 

жер,  осы  зорлыққа  коніп,  мінез  шығармай  тыныш  отырғаны  қазақтың  момындығы  дүнияда 

жоқ»  деп.  Осы  сөз  сенатор  граф  Пален  сөзі...»  деген  Баку  депутаты  Жағфаровтың  сөйлеген 

сөзінен  берілген  үзіндіден  IV Думаға дейінгі,  яғни,  1908  жылдардағы  казақгардың  көнбістігі 

аңғарылып  жатса,  ал  1912  жылдардан  кейін  сол  переселендердің  қазақтың  момындығын 

басынғаны  соншалық тіпті  оларды  өз жерінен  қуып  жатқанындығын  жоғарыдағы  Волковтың 

сөзінен байқаймыз.

Жалпы, жер мэселесі жөнінде Төртінші Думада қаралған жобалар мен бекітілген заңдар 

қазақтардың  көңілінен  шықпады.  Тозімі  таусылған  жергілікті  халықтардың  үкімет 

органдарының жүгенсіз  озбырлығына қарсылық көрсете бастағаны тарихтан да  мэлім.  Тіпті, 

архив  деректерінде  орыс  қоныс  аударушыларына  қарсылық  көрсеткендері  үшін  сотқа 

тартылған тізімдердің ішінде ер адамдармен бірге эйелдердің болғандығын растайтын айғақтар 

да кездеседі.  Бүларды, эрине, тарихшылар арнайы зерттей жатар, бізге керегі сол дүмпулерден 

кейін  казақ даласында  «Көк  долы  сатыр-сүтыр  боран  соғылғаны»,  көшпелі  қазақты  «тарам- 

тарам  быт-шыт қылған  сары  аяздың»  бейнесі.  Патша үкіметінің жер саясатына  карсы  шықты 

деп үғынған орыс отаршылдары, әсіресе,  қоныс аударушылар органдарының «коз жасы көлдей 

болған» сорлы казақтарға түсінікпен карамайтыны бесенеден белгілі.

Қыскасы,  «жазы  суып,  түтас  қыс  болып  кеткен»  ел тағдыры  Сүлтанмахмүтты  бей-жай 

қалдырмады. Ақыннын «кешегі түсін» осылай жорыдық.

(жалгасы бар)

Сакыпжачал  Әлімтаева, Фариза  Адылбекова

Қазақ  фіиіологиясы және әлем  тілдері 

факулыпетінің  4-курс  студенттері

9


іашшыл жас

013  №1  (3)

тптттъ лшжгшшя өдгтшт

«Қашан, қайыц, жетедіжаз?»

Мағжан Жұмабаев -  ұлт жанашыры, алаш кайраткері. С.Мұкановтың сөзімен айтқанда, ол

-   акынның  акыны.  Расында  да  Мағжан  Жұмабаевтың  өзіндік  бітім-болмысы,  таланты  мен 

табиғаты  баска  акындардан  болек.  Оның  махаббаттың  нэзік  күйін  шертер  сыршылдығы  мен 

табиғатты  өрнектейтін  суретшілдіғі, 

болашағы  бұлдыр  карапайым  казағының  оянуына, 

сілкінуіне түрткі болған ұлттык рухтағы өлеңдері ақындық өнерін асқақтататыны белгілі.

Әсіресе, Мағжаннын табиғатты суреттеудегі ұтқырлығы ерекше назар аудартады. Онда да 

бізді  қоршаған  орта,  тау,  дала,  орман-тоғай,  қайталанып  келетін  төрт  мезгіл  көріністерінен 

бөлек,  ел,  заман  бейесін  алуан  түрлі  табиғи  құбылыстармен  ұштастыра  отырып  суреттеуі. 

Ақынның  осындай  күрделі  туындыларының  қатарына  «Толқын»,  «Қайың»,  «Қыскы  жолда», 

«Жазғы жолда»,  «Сен», «Жел», т.б. өлеңдерін жатқызамыз.

С.Мұқанов «XX ғасырдағы казақ әдебиеті» (1932) деген зерттеу еңбегінде «Мағжан кеңес 

тұсына дейін жазған өлеңінде не айтатыны ашык көрінетін еді. Октябрьден кейін ол «Қайың», 

«Толқын», «Жел», «Сең» деген сияқты жұмбақтармен өзінің іштегі жарасын сыртқа шығарып 

жүрді.  Кейбіреулер  бұлар таза табиғатты  суреттеген өлеңдер,  онда түк те саясат жоқ дер.  Рас 

табынан  адасқан  адамда,  коғам тұрмысынан қол  сілтеп  шығып,  табиғат коркемдігіне бас  иіп, 

соған сәжде қылатын ақындар болады. Мағжанда да осындай өлеңдер бар, көбінесе, табиғатты 

суреттеген өлеңдерінің ішіне ретін келтіріп, астарлап большевиктің өзі ұнатпайтын бір мінезін 

енгізіп  отырады.  Большевиктің  қолынан  өлген  «алашын»  Магжан  қалай  тірілтуді  ойлайды. 

Олай  салыстырады,  былай  салыстырады,  ешбірінің  реті  келмейді»  деп  аса  көрегендік 

танытады.  Өлеңдерін  талдауда  эр  созінің  астарына  зер  сала  үніліп  зерттеген  С.Мұқанов 

Мағжанның негізгі айтпақойын елден бұрын сезген.

Мағжан Жұмабаевтың «Толқын» өленіне назар аударсак,

Толқыннан толқын туады,

Толқынды толқын қуады,

Толқынмен толқын жарысад,

Күңіреніп кеңеспен,

Бітпейтін бір егеспен,

Жарысып жарға барысад,- 

деп  өзі  көрген  замана  келбетін  табиғат  көрінісі  арқылы  суреттейтін тэрізді. 

Ақынның


«Шығармалар»  жинағының  /1995/  «Түсініктерінде»  осы  өлең  туралы  «Толқын»  -   ақын 

репрессияға ұшырарда кінэ етіп тағылған өлеңдердің бірі көрінеді. «Толкыннан толқын туады, 

толқынды  толқын  қуады,  толқынмен  толқын  жарысад»  деген  қуатты  өлең  жолдарының 

астарында қоғамға қарсылық бар деген айып тағылған» (244-6.) делінген.

Сондай-ақ акынның «Толқын» өлеңі туралы З.Әкімжанов «Қазак жырының пайғамбары» 

деген  мақаласында  «Оның  коптеген  жырларын  замандастары  дұрыс  аңғармай,  яки  астарын, 

ішкі серпінін сезіне алмай, бұрынғы қарапайым қалыптан асып кеткен жаңашылдык үрдісін үға 

алмай... соның салдарынан «Толқын» өлеңініңтонын айналдырып :

Иваннан Иван туады,

Иванды иван қуады.

Екі Иван төбелесіп,

Бір Иван құлады» -

деген саяси пародиямен Мағжанды ұрып жығады. Сонда өңі теріс бүрмаланған өлеңнің астары 

«Мағжан толқынды  емес,  орысты  мазақ қылып  жазып  отыр.  Міне,  бұл  өленде осындай  астар 

бар» деген пасық пиғылды бықсытып, отқа май құяды» деген пікір білдіреді.

УО


вщшшт

Алашшыл жас

2013  №1  (3)

Бұл арада акын тек табиғаттың өзін ғана жырға косса, онда эңғіме бөлек. Қалай болғанда да 

акын өлеңінен саяси астар іздеушілер- Мағжанның козін көріп, ісіне куэ болған замандастары. 

Сондыктан  олардың  сөздерін  де  мүлдем  жокка  шығаруға  болмайды.  Өйткені  замандастары 

акынның  накты  не  нэрсені  меғзеп  түрғанын  дөп  басып  айтпаса  да,  әйтеуір  өлең  астарында 

жасырын  сыр  жатканын  сезеді.  Біз  де  осы  өлеңнің  астарында  не  жатқанын  білуғе  тырысып 

көрейік. 

Мағжанның  осы  олең  жолдарын  окығанда  алдымен  уақыт  өлшемін,  омір  ағысын 

көсеткен үлы Абайдың:

Алдыңғы толқын ағалар,

Кейінгі толқын інілер,

Кезекпенен олінер 

Баяғьщай корінер, -

деген  сөздері  ойға оралады.  Мағжан да өтпелі  екі  толқынның қимыл әрекетін  сөз етеді.  Өлең 

сырына  байыппен  қарасақ,  жарысқан  толқындар  эдебиеттегі  екіге  жарылған  топтар,  яғни, 

алашшыл  жэне  төңкерісшіл  болып  бөлінген  акын-жазушылар  сияқгы.  Бастаиқы  уақытта үлт 

мүддесі үшін бірдей көзкарастағы казақ зиялылары заман өзгеруіне қарай іштей бөлініп, сөйтіп, 

«толқыннан толқын туылады». Олар туралы жазылған ғылыми еңбектер мен тарихи деректерге 

сүйенсек,  эдебиет  мэселесінде  олардың  «бітпейтін  бір  егеспен»  озара  айтысып-тартысканы 

тағы да белгілі. Айналып келгенде жарысқан екі «толқынның» барар «жары» да, қүяр сагасы да 

бір.  Яғни,  «жары»  -   халықгың  мүң-мүқтажын,  мүддесін  көздейтін  қазақ  эдебиетінің  өзекті 

мэселесі. Ал «жарына бал беріп түрса да өлетін» толқыны алашшыл ақын-жазушылар еді. Сол 

кездегі  кеңестік  коғам алашшыл  ақын-жазушылардың ашық айтып, еркін  жазуына мүмкіндік 

бермеген  соң  Мағжан  оларды  «өледі  толқын,  тынады»  демей  не  десін.  Мүны  түсінген 

С.Мүқанов «...өлген «алашын» Мағжан қалай тірілтуді ойлайды» деп көрегендікпен дэл айтқан 

екен.  Жалпы,  Мағжан  Жүмабаевтың  ұлылығын  сезіп,  олеңінің  мэнісін  дұрыс  ұғынған  эрі 

«байшыл-ұлтшыл» деп қаралай отырып ақтаған Сэбит Мұқанов та ұлы тұлға.

Өлеңнің он бойынан байқайтынымыз, бір-бірімен сылық-сылық күліп сырласқан, сырын 

ашқан,  бірде арпалыса жарысқан, буырқанган алып үлкен толкындармен жанталаса қалыспай 

бара  жатқан  кішкене  толқындарды  көз  алдыңа  әкеледі.  Тоңкерісшіл  қауымның  білімі  мен 

шығармашылық  таланттары  ол  уақытта  алашшыл  ақын-жазушыларға  жетпейтіні  бесенеден 

белгілі.  Бірақ та  ақын  кішкене  «толқындардың»  алып  «толқындардан»  қалыспай  шыңдалып 

жатқанын  да,  олардың  бір-біріне  сыр  ашып  сырласатынын  да  жасырмайды.  Алайда  олардың 

бірігуіне,  ортақ  байланысуына  кедергі  болатындай  арасында  үлкен  қорған  барын  ешкім  де 

жоққа шығара алмайды. Мағжан өлеңінің сырын біз осылай түсіндік.

«Қайың»  өлеңі  де  ақынның  ішінде  тынған  қайғы-мұңынан  сыр  шерткендей. 

Отаршылдықтың  зардабы  өтіп,  ауыртпашылықтан  бас  ала  алмаған  ел-жұртының  бейнесін 

«үскірік аязда ызғарлы жел соққысынан дірілдеген, сыбырласып күбірлеген, еңкейген қайғылы 

қайыңға» балап тұрғандай.  Осы  олеңі  аркылы Мағжан ұпт тағдырын бедерлегені сөзсіз.  Олай 

деуіміздің басты себебі мұнда ақын:

Қашан, қайың,

Жетеді жаз? -

деп кайың арқылы өз арманын білдіргісі келеді. Яғни, «Қашан, казақ, жетеді тэуелсіздік?» дегісі 

келеді. Жалпы, кай алашшыл ақын болмасын олардың тұспалды өлендерінде кездесетін «жаз» 

сөзінің ұғымы -  ел бостандығы мен бақыты. Өйткені тамыры тереңге тартылған ерікті ұлт болу 

барлык алашшыл акындардың ізгі арманы еді.

Үскірік аяздағы ызғарлы жел, долы боран бейнелері ақынның «Қысқы жолда» өлеңінде де 

кеңінен орын алады.

/ /


 

т іш т п  



аш л гп ш ш

 ә щ т т т

Ызғарлы жел долданып,

Екі иінінен дем алып,

Ішін тартып оскырып,

Кейде қатты ысқырып...- 

дей келіп, эрі карай ызғарлы жел біресе аңдай ұлып, біресе екі санын шапақтап сақ-сак күледі. 

Кейде кенет баяулап,  аузы-басы жыбырлап, жер жамылған қарды қүшып «Әпсүн» оқығандай 

улейді. Өлен соңында акын:

Сар далада адасып,

Суық кебін жамылып

Қаларын кім біледі?-

деп лирикалық кейіпкер тағдырын жүмбақ күйінде қалдырады.  Бүл күбылысты «Жылқышы» 

өлеңінен  де  аңғарамыз.  Екі  өлеңде  де  ақын  отаршылдықты  долы  боранға  балағандай.  Яғни, 

дүлей боран лирикалық кейіпкерлердің зэре-күтын, ақыл-есін қалай шырмаса, отаршылдықтың 

кұрығы да халықгы солай езгілейді. «Жылқышы» олеңінде ақын боран сияқты сүрапыл күндер 

қ а ш а н ға   д е й ін   с о зы л а р   ек ен ,  тү б і  не  болар  екен  д е ге н   о й га  б а т қ а н д а й . 

Алас ұрып, ісініп,

Есі кетіп жығылып,

Есіл ер үсіп өліп пе?-

дегенде  де  аты-жоні  сұраусыз,  сүйегі  комусіз  қалған  қаншама  адамдарды  еске  алғандай.  Ол 

кезде бұратана халық деп қазақ халқын мүлдем көзге ілмей, атып өлтіріп кетсе де заңды сұрауы 

болмағаны белгілі. Соны көріп отырған ақын қатты ашынады:

Басында өлсе сайғақ жоқ,

Өліміне айғак жок,

Жылқышы күйі не күйде?

Осылайша өлең жолдары «бейшара халқымның болашағы не болмақ,  бүл боран қашанға 

дейін  жалғасады,  айығатын  күн  бар  ма?  Әйтеуір  түбі  қайырлы  болса  екен»  деген  оймен 

аяқталып, болашақтан үміт күткен ақын мұңы жаңғырғандай.

«Қысқы жолда» өлеңінің «Жазғы жолда» өлеңімен де ұқсастығы бар. Яғни, екі өлеңде де 

жалғыз  жолаушы  табиғатпен  алысып,  өлімге  қарсы  тұрып  арпалысқандай.  Табиғат 

құбылыстарын суреттейтін ақынның «Жазғы жолда» өлеңі туралы С.Мүқанов «XX ғасырдағы 

қазақ эдебиеті» деген зерттеу еңбегінде «Дала» деп береді.  Онда бұл өлең туралы «Бұл олеңді 

жаяу жүргенде, кең даланы көріп жаза салған деуге бола ма? Әрине, әдебиеттен аз саңлауы бар 

адам дей алмайды. Неге жапан түзде, жолдассыз жаяу қалдым деп отыр дейсіздер? Әрине, саяси 

жолынан жазып қалғандыктан жазып отыр» деген пікір білдіреді.

«Жазғы жолда» шынымен де философиялық мэні жоғары өлең еді. Неге ол жалғыз, жаяу 

келеді? Негізінен бүл шығармада акын өз қоғамына деген көңілі толмаушылығын астарлы түрде 

жеткізгісі  келеді.  Рас,  мұнда  ақын  жалғыз  қалады.  Себебі  ақынның  үніне  үн  қосар  жан  жоқ. 

«Созылып ұйықтап жатар белі» -  оянбаған елі. Оянса да қозғалуға шамасы жоқ.

Д ал а- өлік. Жоқ бір үн.

Жер де жатыр тұншығып...

Осылайша, ақын өлік тэрізді даласының, яғни, қамсыз жатқан ел-жұртының оянуына ниеті 

жоқтығын көріп қиналады.

Айнала -  өлім, ешбір үн...

Жапан түзде жалғызбын.

Перісі неге келмейді?...

Денесі аппақ, жаланаш,


тш яш х т т г і ғ ш ж  вдпвшт

Алашшыл жас

2013  №1  (3)

Көкпеңбек көз, сары шаш 

Сак-сақ неге күлмейді?

Ақын «көкпеңбек көз, сары шаштының» сақылдап күлгенін қалап түр ма? Жоқ, керісінше, 

кеудесінде оган деген ашу мен ыза, кек кайнайды.

Аңсап есім жия алмай,

Көзімнің жасын тия алмай,

Өлсем екен түншығып!- 

дей  отырып,  акын  түншығып  өлуді  де  қаламайды.  Көзіндегі  жасының  тиылмаған  күйінде, 

тәуелсіздікті  аңсаған  күйінде  өлуді  де  қаламайды.  Ақын  бір  әрекет  күтеді,  армандайды. 

Қимылдағысы  келеді,  бірақ  қол-аяғы  бүғауда  калған  сияқгы  болады.  Айқайына  оянған, 

аттанына ерген жан болмайды. Міне, ақын сондықтан жаяу, жалғыз қалады. Сары далада, яғни, 

ел ішінде жүріп жалғыз қалғаны -  өзі өмір сүрген қоғамга бойүсынбай жалғыз қалғаны.

Ақынның көзі тірісінде осы «Қысқы жолда», «Жазғы  жолда» өлеңдеріне талдау жасаған 

Жүсіпбек  Аймауытовтың  сөзіне  зер  салсақ,  «Мағжанның  ақындығы  туралы»  мақаласында 

«...қазақ қашан  ел  болар,  қатарға  кірер, табиғаттың  апатына  шыдай  алмай,  жапан  түзде  суық 

кебін жамылып қала ма? Әлде мәдениетті елдің аузына түсіп жүтылып кетер ме? Мэлім емес, 

қазақтын келешегі караңғы. Мынау ауыр халді көріп ақынның көңіліне шер, көзіне жас келеді. 

Мүндай  сорлы  жүрттың  ішінде  туып,  бүл  күйікті  көргеннен  өлгенін  артық  көреді.  Міне, 

ақынның жанындағы трагедия» деп шығарманың сырына жіті үңілгенін аңғарамыз. Сондай-ақ 

табиғатты  жырлаған  туындыларының  бірі  «Толқындап  ойнап»  өлеңінің  соңғы  шумағын 

келтіргенде де «Аспан қара көк дариядай баяғы қалпында, жүлдыздан элі хабар жоқ» дегені -  

қазақ елі  баяғы қалпында,  мэдениет жүлдызы,  ел  болу нышаны  элі  сезілмейді  дегені» деп ой 

түйеді  Жүсіпбек  Аймауытов.  Демек,  табиғат күйін  шерткен  өлеңдерінен де  замана  келбетін 

суреттеген ақынньщ жан айқайы естіледі.

Түйіп  айтканда,  азаттыкты  аңсаған  Мағжан  Жүмабаев  өлеңдері  зерттелген  сайын 

зерттеуді қажет ететін, сырына үңілген сайын түңгиық болып корінетін жүмбақ элем.  Өйткені 

ақын  поэзиясы қаншалықты зерттеліп жатса да,  «мен мүндалап» түрған қүпия сырларын аша 

түсуге деген қүштарлық жыл өткен сайын арта түседі.

Гүлзат  Дәуітәлі

Қазақ филологиясы және әлем тілдері 

факулыпетінің 4-курс студенті

13


¥ЛЫ ДАЛАЛЫНЫҢ  ДАРА  ҚЫЗДАРЫ

Дала тарихында өзінің ерлігі мен ақыл- 

парасатының  арқасында  ел  бірлігін  сақтай 

білген ару қыздарымыздың даналық істерін 

бүгінгі  күнге  ж еткізу,  әрине,  т арих 

еншісіндегі  мәселе  екендігі  беігілі.  Кейде 

қазақ  қыздарына  т аусылмас  қаж ыр- 

қайрат,  ерік-ж ігер  мен  данагөйліктің 

қайдан  келгеніне  таң  қаласың  да,  сондай 

сәтте  тарих  беттерін  ақтарасың.  Сонда 

осынишма ерлік пен даналықтың сонау ерте 

кезеңнің  өзін ен -а қ  қалы пт асқан  үлы 

мектептің барына көз жеткізесің.

« ¥ л ы   д а л а н ы ң   ү л ы   қ ы з д а р ы »  

энциклопедиясында  /2007/ Ана  тәңірлерге: 

Үмай,  Табити, Анахита,  Сиванму, Ай-қаган, 

Йимак;  скиф-сақ  дәуірінің  әііелдеріне: 

Томирис,  Амазонкалар,  Зарина;  көне  пгүркі 

кезеңдерінің  әйелдеріне:  Эиіи,  Боарикс, 

Акаса,  Катун  (Хатун),  Елбілге-Қатун, 

Себек-Қатун, Күңі-Тіріг, Тай-Хэ;  түркі -

мүсылман  кезеңінің  әйелдеріне: Дүгдготиа, 

Хүтақ-Қатун,  Огыз-Қатүны,  Айша  Бибі, 

Гүлайым,  Чжень,  Төребек-Ханым,  Теркен- 

Хатүн,  Хаджжаджи  есімді  түлгаларды 

ж а т қ ы з ы п ,  о л а р д ы   ж е к е - ж е к е  

қарастырган.

Қолжазба журналымыздың /2012/өткен 

санында  Ана  тәңірлердің  іиіінен  ¥май  ана, 

Р  і н  і ң  э й е л д е р і н е н  

Томирис, Зарина жайында сөз еткен болсақ, 

дала  тарихындагы  көне  түркі  кезеңінің 

әйелдерінің  ішінен  Елбілге-Қатун,  Себек- 

қ а т у н ,   т ү р к і - м ү с ы л м а н   к е з е ң і н і ң  

ә й е л д е р і н е н   А й ш а   Б и б і   т у р а л ы  

журналымыздың осы санына үсынбақпыз.

Ел  басқарган  үлы  хандар  мен  батыр- 

лардың  жүбайы  болып,  ел  ынтымагына 

өзіндік  септігін  тигізген  аналарымыздың 

тарихи  түлгасы  бүгінгі  үрпаққа  да  үлгі- 

өнеге.

Көне  түркі  кезеңдерінің  әйелдері

ЕЛБІЛГЕ-ҚАТУН.  Шығыс  түркі 

кағанатының  (682-744ж.ж.)  бірінші  қағаны 

жэне  негізін  салушы  Елтеріс  кағанның 

/Қытайша  Гудулу  682-691  жж./ үлкен  әйелі- 

бэйбішесі  Елбілге-қатун  атанған.  Елбілге- 

қатун  ашидэ  тайпасынан  шыккан.  Күлтегін 

қүрметіне қойылған ескерткіштегі жазбалар 

б о й ы н ш а  Е л б іл г е -қ а т у н   т ү р к і  елін  

қалыптастыруға өз үлесін қосқан, сондай-ак 

ол каған ретінде тақка отырған.  «Теңрі жэне 

ыдуқ Иер-Суб былай дейді:  «Түркі өлмесін, 

(нағыз)  халық  болсын!»  тэңірі  менің  әкем 

Елтерісті  көтеріп,  қағандар  санатына 

қосты».


Білге  қағанның  өзі  таққа  отырғаннан 

кейін  өкілеттіліктің  өзінің  экесі-қаған  мен 

шешесі-қатуннан  көшкендігін  баса  айтады. 

Тақтық  Елбілге-қатун  лауазымдық  аты 

ежелгі  үйғырларға  да  белгілі  болған,  ол 

Ұ йғы р  қ аған аты н ы ң   б е л гіл і  каған ы  

Элитмиш  Білге-қағанның  (745-840  жж.) 

Терхиндік жазбасында аталған.

Жазуда  былай  делінеді:  «Мен,  Көктен 

жаратылған Елбілге-қатунмен өзімізге қаған 

жэне  қатун  лауазымдарын  алдық».  Көне 

түркі  ж азбаларындағы  сияқты  Ұйғыр 

ж азб ал ар ы н д а  да  тақты қ  қатун  аты 

Елбілге/Ильбилге  қатун  түрінде  «елді 

білуші»,  «елді  билеуші»  мағынасында 

қолданылады.  Бүл  жазбаларда  қатун  түркі 

елін  үйымдастыруға  тікелей  қатысушы 

ретінде  көрінеді.  Түркі  патшайымы  қатун 

мемлекетгегі  орны  мен  маңызына  карай 

жоғарғы  қағанмен  бірдей  дәрежеде  болған 

екенаи 

Ш

СЕБЕК-ҚАТУН. Екінші Шығыс түркі 

кағанатын  (682-744  ж.ж)  билеуші  ашина- 

а ш и д э   н е к е л і к   о д а ғ ы н ы ң   т а р и х и  

дерекнамасы  ретінде  ашина  тайпасынан 

шыққан  Білге  қағанның  жэне  аш идэ 

тайпасынан  шыққан  Себек-қатун  билеуші 

жұбын  атауға  болады.  Қытай  деректеріне 

сәйкес  Себек  Білге  қағанның  бәйбішесі- 

қатуны  болған.  Қытай  жылнамаларының 

шежіресі бойынша екінші түркі қағаны



¥ЛЫ ДАЛАЛЫНЫҢ  ДАРА  ҚЫЗДАРЫ

Алашшыл жас

2013  №1  (3)

Қапаған-қаған  кайтыс  болғаннан  кейін 

шығыс  түркілер  мемлекетінде  эулетішілік 

қ а р а м а - қ а й ш ы л ы к т а р   т у ы п ,   т ү р к і  

тайпаларының  бір  бөліғі  Таң  шекарасына 

қарай  көшеді  жэне  де  бүл  жағдай  ашидэ 

тайпасынан шыққан атақты айғуши-кеңесші 

Тоныкөк  қудалауына  экеп  соғады.  Бірақ 

Себек-қатун Тоныкоктін қызы

Білге-қаған  қайтыс  болғаннан  кейін, 

Себек-қатунның  саяси  ықпалы  күшейе 

түседі. 744 ж. Екінші шығыс түркі кағанатын 

көшпенді  үйғыр  тайпалары  жаулап  алды, 

олардың  басында  яглакар  руынан  шыққан 

үйгыр  қағаны  түрды.  ¥йғыр  қағанатынын 

негізін§Ғсалушы  Қүтлүғ  Білге-күл-қаған

түркінің  Баймаэй-қағанын  өлтіріп,  өзіне 

«әйелдікке  Гудулулық  ханш а  Пафуды 

алған».  Шығыс  түркілік қатунды түтқындау 

жаулап  алынған  тайпаларға  үстемдік 

жүргізумен  бірдей  еді.  Тань  императоры 

«ханшаға  Бинь-го  Фу-жень қүрметті  атағын 

беріп,  оған  жыл  сайын  200  мың  ақ  бидай 

дэнін  ж іберіп  түруға»  бүйры қ  етеді.

Император  берген  лауазым  түркілік  Себек- 

катунның  билеуші  әулеттік  эйелдік  бөлігі 

и е р а р х и я с ы н д а   ж о г а р ы   д е ң г е й д е  

түрғандығын  білдіреді.  Түркі  қатунына 

деген  мүндай  қүрмет  көш пелі  түркі 

тайпалары  жоғары  орында  түрғандығын 

дэлелдейді.

Түркі-ислам кезеңінің әйелі

АЙША  БИБІ.  Айша  бибінің  кім  екені 

жөнінде  ел  арасындағы  бізге  жеткен  аңыз 

желісінен  басқа  тарихи  деректер  жоқтың 

қасы.  Ал  аңыздардың  бірінде  осы  анамыз 

туралы  «төрт  түліктін  бірі  сиыр  малының 

атасы -  Зенгі бабаның қызы еді» деп берілсе, 

енді  бір  аңыздарда  ол  Айғожанын  қызы  еді 

дейді.  Айша  бибі  —  шамамен  11-12 

ғасырларда  өмір  сүрген  ару  қыз...  Ол 

жайында аңыз сюжетіне назар аударайық.

Бір  күні Айша Қараханмен кездесіп, 

оған ғашық болады. Бірақ сырткы жаулармен 

ж ү р г і з і л г е н   с о ғ ы с   Қ а р а х а н н ы н   өз 

сүйіктісінен  көз  жазып  қалуына  себепші 

болады. ¥зақ жылдар Айшаның сүйіктісінен 

хабар  болмайды.  Айша  Бибі  әкесінен 

сүйгенімен кездесуге жіберуге үш рет рүқсат 

сүрағанымен,  экесі  тиым  салады.  Сонда

Тараз  қаласына жақын жерде (бүрынғы 

Михайловка  селосы)  Айша  Бнбі  кесенесі 

о р н а л а с қ а н .   С ы р т ы   к е р а м и к а л ы қ  

плиталармен  қаланып,  ойып  жасалған 

өрнектің  сэн-салтанаты  мен  сан  түрлілігі 

ж а ғ ы н а н   Қ а з а қ с т а н д а ғ ы   б а с қ а  

м ем о р и ал д ы қ-д эстү р л ік   ескерткіш тер 

ішінде  оған  тең  келетіні  жоқ.  Ескерткішті 

қалаған  кірпіштердің эр түрлілігінің өзі таң 

қалдырады.  Оның  алғашқы  қалпы  біздің 

уақытымызға дейін тек батыс қабырғасында 

сақталған.  Мүсылман  сәулет  өнерінің 

тамаша  үлгілері  бойынша  салынған  бүл 

керемет кесене қазірде қазақ елінің жаңа отау 

тіккен  жастарының  бас  иіп,  тэуба  ететін 

киелі жеріне айналды.

Айша  жүйрік  атқа  мініп,  өзінің  қырық  қыз

қүрбысымен  Қарахан  еліне  аттанады.  Бірақ 

Айша бибі сүйгенімен кездесе алмай калады. 

Өйткені  Талас  суына  шомылғанда  оны 

жылан шағып өлтіреді. Айша бибінін қырық 

қүрбысы  Қараханға  арудын  өлімі  туралы 

каралы хабар жеткізеді.

Редакция алқасы

15


Қыздар университетімен құрдас ақын

Ақұіитап  Бақтыгереева  1944  жылы 

Батыс 

Қазақст ан  облысы  Ақж айық  ауданы  Ақж айық 

ауы лы нда  дүние ге  келген.  1966  жылы  Қазақ 

мемлекеттік  қыздар  педагогикалық  институтының 

филология факультетін бітірген.  1966-1971 жж.  Орал 

облыстық  «Орал  оңірі»,  Талдықорган  облысгпық 

«Октябрь  туы»,  республикалық  «Қазақ  әдебиеті» 

газеттерінде  әдеби  қызметкер,  1971-1972  жж. 

«Қазақфилъм»  киностудиясында редактор,  1972-1975 

жж.  «Жүлдыз»  журналында  эдеби  қызметкер,  1975- 

1981  жж.   « Ж а з у ш ы »   б а с п а с ы н ы ң   а у д а р м а  

редакциясында  редактор  болып  қызмет  атқарган. 

Қазір  Қазақстан  Ж азушылар  Одагының  Батыс 

Қазақстан облысындагы филиалының төрайымы.

Шыгармалары:  «Өрімтал» (1967),  «Наз» (1969), 

«Қуанышым,  іңкэрім»  (1971),  «Сені ойлаймын»  (1973), 

«Аққанат»  (1975),  «Бақыт  эні»  (1978),  «Жайық қызы» 

(таңдамалысы  1980),  «Белокрылая» (1981),  «Ақжелең» 

(1985), «Сүмбіле» (1990), т.б.

Қыздар университетімен  бірдей  дүниеге  келген  акын  апамыз  Ақүштап  Бақтыгереева -  

біздің гана емес, бүкіл қазак елінің мактанышына айналган ардакты акын, коғам қайраткері.

Ақын лирикаларынан қыз табиғатына тэн нэзіктік те, өзгеден бөлек отты рухқа бөленген 

қайсарлық  та  ангарылып  жатады.  Тіпті,  боямасыз  өмір,  тартысты  тағдырды  суреттеуде 

ақынның өзіне біткен өжет мінезі де танылып жатқандай.



Жүлқыса жел есіріп,

Майысқанмен сынбадың.

Сыр айтпадың шешіліп,

Неше келіп тыңдадым.

Қысты жеңіп, шуаққа 

Жайраңдаган кезіңде,

Бойыңдагы қуатқа 

Қайран қалам өзім де...

Осылайша тал-шыбықпен мүңдасқан ақын  қызбен талай жас жеткіншектер өлеңін оқып 

сырласқан еді...

Жыр сүйер қауымның жүрегін жаулаған ақынның тұңғыш өлендер жинағы  1967 жылы 

жарық  көрді.  «Өрімтал»  атты  өлеңінің  атауымен  берілген  осы  кітапта  элі  суып  үлгірмеген 

студенттік шақтың жарқын елестері түнып түрғандай. Мәселен,  «Бір кезде мен аңқау баламын, 

Өкшелі туфли кимеген» деп жырлаған ақынның:

Маган жат сауық кеш, би деген,

Серуенге көңіл де бөлмеп ем.

Шашымды реттеп түймегем,

Бұрымды сэнімен өрмеп ем...— 

деген өлең шумақтары онын ойын-күлгіге қүмар емес,  сэнденіп серуенге шығуға да аса коңіл 

бөлмеген жас студенттік кезеніндегі бейнесінен хабардар етеді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет