Алеуметтану тероиясы indb


Әдіснама Тарих және әлеуметтану



Pdf көрінісі
бет112/596
Дата14.11.2022
өлшемі16,19 Mb.
#50039
түріОқулық
1   ...   108   109   110   111   112   113   114   115   ...   596
Әдіснама
Тарих және әлеуметтану
Вебер заң мамандығын оқуына және бастапқыда осы сала бойынша акаде-
мия лық жұмыс істеуіне қарамастан, ерте кезден-ақ тарихқа ден қоя бастай-
ды. Вебер әлеуметтанудың жаңа саласына неғұрлым жақындай түскен сайын, 
тарихқа қатысты өзінің көзқарасын айқындауға тырысты. Дегенмен, Вебердің 
ойынша, әр сала әртүрлі болғандықтан, ол «әлеуметтанудың міндеті – тарих 
саласына қа жетті «қызмет етуді» қамтамасыз ету» деп есептеген (G. Roth, 
1976:307). Вебер дің айтуынша, әлеуметтану «алдын ала, жеткілікті деңгейде 


124
I бөлім

Классикалық әлеуметтану теориясы
қарапайым міндеттерді» ғана орындап келді (R. Frank, 1976:21). Ол әлеумет-
тану мен тарих арасындағы айырмашылықтарды былайша түсіндіріп берді: 
«Әлеуметтану типтер түсінігі мен эмпирикалық үдерістердің жалпы лама біре-
гейлігін тұжырымдауға ұмтылады. Бұл оны мәдени маңыздылығы бар жеке іс-
әрекеттерді, құрылымдар мен тұлғаларды түсіндіруге және себеп-салдарлық 
талдауға бағытталған тарихтан ерекшелендіреді ([1921] 1978:19). Әлеуметта-
ну мен тарихты осылайша бір-бірінен ажыратуына қарамастан, Вебер өзінің 
еңбектерінде оларды үйлесімді біріктіре білді. Оның әлеуметтануы тарихи құ-
былыстарды себепті талдау жасау үшін нақты тұжырымдамаларды дамы туға 
бағытталған. Вебер өзінің идеалды процедурасын «шынайы тарихи оқи ғалар-
ды белгілі бір көзқарас тұрғысынан іріктелген эмпирикалық дерек терді зерде-
леу арқылы» сипаттайды ([1903–1917] 1949:69). Біз Веберді тарихи әлеу мет-
танушы ретінде танимыз.
Вебердің әлеуметтану туралы ілімдері Германияда бір кездері болған ин-
теллектуалдық пікірталастардың негізінде (methodenstreit) қалыптасқан. Бұл 
пікірталастарда көтерілген басты мәселелердің бірі – тарих пен ғылым ара-
сындағы өзара байланыс. Осы пікірталас аясында тарихты жалпы (nomothetic
заңдардан тұрады деп қарастырғандар – позитивистер [Halfpenny, 2005]) және 
тарихты идиосинкратикалық (idiographic) іс-әрекеттер мен құбылыстармен 
байланыстырғандар субъективистер атанды. (Позитивистер тарихтың теория-
лық негізін жаратылыстану ғылымынан іздеді, ал субъективистер олар бір-бі-
рінен түбегейлі ерекшеленеді деп есептеген). Мысалы, номотетикалық ойшыл 
әлеуметтік революциялардың жалпылама сипатына мән берсе, идиографика-
лық аналитик Америка революциясына себепші болған нақты құбылыстарға 
баса назар аударған. Вебер екі жақтан да бас тартты және тарихи әлеуметтану-
дың өзіндік бағытын дамыта бастады. Вебердің ойынша, тарих шынайы эмпи-
рикалық жағдайлардан тұрады, эмпи рикалық деңгейде ешқандай жалпылама 
әдіс қолданылмайды. Сондықтан әлеуметтанушылар эмпирикалық әлемді өз-
дері құрып алатын концептуалдық әлемнен ажырата білуі тиіс. Бұл тұжырым-
дамалар ешқашан толықтай эмпи рикалық әлемді жаулап ала алмайды, бірақ 
оларды шынайылықты түсіну үшін эвристикалық құралдар ретінде қолдануға 
болады. Бұл түсініктер негізінде әлеуметтанушылар жалпылама әдісті қалып-
тастырады, алайда бұл жалпылама әдістерді эмпирикалық зерттеулерден ажы-
рату қажет.
Вебер әрдайым жалпылама әдісті қолдағанымен, тарихты жай ғана заңды-
лық тардың жиынтығына жатқызуға тырысатын кейбір тарихшыларды теріске 
шығарды: «Тарихи жағдайларды нақты тануда арнайы жалпы заңдардың ма-
ғынасы болмағандықтан, олардың құндылығы төмен» ([1903–1917] 1949:80). 
Мысалы, Вебер өзіне халықтардың тарихи эволюциясын іздеу міндетін алған 
және барлық халық бірдей кезеңдерден өтті деп есептейтін бір тарихшының 
(Вильгельм Рошер) көзқарастарын теріске шығарды ([1903–1906] 1975). Вебер 
айтқандай: «Эмпирикалық шынайылықты... «заң дарға» дейін тарылтудың ма-
ғынасы жоқ» ([1903–1917] 1949:80). Демек, «Мәде ниет туралы жүйелі ғылым... 
өз бетінше мағынасыздыққа ұрынар еді» (Weber, [1903–1917] 1949:84).
Бұл көзқарас көптеген тарихи зерттеулерде көрініс табады. Мысалы, Ве-
бер өзінің ежелгі өркениетті зерттеуі барысында, алғашқы кезеңдерде кейбір 
қарым-қатынастар болашақтағы оқиғалардың үзілісі екенін, «Жерорта теңі - 
зінің еуропалық өркениеттің ұзақ және үздіксіз тарихы тұйық циклдерді не месе 
сызықтық прогрестерді көрсетпейтінін мойындайды. Кей кездері ежелгі өрке-


125
4-тарау

Макс Вебер
Макс Вебер 1864 жылы 21 сəуірде Германияның Эр-
фурт қаласында орта тапқа жататын отбасында дүние-
ге келген (Radkau, [2005] 2009). Ата-ана мен бала ара-
сын дағы айтарлықтай түсініспеушілік оның интеллек-
туалды бағыты мен психикалық дамуына да қатты əсер 
етті. Әкесі маңызды саяси лауазымды шенеунік болды. 
Ол саяси жоғары топқа жатқандықтан, жеке құрбан-
дықты қажет ететін және өзінің жүйедегі жағдайына 
қауіп төндіретін қандай да бір əрекеттер мен көзқарас-
тардан бас тартты. Сонымен қатар үлкен Вебер пен-
делік қуа ныштардан ләззат ала білетін адам еді, осы 
және бас қа да қатынастарда өзінің әйелімен қарама-
қай шылықта болды. Вебердің анасы Құдайды қастер-
лейтін кальвинист және күйеуі аңсайтын рақаттардан 
бас тар тып, аскеттік өмір салтын ұстануға тырысатын 
тақуа әйел еді. Ата-ана арасындағы осы келіспеуші-
лік отбасылық шиеленісті тудырды, әке-шешесінің екі 
түрлі мінез-құлқы мен үй ішіндегі ұдайы дүрдараздық 
Веберге үлкен әсер етті. 
Вебер бірден әкесіне де, анасына да еліктей 
алмағандықтан, есейе келе таңдау жасауына тура 
келді (Marianne Weber, 1975:62). Әуелгіде əкесінің өмірге деген көзқарасын ұстанып жүргендей 
болғанымен, кейінірек оған анасының өмірлік ұстанымдары жақын болып кетті. Мұндай поляр-
лы қарама-қайшылықтар арасында таңдау жасау – Макс Вебердің психикасына айтарлықтай жа-
ғымсыз əсер еткен.
18 жасында Макс Вебер Гейдельберг университетіне оқуға түсу үшін аз уақытқа үйінен кетіп 
қалады. Вебер сол уақытта-ақ өзінің интеллектуалдық жағынан ерте дамығанын көрсете білді, 
соған қарамастан, оның өзгелермен қарым-қатынас жасауда, əлеуметтік байланыстар орнатуда 
айтарлықтай проблемалары болды. Гейдельбергке оқуға түскен уақытта ол өте нəзік жəне тұ-
йық болатын. Алайда ол əкесінің өмір сүру салтына ұмтыла бастағаннан жəне əкесінің бұрынғы 
дуэльді бауырластығы қатарына қосылғаннан бастап жағдай тез өзгерді. Өзін еркін сезінуіне 
достарымен бірге сыраханада жиі болуы көмектесті. Одан бөлек осындай бауырластық қарым-
қатынастың белгісі ретінде дуэльдерден қалған тыртықтарын аса зор мақтанышпен көрсетіп 
жүрді. Вебер əкесінің өмір сүру салтын ұстанатынын көрсетіп қана қоймай, сол уақытта əкесінің 
мансап жолы – құқықты таңдады.
Үш семестрден кейін Вебер əскери борышын өтеу үшін Гейдельбергтен кетеді , сөйтіп 1884 жылы 
Берлин университетінде курстан өту үшін ата-анасының үйіне қайтып оралады. Сол жерде ке-
йінгі сегіз жылының басым бөлігін өткізеді, осы уақыт аралығында оқуын аяқтап, доктор дəре-
жесін алып, заңгер болады (Вебер теориясына құқықтық ойлардың әсерін талқылау үшін келесі
еңбекті қараңыз: [Turner and Factor, 1994]) және Берлин университетінде оқытушылық қызметін 
бастайды. Уақыт өте келе Вебердің экономика, тарих жəне əлеуметтану сияқты ғылымдарға қы-
зығушылығы арта түседі, нəтижесінде бұл салалар оның өмірлік таңдауына айналды. Берлинде 
өткізген сегіз жылда ол қаржылық тұрғыдан әкесіне тәуелді болды. Бұл жағдай оны одан əрі 
тығырыққа тіреді. Сол уақытта Веберге анасының құндылықтары маңызды бола бастады, ал 
керісінше əкесіне деген жеккөрініші күн санап ұлғая берді. Ол тақуалық өмір салтын ұстанып, 
жұмысқа толық беріліп кетті. Мысалы, студенттік кезеңдегі бір семестрдегі оның жұмыс істеу 
əдеті былай сипатталыпты: «Ол қатаң жұмыс тəртібін ұстанады, өзінің əр күнін – сағаттарға, 
күнделікті атқарылуы тиіс əртүрлі жұмыстарын нақты бөліктерге бөліп, кешкілік қуырылған төрт 
жұмыртқа жеп, үнемшіл болды» (Mitzman, [1969]1971:48; Marianne Weber, 1975:105). Осылайша 
Вебер анасынан үлгі алып, тақуалық өмір салтын ұстанып, алға ұмтылғыш, талмай еңбек етуші, 
қазіргі тілмен айтқанда, «еңбекқор» болды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   108   109   110   111   112   113   114   115   ...   596




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет