Алеуметтану тероиясы indb



Pdf көрінісі
бет109/596
Дата14.11.2022
өлшемі16,19 Mb.
#50039
түріОқулық
1   ...   105   106   107   108   109   110   111   112   ...   596
Сын-пікірлер
Жоғарыда айтылғандай, Дюркгеймнің америкалық әлеуметтануға қабылда-
нуына оны функционалист және позитивист ретінде таныстырған Толкотт 
Пар сонстың ықпалы зор болды. Көптеген заманауи ғалымдар бұл белгілер 
Дюркгеймді әділ сипаттайтынын алға тартады (Rawls, 2012, 2016, Milbrandt 
and Pearce, 2011). Дегенмен осы сипаттамалардың негізінде оның идеяларына 
да бірқатар сын айтылды. Әлеуметтанудың студенті осы сын-пікірлерге тап бо-
латыны ескерілгендіктен, олар осы тарауда қысқаша қарастырылады.
Дюркгеймнің макродеңгейдегі әлеуметтік фактілерге назар аударуы осы 
құрылымдық функционализмнің дамуында басты рөл атқарды (7-тарауды қа-
раңыз). Дюркгеймнің функционалист болуы екіұшты және мәселе – функ цио-
нализмді кім қалай анықтайтынына байланысты. Функционализмді екі түр лі 
жолмен анықтай аламыз: әлсіз және мықты деген мағынада. Кингсли Дэвис 
(1959) барлық әлеуметтанушылар функционалист екенін айтқан кез де әлсіз 
мағынаға сілтеме жасайды: бұл функционализм «қоғамның бір бөлігін жалпыға 
біріктіруге және бір бөлігін басқаларға жатқызуға» тырысады. Функционализмді 
Джонатан Г. Тернер мен А.З. Мариянский (1988) ұсынды. Оны қоғамның био-


117
3-тарау

Эмиль Дюркгейм
логиялық ағзаға ұқсас және қоғамның қажеттіліктері тұр ғысынан нақты әлеу-
меттік құрылымдарды түсіндіруге негізделген тәсілі ретінде анықтайды.
Басқаша айтар болсақ, Дюркгеймді тек кездейсоқ функционалист болды деп
білеміз. Дюркгейм биологиялық ағзалар мен әлеуметтік құрылымдар арасы нан 
ұқсастықтар іздеуге мүлдем қарсы болмағанымен (Lehmann, 1993:15), әлеу-
меттанушылар әлеуметтану заңдарының биологиямен ұқсастығына сендіре 
алмайды. Дюркгейм ([1898] 1974:1) мұндай тұжырымдарды «түкке тұрғысыз» 
деп санайды.
Дюркгейм өз жұмысында әлеуметтік фактілерді тарихи себептерден ажы- 
рата білуге шақырды. Бірінші кезекте – тарихи зерттеу, себебі әлеуметтік қа-
жеттіліктер құрылымдарды жай ғана жасай алмайды. Әрине, Дюркгеймнің 
бас тапқы гипотезасы тұрақты әлеуметтік фактілердің әртүрлі функцияларды 
атқаруы мүмкін болғанымен, кейбір әлеуметтік фактілердің тарихи оқиғалар 
екенін мойындады. Сонымен қатар Дюркгеймнің еңбектерінде қоғамның қа - 
жеттіліктерін алдын ала қарастырмауға тырысамыз. Керісінше, қоғамның қа-
жет тілігін тек осы қоғамды зерттеу арқылы ғана анықтауға болады. Демек, 
кез келген функционалистік көзқарас тарихи зерттеуден бұрын туындауы 
керек.
Сондай-ақ Дюркгейм өзін позитивист санағаны үшін жиі сынға ұшырайды 
және ол өзін сипаттау үшін осы ұғымды қолданды. Дегенмен, Роберт Холл атап 
өткендей, терминнің мағынасы өзгерді:
«Позитивті» термині өздерінің этикалық теорияларын «ғылыми» деп
атайтын және осы терминді диалектикалық дәлелді көрсету үшін пайда-
ланған философтардың тұжырымдамасынан жаңа көзқарастарды ажы-
рату үшін қолданады. Метафизика «ғылымы» туралы айтуға болатын ке-
зеңде «позитивті» термині жай ғана эмпирикалық көзқарасты білдірді».
(R.T. Hall, 1987:137)
Бүгінгі күні позитивизм әлеуметтік құбылыстарды жаратылыстану ғылым- 
дары сияқты әдістермен зерттеу керек деп санайды және бұл Дюркгеймнің 
қолдауына ие болар еді. Дегенмен бұл инвариантты заңдарға қатысты назарын 
аударды (S. Turner, 1993) және осыны біз Дюркгейм жұмыстарынан да бай-
қаймыз. Әлеуметтік фактілер Дюркгейм үшін, негізінен, дербес, бірақ басқа да 
әлеуметтік фактілерге қатысты автономды болды. Әрбір әлеуметтік факт тари-
хи зерттеуді қажет етті және ешкім оны инвариантты заңдар негізінде болжай 
алмас еді.
Сондай-ақ Дюркгейм индивидтерге қатысты көзқарасы үшін сынға ұшыра-
ды. Адам табиғаты туралы бірқатар маңызды болжамдар жасағанына қарамас-
тан, Дюркгейм бұл сынды мойындамады. Ол әлеуметтануды одан бөлек шығару 
үшін адам табиғаты жайлы тұжырымдаманы негіздеуден бастамағанын айтты. 
Демек, әлеуметтанудан адам табиғатын түсінуді тереңдетуге ұмтылғанын 
көреміз. Алайда Дюркгейм бұл мәселеде өз оқырмандарына, тіпті өзіне де шы-
найы болмауы мүмкін.
Дюркгеймнің адам табиғатына қатысты жорамалдарының бірі бүкіл әлеу-
меттануының негізі ретінде қарастырылуы ықтимал. Бұл болжам «адамдар 
өз құмарлықтарын қанағаттандыру үшін ізденеді, олар әрдайым көп нәрсені 
қажет етеді» деген түсінікке құрылған. Егер бұл құмарлықтар бақылауда бол-
маса, түптің түбінде адамның өзі сол құмарлықтың шырмауына түседі, сөйтіп 
ол адамның өзіне де, қоғамға да қауіп төндіреді. Алайда Дюркгейм бұл болжа-


118
I бөлім

Классикалық әлеуметтану теориясы
мына ешқандай дәлел айтпайды және, шын мәнінде, өз теорияларында «мұн-
дай нәзік тақырып әлеуметтік құрылымдар қойнауында туындауы мүмкін» деп 
болжайды.
Сонымен қатар Дюркгейм, көпшіліктің айтуынша, әлеуметтік процесте са-
наға белсенді рөл бере алмаған. Ол актор мен акторлардың психикалық про-
цестерін тәуелсіз және шешуші айнымалылар, яғни әлеуметтік фак тілермен 
түсіндірілетін қосымша факторлар немесе, негізінен, тәуелді ай нымалылар ре-
тінде қарастырды. Адамдар, жалпы, оның әлеуметтік теорияла рында әлеумет-
тік күштер арқылы басқарылады; адамдар осы әлеуметтік күштерді белсенді 
бақыламайды. Дюркгейм үшін автономия әлеуметтік күштерді еркін қабылдау-
дан басқа еш нәрсе емес. Демек, егер біз бұл сананы және кейбір психикалық 
процестерді әлеуметтік фактілердің түрлеріне жат қызсақ та, олардың Дюрк-
геймнің басқа әлеуметтік фактілерде көрсеткеніне ұқсас, автономияны дамыта 
алмайтынына күмән келтіруге негіз жоқ.
Шынында да, Каллегаро (2012:453) Дюркгейм үшін «адам – қазір-
гі қоғамның жоғары идеалы, әлеуметтік жеке тұлғаларға тәуелсіз индивид
болуға мүмкіндік беретін және оны талап ететін, адамға деген табынушылық-
тың аясында құрылған». Ойлауға қабілетті, ақылға сай әрекет ету – адамның 
жеке қасиеті емес. Бұл – қоғамның жетістігі. Біз қоғам арқылы тек ақыл-ой 
мен тәуелсіз әрекеттерге талпына отырып, ойлау қабілетіне ие боламыз. Бұл 
көзқарас адамды қоғамнан бөлетін ең заманауи теорияларды сынайды. Дюрк-
геймнің еркіндік, ақыл-ой мен шығармашылық, әлеуметтік тәртіпке, сондай-ақ 
әлеумет тік ынтымақтастыққа қайшы келмейтіні жайлы көзқарасын кез келген 
қо ғамдық ғылым әлі де мойындауы тиіс.
Ақырында, Дюркгейм де өзінің болжамды консервативтігі үшін сынға ұшы-
рады (Milbrandt and Pearce, 2011). Жоғарыда айтқандай, Дюркгейм ілімінің 
парсонстық нұсқасы позитивизммен, құрылымдық функционализммен және 
олардың ғылым мен қоғамның консервативті нұсқаларымен салыстырыла-
ды. Дюркгейм социализмді сынағаны, феминистік қозғалысқа қарсыласуы
моральға баса назар аударғаны және жеке шығармашылық күшіне қатысты 
салыстырмалы түрдегі менсінбеушілігі үшін консерватор ретінде бағаланды. 
Бұл Дюркгеймнің социализммен қарым-қатынасы өте күрделі және мораль 
мен адамзат табиғаты сипатына қатысты көзқарасы айтылғандардан әлдеқайда 
ерекше екенін көрсетеді. Мысалы, Дюркгейм таптық және марксистік социа-
лизмді сынға алған кезде социализмге ұжымдық сананың пайда болу нысаны 
ретінде, соған орай, қазіргі заманғы әлеуметтік мәселелерді шешудің ықтимал 
шешімі ретінде жанашырлық танытты. Дюркгеймнің пайымдауынша, социа-
лизм, егер қолжетімді болса, саяси бағдарламаға емес, ғылыми-зерттеулерге 
негізделуі керек. Бұл тұрғыда марксизмді социализмнен бас тартқандықтан 
емес, «ол даулы және ескірген болжамдар» жиынтығы болғандықтан сынайды 
(Lukes, 1972:323).
Дюркгеймнің идеяларына 100 жылдан артық уақыт өтсе де, қазірдің өзінде 
жоғарыда айтылған сын-пікірлер мен қарсы пікірлер Дюркгеймнің әлеуметта-
ну нұсқасы – әлеуметтану ғылымына әлі де үлес қоса беретін құндылық екенін 
көрсетеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   105   106   107   108   109   110   111   112   ...   596




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет