Алеуметтану тероиясы indb


Герберт Спенсердің әлеуметтануға ықпалы



Pdf көрінісі
бет166/596
Дата14.11.2022
өлшемі16,19 Mb.
#50039
түріОқулық
1   ...   162   163   164   165   166   167   168   169   ...   596
Байланысты:
АЛЕУМЕТТАНУ ТЕРОИЯСЫ TPG 130318 (1)

Герберт Спенсердің әлеуметтануға ықпалы. Неліктен алғашқы кезең-
де америкалық әлеуметтануда Спенсердің идеялары Конттың, Дюркгейм-
нің, Маркстің және Вебердің ағартуларына қарағанда ықпалдырақ болды? 
Хофштадтер (1959) оған бірнеше себеп ұсынады. Ең жеңілін алғанда, анық 
белгілі болғандай, Спенсер өзгелерге қарағанда өз еңбектерін ағылшын ті-
лінде жазды. Сондай-ақ ол арнайы терминдерді көп қолданған жоқ, осы-
лайша, өз шығармашылығының таралу ауқымын кеңейтті. Кейбір ғалым-
дар арнайы терминологиясының аздығын Спенсердің ғалым ретіндегі жа-
сампаздық өресінің жеткіліксіздігімен байланыстырды. Алайда Спенсердің 
кең ауқымда танымал болуының басқа да маңызды себептері болды. Ол 
ғылым мен технологиялық жетістіктерге қызығушылық танытатын халық-
ты өзіне тартатын ғылыми бағыт ұсынды. Спенсер адамзат тарихының бар-
лық кезеңдерін қамтитын, тұтастай біріктіретін теорияны ұсынды. Спенсер 
идеясының қарқыны мен көптомдық еңбектері әртүрлі адамдардың алдын-
да оның беделін арттыра түсті. Әсіресе оның теориясы индустриаландыру 
процесінің ауыртпалығын көрген қоғам үшін үміт сыйлап, жайлы сипат-
қа ие болды. Спенсердің айтуынша, қоғам тоқтаусыз алға қарай жылжып
отырады.
Спенсердің ең атақты америкалық шәкірттерінің бірі – Уильям Грэм Сам-
нер Спенсердің көптеген әлеуметтік дарвинистік идеяларын қолдап, ары қа-
рай өрбітті. Сондай-ақ Спенсер Лестер Уорд, Чарлз Хортон Кули, Э.А. Росс 
және Роберт Парк сынды алғашқы америкалық әлеуметтанушыларға зор ық-
пал етті.
Алайда 1930 жылдары Спенсердің жалпы интеллектуалды ортада, әсі ре се 
әлеуметтануда беделі болмады. Оның социал-дарвинистік, laissez-faire идея-
лары әлемдік соғыс пен ірі экономикалық тоқырау сияқты үлкен әлеумет-
тік мәселелермен салыстырғанда күлкілі болып көрінді. 1937 жылы Толкотт 
Парсонс тарихшы Крейн Бринтонның бірнеше жыл бұрын айтылған: «Қазір 
Спенсерді кім оқиды?» деген сөздеріне сүйене отырып, Спенсердің әлеумет-
тану үшін интеллектуалды өлімін жариялады. Қазір Спенсер тек қана тарих 
тарапынан қызығушылық тудырғанымен, оның идеялары Америкадағы ерте 
кезеңдегі әлеуметтану теорияларының қалыптасуында маңызды қызмет ат-


211
6-тарау

Әлеуметтану теориясына тарихи шолу: кейінгі кезең
қарды. Спенсердің еңбегі жартылай болса да ықпал еткен екі америкалық тео-
рияшының шығармашылығына қысқаша тоқталайық.
Уильям Грэм Самнер (1840–1910). Уильям Грэм Самнер – Құрама Штат-
тарда әлеуметтану атауына ие бола алатын курсты бірінші болып жүргізген ав-
тор (Delaney, 2005b). Самнер әлеуметтануды «әлемнің ешбір университетін-
де ашуға ешкім талпынбаған жылдары» оқытуды бастағанын айтады (Curtis, 
1981:63).
Самнер Құрама Штаттардағы әлеуметтік дарвинизмнің негізгі өкілі болды
алайда өмірінің соңында ол өз көзқарасын өзгертті (Delaney, 2005b, Dickens, 
2005; N. Smith, 1979; Weiler, 2007a, 2007b). Самнер мен оның студенттерінің 
арасында болған төмендегі диалог әлеуметтанушының жеке еркіндігінің қа-
жет тілігі жайындағы «либералды» көзқарасын және үкіметтің араласуына 
қар сылығын бейнелейді:
– Профессор, сіз үкімет тарапынан өндіріске көмек берілетініне сенесіз бе?
– Жоқ, өгіз сияқты барынша еңбектенбесең, құрдымға кетесің.
– Иә, бірақ өгіздің еңбек етуге құқығы бар ма?
– Жоқ, ешқандай құқығы жоқ. Әлем ешкімге өмір сыйлауға міндетті 
емес.
– Профессор, олай болса, сіз тек байланыстық-бәсекелестік жүйеге се-
несіз бе?
– Бұл – жалғыз ғана әлеуметтік-экономикалық жүйе. Басқаларының 
бар лығы қате.
– Ал егер саяси экономика профессоры келіп, сізді жұмысыңыздан 
айырса, ренжуіңіз мүмкін бе?
Тырысып көрсін, егер ол менің орнымды алса, бұл – менің қателігім. 
Менің жұмысым – ешкім мені жұмыстан айыра алмайтын деңгейде пән-
ді оқыта алуым.
(Phels, cited in Hofstadter, 1959:54)
Самнер «ең жақсы икемделген адамдар ғана аман қалады» деген бағыт-
ты әлеуметтік әлемді зерттеу үшін ұстанды. Спенсер сияқты ол адамдардың 
қоршаған ортамен күресі туралы айтты және сәттілікке ең мықтылар ғана 
қол жеткізе алатынын жазды. Осылайша, Самнер адамның агрессиялығы 
мен бәсекелестігін қолдады. Сәттілікке қол жеткізген адамдар оған лайықты, 
ал сәтсіз адамдар өз сәтсіздігіне лайықты. Спенсер сияқты Самнер де жолы 
болмаған сәтсіз адамдарға өзгелер тарапынан, әсіресе үкімет тарапынан кө-
мек көрсетуге қарсы болды. Оның ойынша, мұндай араласу адамдар арасын-
да жануарлар арасындағы сияқты ең мықтысы аман қалатын, ал әлсізі жойы-
лып кететін табиғи екшеуге қайшы келеді. Самнер жазғандай: «Егер бізге ең 
мықтының аман қалатыны ұнамаса, бізде бір ғана балама бар: әлсіздің аман 


212
II бөлім

Қазіргі заманғы әлеуметтану теориясы: негізгі мектептер
қалуы» (Curtis, 1981:84). Бұл теориялық жүйе әл-ауқат пен билікке қол жет-
кізудің үлкен айырмашылығын ақтай отырып, капитализмнің дамуына алып 
келді.
Қазіргі уақытта Самнердің тарих тарапынан басқа қызығушылық тудыр-
майтынына екі себеп бар. Біріншіден, оның теориялық бағыты мен әлеумет-
тік дарвинизмі бәсекелестік – капитализм мен оның мәртебесін орынсыз заң-
дастыруға бағытталған әрекет деп санайды. Екіншіден, Самнер Йельде білім 
алушылар саны көп әлеуметтану мектебінің қуатты базасын құра алмады. Он-
дай жетістікке бірнеше жылдан кейін Чикаго университетінде (Heyl and Heyl, 
1976) қол жеткізді. Өз уақытында Самнер беделді әрі атақты болғанымен, 
«оны қазір көп біле бермейді» (Curtis, 1981:146).
Лестер Ф. Уорд (1841–1913). Лестер Уордтың еңбек жолы өзгеше болды, 
ол уақытының негізгі бөлігін федералды үкіметтің палеонтологі қызметіне 
арнады. Осы уақытта ол Спенсер мен Контты оқып, әлеуметтануға зор қызы-
ғушылық таныта бастады. 1800 жылдардың соңы мен 1900 жылдардың басын-
да ол өзінің әлеуметтану теориясын түсіндіретін бірнеше еңбегін жария лады. 
Осы еңбегінің танымалдығының арқасында 1906 жылы Америкалық әлеумет-
танушылар қоғамының бірінші президенті болып сайланды. Сол кезде алғаш 
рет Браун университетінде жұмысқа тұрып, өмірінің соңына дейін сонда ғы-
лыми қызмет атқарды.
Уорд Самнер сияқты, «адамдар қазіргі жағдайға жеткенше дамудың көпте-
ген сатыларынан өтті» деген тұжырыммен келісті. Ол ерте заманғы қоғамдарға 
немқұрайдылық пен жабайылық тән болды, ал қазіргі қоғам күрделірек, ба-
қыт тырақ және көбірек еркіндік береді деп санады. Әлеуметтанудың, таза 
әлеуметтанудың міндеттерінің бірі – әлеуметтік өзгеріс пен әлеуметтік құ ры-
лымның негізгі заңдарын зерттеу. Алайда Уорд әлеуметтанушылардың әлеу-
меттік өмірді зерттеуін жеткіліксіз деп пайымдады.
Ол әлеуметтанудың практикалық қыры да болуы керек, яғни қолданбалы 
әлеуметтану болуы қажет деп санады. Соңғысы саналы түрде ғылыми ілім-
нің қоғамды жетілдіру мақсатында қолдану қажет екенін білдіреді. Осылайша, 
Уорд толықтай әлеуметтік дарвинист болған жоқ, ол әлеуметтік реформа лар-
дың жүргізілу қажеттігіне және оның маңыздылығына сенді.
Тарихи маңыздылығына қарамастан, Самнер мен Уорд әлеуметтану тео-
риясының дамуында ұзақ уақыт бойы маңызды орын алған жоқ. Енді біз сол 
уақыттың теорияшысы Торстейн Вебленнің еңбегін қысқаша қарастыратын 
боламыз. Торстейн Вебленнің шығармашылығы өзектілігін жоғалтқан жоқ 
және қазіргі уақытта оның әлеуметтануға деген ықпалы артып келеді. Кейін 
біз бірнеше теорияшылардың тобына, әсіресе Мид пен оның мектебіне, Амери-
кадағы әлеуметтануда мерейі үстем Чикаго мектебіне назар аударамыз. Чика-
го мектебінің орны осы ғылымда аз ғана «интеграцияланған ұжымдық интел-
лектуалды кәсіпорындардың» бірі (Париждегі Дюркгейм мектебі де солардың 
бірі болды) болуымен ерекшеленеді (Bulmer, 1984:1). Чикаго университетінде 
басталған дәстүрлі әлеуметтану мен оның теориялық (және эмпирикалық) 
мәртебесі қазір де маңызын жойған жоқ. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   162   163   164   165   166   167   168   169   ...   596




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет