Алеуметтану тероиясы indb



Pdf көрінісі
бет168/596
Дата14.11.2022
өлшемі16,19 Mb.
#50039
түріОқулық
1   ...   164   165   166   167   168   169   170   171   ...   596
ТОРСТЕЙН ВЕБЛЕН
БИОГРАФИЯЛЫҚ ШОЛУ
https://upload.wikimedia.org/wikipedia/commons/e/e9/ Veblen3a.jpg


214
II бөлім

Қазіргі заманғы әлеуметтану теориясы: негізгі мектептер
ТОРСТЕЙН ВЕБЛЕН
1906 жылы Веблен Стэнфорд университетінен доцент дәрежесін алды. Стэнфордтағы қызметінің 
Чикагодағы жағдайдан айырмашылығы, ол бакалавр студенттерін оқытты. Бірақ олардың көп-
шілігі оның түрі үшін (студенттердің бірі оны қаңғыбасқа ұқсайтынын айтты) және дәрістерінің 
зеріктіретіндігі үшін оны таңдамайтын. Вебленнің әйелқұмарлығы оның 1909 жылы Стэнфорд 
университетіндегі жұмысынан шығуына себеп болды және алдағы уақытта академиялық қызмет 
алуы қиынға соқты. Бірақ Миссури университетінің экономика кафедрасының меңгерушісі бо-
лып қызмет атқаратын досы әрі әріптесінің көмегімен Веблен 1911 жылы сол жерде қызметке 
орналасты. Осы жылы ол ажырасып, 1914 жылы бұрынғы студентіне үйленді. Ол студенті де бұ-
рын тұрмыста болған.
Миссуриде Веблен жұмысын оқытушы қызметінен бастады. Жалақыны да Стэнфордқа қарағанда 
аз алды. Сондай-ақ ол Миссури штатындағы университет қалашығы орналасқан Колумбия қала-
сын жек көрді. Ол бұл қаланы «қаладағы тоқылдақтың ойығы», ал штатты «шіріген қаңқа» деп 
атады (Dorfman, 1966:306). Алайда Миссуриде өткізген уақытта оның атақты кітаптарының бірі 
The Instinct of Workmanship and the State of the Industrial Arts («Шеберлік инстинкті және индуст-
риалды өнердің мән-жайы») жарық көрді (Veblen, [1914] 1964).
1917 жылы Вебленнің академиялық тұрақсыз мансабы тағы да бір рет айналып соқты. Бұл кезде ол 
Вашингтондағы Колумбия аймағына көшіп келген еді. Президент В. Вильсонның тапсырмасы бо-
йынша, Бірінші дүниежүзілік соғыс кезінде көші-қонды бейбіт түрде реттеу үшін құрылған топпен 
жұмыс істейтін болды. АҚШ-тың Азық-түлік қауіпсіздігі басқармасында жұмысқа қабылданған соң
Веблен Нью-Йорктағы The Dial журналының редакторларының бірі ретінде қызмет етті. Біраз 
уақыттан кейін журнал өз бағытын ауыстырды және бір жылдың ішінде Веблен өзінің редакция-
дағы орнын босатты. Сол кезде ол әлеуметтік зерттеудің жаңа мектебімен танысты. Жалақысы 
салыстырмалы түрде жоғары болды (оның негізгі бөлігіне Чикагодағы білім алушысы әсер етті). 
Ол қарапайым өмір сүрді, әйтсе де америкалық бизнестің атақты сыншысы өз ақшасын, алдымен 
Калифорнияда жүзім бақшасында жүзім егуге, кейін қор нарығына салды.
Веблен Калифорнияға 1926 жылы оралып, келесі жылы Солтүстік Калифорнияның қалашығына 
қоныс аударды. Оның экономикалық жағдайы құрдымға кетті, жүзім өндірісіне салған ақшасынан 
айырылды, қоры құнсыз болып шықты. Тек авторлық құқығы үшін жылына 500 бен 600 доллар
аралығында қаржы алып тұрды, ал чикаголық оқушысы оған жылына 500 доллар жіберуін тоқ-
тат пады. Веблен өзгеше адам болды. Мәселен, ол жанындағылармен сағаттап мүлде сөйлеспей 
отыруы мүмкін. Оның достары мен шығармашылығына бас иетін оқырмандары оған Америка 
экономикалық қауымдастықтың президенті болуға жағдай жасады, бірақ ол бұл ұсыныстан бас 
тартты. Кітап сатушының келесі сипаттамасы, бұл тұйық адам туралы көбірек ақпарат береді:
«Бұл адам – әдетте әр алты немесе сегіз апта сайын келіп тұратын тақуа, жұмбақ адам. 
Аурасы жеңіл... Оның шаштары ұзын болатын... Мен оны экономикаға қызықтыруға ты-
рыстым. Мен бір күні оның The theory of the Leisure Class («Әл-ауқатты тап теориясы») 
арқылы көңілін табуға тырыстым. Мен оған қоғамдық санаға ену үшін бұл керемет жаңа-
лық болатынын айттым... Ол барлығын мұқият тыңдап отырды, мен айтып болғанша, ол 
есік алдындағы қар секілді еріп кетті. Бір күні ол латын гимндеріне тапсырыс берді. «Мен 
сіздің атыңызды алуым керек, біз оған арнайы сіз үшін тапсырыс береміз», – дедім.
«Мұндай кітапқа ұзақ уақыт бойы сатып алушылар болмайды», – дедім. «Менің атым – 
Торстейн Веблен», – деді ол дауысын төмендетіп».
(Tilman, 1992:9–10)
Торстейн Веблен 1929 жылдың 3 тамызында үлкен депрессияның дәл алдында (көп адамдар 
оның еңбектері бұл депрессияның алдын алды деп санады) қайтыс болды (Powers, 2005).


215
6-тарау

Әлеуметтану теориясына тарихи шолу: кейінгі кезең
жасады (K. McCormick, 2011; Powers, 2005). Веблен үшін негізгі мәселе «биз-
нес» пен «өндіріс» арасындағы конфликт болды. Бизнесті Веблен өз компания-
сының кірісін ойлайтын, алайда баға мен кірісті жоғары деңгейде ұстап тұру 
үшін өндірістің санын шектеуге тырысатын өнеркәсіптің меншік иесі, басқа-
рушысы, өндірістің «капитаны» деп түсіндіреді. Олар осы арқылы өнеркәсіп-
тің қызмет етуіне кедергі жасап, өнеркәсіп өндірісіне араласпауын қажет ете-
тін жалпы қоғамға кері әсерін (мысалы, жұмыссыздықты туғызады) тигізеді. 
Осылайша, басқарушылар қоғамның көптеген ішкі мәселелерінің туындауына 
себепкер болды. Вебленнің ойынша, басқарушы өнеркәсіп жүйесін, оның қалай 
жұмыс істейтінін түсінетін және адамдардың жалпы әл-ауқатына мүдделі адам 
(мысалы, инженерлер) болуы керек.
Бүгінгі таңда Веблен еңбектерінің маңыздылығы оның «Әл- ауқатты тап 
теориясы» ([1899] 1994; Varul, 2007) кітабына қатысты айтып отыр. Веблен 
әл-ауқатты (бизнеспен тығыз байланыстағы) тапты бейберекет тұтынуды қол-
дағаны үшін сынға алады. Қоғамның басқа бөлігіне әсер қалдыру үшін олар 
«көп алдында даңғазалап уақыт өткізу» (уақытын бейберекет өткізу) мен «де-
монстрациялы тұтынуға» (тауарларды өз бағасынан қымбатқа алуға) жол бе-
ретінін айтады. Осындай мысал қоғамның барлық тобындағы адамдарға әсер 
етеді, олар тікелей және жанама түрде әл-ауқатты топқа еліктеуге тырысады. 
Нәтижесінде, өз уақыты мен ақшасын оңды-солды жұмсайтын қоғам пай-
да болады. Вебленнің бұл жұмысындағы ең маңызды нәрсе, ол сол уақытта 
жазылған әлеуметтанулық жұмыстардың көпшілігіне қарағанда (Вебленнің 
өзге де шығармаларын қосқанда) «Әл-ауқатты тап теориясы» өндіріске 
емес, тұтынуға мән береді. Осылайша, бұл еңбек әлеуметтік теорияның бү-
гінгі өндірістен тұтынуға қарай жылжуын алдын ала көрсетті (Ritzer, 2010a; 
Ritzer, Goodman, and Wiedenhoft, 2001; Slater, 1997; also a journal—Journal of 
Consumer Culture—began publication in 2001).


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   164   165   166   167   168   169   170   171   ...   596




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет