Алеуметтану тероиясы indb


Анағұрлым интегратив конфликт теориясы



Pdf көрінісі
бет227/596
Дата14.11.2022
өлшемі16,19 Mb.
#50039
түріОқулық
1   ...   223   224   225   226   227   228   229   230   ...   596
Анағұрлым интегратив конфликт теориясы 
Рэндалл Коллинздің конфликт теориясы (1975; RosselandCollins, 2001) Дарен-
дорф пен басқалардың макроконфликт қатынастар теориясынан өзгеше мик-
робағыттағы ізденістерге жол ашты. Өзінің ертеректегі жұмысында Коллинз 
былай дейді: «Конфликтілер теориясына енгізген менің өзіндік үлесім... макро-
деңгейдегі теорияларды микродеңгейлі теориямен толықтыру болды. Мен, не-
гізінен алғанда, стратификация мен ұйымның күнделікті өмірдегі өзара әрекет-
тестікке негізделетінін түсіндіруге тырыстым» (1990:72).
17
Коллинз конфликтіге ден қоюда ешқандай идеологиялық мән болмай тынын 
түсіндіруге тырысты; яғни ол конфликтілерге жақсы немесе жаман деп саяси 
тұрғыдан баға бермеді. Керісінше, ол конфликтіге шындық пен бірлік ретінде 
қарап, оның қоғамдық өмірдегі басты процесс екенін тұжырымдады. Тео риялық 
түп тамыры феноменология мен этнометодологияда жатқандықтан, Коллинз 
конфликтіге индивидуалдық тұрғыдан қарау арқылы қоғамдық дең гейде қалып 
отырған басқа зерттеушілерден анағұрлым ерекшеленді.
Индивидуалдық пен шағын масштабтағы теорияларға баса мән бергеніне 
қарамастан, Коллинз «Әлеуметтанудың тек қана макродеңгейде тиімді бол-
майтынын» білді (1975:11); конфликт теориясын қоғамдық талдаусыз тұжы-
рымдау мүмкін емес. Қалай болғанда да конфликтінің көптеген теорияшыла-
ры әлеуметтік құрылымды актордан тыс, сыртқы және еріксіз көндіретін күш 
дегендеріне қарамастан, Коллинз әлеуметтік құрылымды өздерін жасау үшін 
әрекет етушілерден ажыратпай, олардың мінез-құлық модельдерін оның мәні 
ретінде қарады. Коллинз әлеуметтік құрылымды сыртқы және мәжбүрлеуші 
күш емес, өзара әрекет модельдері ретінде қарастыруға ынта қойды. Бұдан 
басқа өз заманындағы конфликт теорияшыларының акторды сыртқы күшпен 
тежеу туралы айтқандарынан өзгеше, Коллинз акторды әлеуметтік ұйымды 
үнемі ұйымдастырып әрі оны қайтадан құрып толассыз дамытып отырушы 
күш деп есептеді.
Коллинз марксистік теорияны конфликт теориясының «қайнар көзі» деп 


291
7-тарау

Құрылымдық функционализм, жүйелер теориясы және конфликт теориясы 
білді, алайда оның көзқарасы бойынша, мұның өзіндік кілтипаны бар. Бірінші-
ден, ол (құрылымдық функционализм сияқты) өте идеологияшыл, сондықтан 
одан қашу керек. Екіншіден, Маркстің зерттеуі экономикалық саланы талдауға 
бағытталды, сондықтан Маркстің теориясын сынау негізсіз. Шын мәнінде, Кол-
линз Маркске жиі жүгінді және оның конфликт теориясынан аз да болса Маркс-
тің ықпалын байқауға болады. Оның көзқарасына көбірек әсер еткен – Вебер, 
Дюркгейм және бәрінен бұрын феноменология мен этнометодология.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   223   224   225   226   227   228   229   230   ...   596




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет