Алеуметтану тероиясы indb


7-тарау • Құрылымдық функционализм, жүйелер теориясы және конфликт теориясы  Конфликт теориясы



Pdf көрінісі
бет224/596
Дата14.11.2022
өлшемі16,19 Mb.
#50039
түріОқулық
1   ...   220   221   222   223   224   225   226   227   ...   596
285
7-тарау

Құрылымдық функционализм, жүйелер теориясы және конфликт теориясы 
Конфликт теориясы
Конфликт теориясын ішінара болса да құрылымдық функционализмге берілген 
жауап және бұған дейін талқыланған көптеген сын-пікірлердің негізінде дамы-
ған ілім ретінде қарастыруға болады. Алайда конфликт теориясының басқа да 
тамырларын, атап айтқанда, Маркстің және Вебердің теориясы мен Зиммельдің 
әлеуметтік конфликт жөніндегі еңбегін (Sanderson, 2007; J.Turner, 2005) атаған 
жөн. 1950 және 1960 жылдары конфликт теориясы құрылымдық функциона-
лизмнің баламасы болды, бірақ содан соң көптеген неомарксистік теориялар-
мен (қараңыз: 8-тарау) ауыстырылды. Шын мәнінде, конфликт тео риясының 
ғылымға қосқан маңызды үлесі жайлы сөз қозғағанда, ең әуелі, оның әлеуметтік 
кең аудиторияны қамту үшін Маркстің өз еңбегіне анағұрлым әділ теориялық 
негіз қалағанын айта кеткен абзал. Конфликт теориясының негізгі кемшілігі – 
бұл оның өзін құрылымдық-функционалистік тамырдан жеткілікті деңгейде 
ажырата алмауы. Бұл өзінің шығу тегі жөнінен қоғамның сыни теориясынан 
гөрі, кері төңкерілген құрылымдық функционализм болды.
Ральф Дарендорфтың еңбегі
Функционалистер сияқты, конфликт теорияшылары әлеуметтік құрылымдар 
мен институттарды зерттеумен айналысты. Негізінен алғанда, бұл теория, әдет-
те функционалистік позицияға тікелей қарама-қарсы бірқатар тұжырым дарды 
білдіреді. Бұл қарама-қайшылық функционалдық теория мен конфликт прин-
циптерді қарама-қарсы қоятын Ральф Дарендорфтың еңбектерінде (1958, 1959, 
қараңыз, сонымен қатар Штрассер және Ноллман, 2005) жақсы сипатталады. 
Функционалистер үшін қоғам статикалық немесе ең әрі кеткенде, қозғалма-
лы тепе-теңдік күйде. Бірақ Дарендорф үшін және конфликт тео рияшылары 
үшін әрбір қоғам әрбір ортада өзгерістер процесіне ұшырайды. Функционалис-
тер қоғамнан тек тәртіптілікті ғана көрсетсе, конфликт теорияшылары даулар 
мен конфликтілерді әлеуметтік жүйенің әрбір нүктесінен көреді. Функ циона-
листердің (немесе ішінара, ертеректегі функционалистер) тұжы рымдауынша, 
қоғамның әрбір элементі тұрақтылыққа әсер етеді; конфликт теориясының 
өкілдері қоғам элементтерінің көпшілігін ыдырауға және өзгертуге ықпал ете-
тін тетік ретінде қарастырады. Функционалистер қоғамды бейресми тәртіппен, 
құндылықтармен және жалпы моральдың көмегімен қабылдауға дайын. Кон-
фликт теорияшылары қоғамдағы әрбір тәртіпті жоғарыда тұрған дардың кейбір 
элементтерді күштеп көндіру арқылы болатын құбылыс ретінде қарастырады. 
Функционалистер жалпы қоғамдық құндылықтар арқылы жа салып отырған 
ынтымақтастыққа көңіл қойып жатқанда, конфликт теорияшылары қоғамдағы 
тәртіпті сақтаудағы биліктің рөлін бөліп көрсетеді.
Дарендорф (1959, 1968) қоғамның екі түрлі жағы (конфликт және консенсус) 
бар екені туралы позицияны ұстанып, әлеуметтану теориясын кон фликт тео-
риясы және консенсус теориясы деп екіге бөледі. Консенсус теорияшылары қо-
ғамдағы құндылықтардың интеграциясын зерттеуі тиіс, ал конфликт теорияшы-
лары мүдделер конфликтісін және қоғамды күйзеліс алдында еріксіз біріктіретін 
шарасыздықты қарастыруы керек. Дарендорфтың айтуынша, қоғам бір-бірінің 
алғышарттары болып табылатын конфликтер мен консенсустарсыз (пәтуалас-
тық) өмір сүре алмайды. Осылайша, егер алдын ала келісім болмаса, конфлик-
тінің болуы мүмкін емес. Мысалы, француздық үй шаруасындағы әйел Чилидің 


286
II бөлім

Қазіргі заманғы әлеуметтану теориясы: негізгі мектептер
шахматшысымен дауға килікпейді. Өйткені олардың арасында конфликт негізі 
болатын алдын ала интеграцияға бағдар ланған байланыс жоқ. Керісінше, кон-
фликт консенсус пен интеграцияға алып келуі мүмкін. Мысал ретінде, Екінші 
дүниежүзілік соғыстан кейінгі Құрама Штаттар мен Жапония арасындағы одақ-
ты келтіруге болады. Консенсус пен конфликтінің арасындағы өзара байланысқа 
қарамастан, Дарендорф: «Бәлкім, Батыс философиясы қалыптасқаннан бастап 
ойшылдарды ойландырған тео рияларды біріктіру мүмкін емес болар», – деп, екі 
процесті де қамтитын біртұтас әлеуметтану теориясын жасауға оптимистік пейіл 
білдірген жоқ (1959:164). Сингулярлық (арнаулы) теорияны зерттей отырып, Да-
рендорф қоғамның конфликт теориясын жасауды ұйғарды.
14
Дарендорфтың бұл бағыттағы еңбегіне құрылымдық функционализмнің ти-
гізген ықпалы өте зор болды. Оның айтуынша, функционалист үшін әлеуметтік 
жүйе еркін серіктестік, жалпы келісім немесе екеуі қосақталып та келеді. Алай-
да конфликт (немесе көндіру) теорияшысы оны қоғамды біріктіретін «еріксіз 
шектеу» дейді. Осылайша, қоғамдағы кейбір позициялар билік және басқаларға 
билік ету сипатында көрініс табады. Қоғамдық өмірдің бұл дерегі Дарендорф-
ты биліктің жіктелген түрде бөлінуі «жүйелі түрде әлеуметтік конфликтілерді 
анықтаушы фактор ретінде өзгеріссіз қалыптасады» деген ортақ тезиске алып 
келді (1959:165).
Билік. Дарендорф ірі әлеуметтік құрылымдарға назар аударады.
15
Оның баян-
дамасының негізінде қоғамдағы түрлі позициялар әртүрлі өкілет тілікке ие бо-
лады деген идея жатыр. Билік адамдарда емес, лауазымдарда болады. Дарен-
дорф бұл позициялардың құрылымына емес, олардың арасындағы конфлик-
тілерге қызығушылық білдіріп: «Мұндай конфликтілердің құрылымдық шығу 
жағдайларын үстемдік пен бағынуға негізделген әлеуметтік рөлдердің ұйым-
дастырылуынан іздеу қажет», – дейді (1959:165, italics added). Дарендорфтың 
айтуынша, конфликтілерді талдаудағы алғашқы міндет – қоғамдағы түрлі өкі-
леттіктерді анықтау. Биліктің рөлі сияқты ірі масштабтағы құры лымдарды қа-
растыруға қосымша түрде Дарендорф индивидуалдық деңгейге назар аударған-
дарға қарсы болды. Мысалы, ол лауазымды иеленген адамдардың психология-
лық және мінез-құлықтық сипаттамаларына назар аударғандарды сынға алды. 
Ол тіпті «мұндай тәсілді басшылыққа алғандар әлеуметтанушы емес» деген 
пікірді де айтады.
Өкілеттіктерге бекітілген билік – Дарендорф талдауының негізгі элемен-
ті. Билік әрдайым басқаруды, сонымен қатар бағынуды білдіреді. Кім басқару 
өкілеттігіне ие болса, сол бағынушыларды бақылап отырады; яғни олар өзде-
рінің психологиялық ерекшеліктеріне емес, айналасындағылардың міндетіне 
қатысты басымдыққа ие болады. Бедел сияқты, бұл міндет адамның өзіне емес, 
лауазымдарға бекітілген. Билік жалпыланған әлеуметтік құбылыс емес; кімнің 
тексеруге жататыны, сонымен қатар тексерудің рұқсат етілген сфералары қо-
ғамда көрсетілген. Соңында, бедел заңды түрде болғандықтан, санкциялар оны 
орындамағандарға қатысты болады.
Дарендорфтың пайымынша, билік адамдарда емес, лауазымдарда болған-
дықтан тұрақты емес. Осылайша, бір жағдайда өкілеттікке ие адам, басқа жағ-
дайда міндетті түрде өкілеттікке ие болуы міндетті емес. Дәл осылай бір топта 
бағынышты жағдайда отырған адам басқа жағдайда да бағынышты күйде болуы 
мүмкін. Мұны Дарендорфтың қоғам императивті үйлестірілген ассоциациялар 
деп аталатын бірқатар бірліктерден тұрады деген дәлелінен көруге болады. Олар 


287
7-тарау

Құрылымдық функционализм, жүйелер теориясы және конфликт теориясы 
билік қызметінің иерархиясы арқылы бақыланатын адамдардың ассоциациясы 
ретінде қарастырылады. Қоғам көптеген осындай ассоциациядан тұратындық-
тан, адам бір жағдайда билік лауазымын иеленіп, ал екінші жағдайда бағыныш-
ты болуы мүмкін.
Өкілеттік әрбір ассоциацияда дихотомиялық сипатқа ие болады; осылайша, 
екі, тек қана екі, жанжалдасу тобы әрбір ассоциацияның шегінде қалыптасуы 
мүмкін. Басшылық лауазымын иеленіп және бағыну жағдайын да бастан кеші-
ріп отырған адам «мәні мен бағыты жағынан қарама-қайшы» белгілі бір мүдде-
лерге ие болады. Мұнда біз Дарендорфтың конфликт – мүдделер теориясының 
негізгі ұғымдарымен ұшырасамыз.
Жоғарғы және төменгі топтар ортақ мүдделерімен анықталады. Дарендорф 
өзінің тұжырымдарында, тіпті бұл мүдделер психологиялық болып көрінген-
мен, негізінен алғанда, ірі масштабтағы құбылыстар екенін нақты айтады.
«Жанжалды топтар мен топтық қақтығыстарды әлеуметтік талдау мақ-
сатында белгілі бір лауазымдағы қызметкердің құрылым қалыптастыр-
ған іс-әрекетінің бағытын қарау қажет. Олардың іс-әрекетінің саналы
(субъек тивті) бағыттарымен ұқсас мүдделерін бейнелеу сенімдеріне сәй-
кес болады. Әлеуметтік лауазымдармен байланысты (объективті) мүд-
делерді қабылдаудың психологиялық салдарлары болуы немесе болмауы 
мүмкін; бұл әлеуметтік талдаудың өзіндік деңгейіне қатысты».
(Dahrendorf, 1959:175; italics added)
Әрбір ассоциацияда кім үстемдікке ие болса, өз мәртебесін сақтап қалуға 
тырысса, бағыныштылар өзгерістерді қалап отырады. Кез келген ассоциация-
ның ішінде мүдделер конфликтіні әрдайым жасырын, яғни биліктің заңдылығы 
әрқашан қатерлі. Әрекетке бағынатындар немесе бағындыратындар әрекет етуі 
үшін мүдделер конфликті саналы болмауы тиіс. Әрекетке бағынатындардың не-
месе бағындыратындардың мүдделері объективті түрде олардың лауазымдары-
на байланысты міндеттерде (рөлдер) бейнеленеді. Адамдарға үйлесімді әрекет 
ету үшін бұл міндеттерді меңгеру де, тіпті сезіну де қажет емес.
Егер олар лауазымдарды иеленсе, оны міндетке сай орындайды. Бағын ды-
ратындар мен бағыныштылар арасындағы конфликт жағдайларда адам дар өз-
дерінің рөлдеріне қатысты «оңалады» және «бейімделеді». Дарендорф рөлдерді 
санасыз түрде күтуді латентті мүдделер деп атады. Айқын мүдделер – саналы 
түрге айналған жасырын мүдделер. Дарендорф жасырын және айқын көрінген 
мүдделер арасындағы байланысты талдауды конфликт тео риясының маңызды 
міндеті деп қарастырады. Соған қарамастан, үйлесімді әрекетке көшпес үшін ак-
торлар өз мүдделерін сезінбеуі тиіс. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   220   221   222   223   224   225   226   227   ...   596




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет