Алеуметтану тероиясы indb


Топтар, конфликт және өзгеріс



Pdf көрінісі
бет225/596
Дата14.11.2022
өлшемі16,19 Mb.
#50039
түріОқулық
1   ...   221   222   223   224   225   226   227   228   ...   596
Топтар, конфликт және өзгеріс. Дарендорф топтардың үш типін көрсетті. Бі-
ріншісі – квазитоп немесе «Бірдей рөлдік мүдделері бар – мәртебелерге ие қыз-
меткерлердің жиынтығы» (Dahrendorf, 1959:180). Бұл – екінші типтегі мүдделі 
топ тарға таңдау. Дарендорф екі топты бейнеледі:
«Неғұрлым ірі квазитоптардан алынған мүдделі топтарға тән мінез-құ-
лықтың жалпы режимі. Мүдделі топтар – әлеуметтану ұғымның қатал 
мағы 
насындағы топтар; олар толық конфликтілердің шын агенттері. 


288
II бөлім

Қазіргі заманғы әлеуметтану теориясы: негізгі мектептер
Олардың құрылы мы, ұйымдастырылу формалары, бағдарламасы немесе 
мақсаты және мүшелері бар». 
(Dahrendorf, 1959:180)
Көптеген мүдделі топтардан конфликтілі топтарға немесе топтық кон фликті-
лерге шын мәнінде қатысатындар қалыптасады. Дарендорфтың тұжырым да уынша, 
жасырын және айқын мүдделер, квазитоптар, мүдделі топтар және конфликтілі 
топтар әлеуметтік конфликтілерді түсіндірудің негізін қалайды. Идеалды жағдайда 
басқа ешқандай айнымалылар қажет емес. Алайда жағ дай лар ешқашан мінсіз бол-
майтындықтан, бұл процеске көптеген түрлі фак тор араласады. Дарендорф техни-
калық жағдайларды, атап айтқанда, адек ватты қызметкерлер, саяси жағдайларды, 
яғни жалпы саяси климат пен әлеу меттік жағдайларды, қысқасы, коммуникация-
лық байланыстардың болуын айтты. Адамдарды квазитоптарға топтау – Дарен-
дорф үшін маңызы бар басқа әлеуметтік жағдай. Оның ойынша, егер топтау кенет-
тен болып және кездейсоқ жолмен анықталса, онда мүдделі топтар және ақырында 
конфликтілі топтардың пайда болуы екіталай. Дарендорф адамдардың кенеттен 
жиналуына байланысты ақыр соңында даулы топтарды қалыптастыратын люмпен-
пролетариатты
16
сезінбеді. Квазитоптарға топтау құрылымдық тұр ғыдан анық-
талғанда, бұл топтар мүдделілер тобын, ал кейбір жағдайларда даулы топтарды қа-
лыптастыруға жақсы мүмкіндіктер жасайды.
Дарендорфтың конфликт теориясының соңғы аспектісі даулардың өзге ріс-
терге қатынасын сипаттайды.
Мұнда Дарендорф статус-кво қолдануда конфликт функциясына бас ты кө-
ңіл аударған Льюис Козер (қараңыз: келесі тарау) еңбегінің маңызын мойын-
дады. Алайда Дарендорф конфликтілердің консервативті қызметі әлеуметтік 
шындықтың бір бөлігі екенін сезінді; сонымен қатар кон фликт өзгерістер мен 
дамуға алып келеді.
Қысқаша айтқанда, Дарендорф конфликтілік топтардың пайда болған сәті-
нен әлеуметтік құрылымды өзгертуге алып келетін іс-шараларға қатысатынын 
тұжырымдады. Конфликтілер шиеленіскен жағдайда радикалды өзгерістерге 
әкеледі. Егер де ол зорлық-зомбылық көрсетумен байланысты болса, құрылым-
дық өзгерістер күтпеген жерден туады. Тәуелсіз әлеуметтанушылар конфликті-
нің сипатына қатысты конфликтілер мен өзгерістерге, сонымен қатар кон флик-
тілер мен статус-кво арасындағы қатынастарға көңіл аударуы тиіс. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   221   222   223   224   225   226   227   228   ...   596




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет