Алеуметтану тероиясы indb



Pdf көрінісі
бет237/596
Дата14.11.2022
өлшемі16,19 Mb.
#50039
түріОқулық
1   ...   233   234   235   236   237   238   239   240   ...   596
Сыни теория
Сыни теория – бұл марксистік теорияның мән-мазмұнына қанағаттанбаған 
неміс неомарксистері тобының шығармашылық туындысы (J. Bernstein, 1995; 
Kellner, 1993, 2005b; for a broader view of critical theory, see Agger, 1998), соның 
ішінде, оның экономикалық детерминизмге бейімділігі. Сыни теориямен бай-
ланысты ұйым – Әлеуметтік зерттеу институты (Institute of Social Research)
1923 жылы 23 ақпанда Германияның Франкфурт қаласында ресми түрде не-
гізі қаланған (Wheatland, 2009; Wiggershaus, 1994). Сыни теория франкфурт-
тік мектеп шеңберінен де шығып кетіп, кеңірек насихатталған (Calhoun and 
Karaganis, 2001; Kellner, 2005b; Langman, 2007; Telos, 1989–1990). Ол маңызды 
еуропалық бағыт болған және болып қалады да, дегенмен оның ықпалы амери-
калық әлеуметтанушылар арасында да арта түсті.


305
8-тарау

Неомарксистік теорияның әралуандығы
Әлеуметтік және интеллектуалды өмірдің негізгі сын-пікірлері
Сыни теория айтарлықтай деңгейде әлеуметтік және интеллектуалды өмірдің 
түрлі аспектілерін қамтыған, бірақ оның басты мақсаты – қоғам табиғатын нақ-
ты түрде ашу еді (Bleich, 1977).
Маркс теориясына сын-пікірлер.
Сыни теория марксистік теорияларды өзінің 
негізгі іргетасы ретінде санайды. Сыни теорияшыларды бәрінен бұрын эконо-
микалық детерминизм мазалайды: механистік немесе механикалық марксистер 
(Antonio, 1981; Schroyer, 1973; Sewart, 1978). Кейбіреулер (мысалы, Habermas, 
1971) Маркстің түпнұсқалық жұмыстарында ішінара кездесетін детерминизм-
ді сынайды, бірақ көбі өз сынын неомарксистерге бағыттайды. Бірінші себебі, 
олар Маркс шығармашылығын аса механистік ыңғай мен қарастырған. Сыни 
теория жақтаушылары экономикалық салаға ерекше назар аудара отырып, эко-
номикалық детерминизм дұрыс деп пайымдайды. Дегенмен олар әлеуметтік 
өмірдің басқа да аспектілерімен айналысу қажет болғанын атап өткен. Біз ал-
дағы уақытта көз жеткізетініміздей, сыни мектеп бұл жағдайды мәдени салаға 
көңіл аудару арқылы реттеуге тырысады (Fuery and Mansfield, 2000; Schroyer, 
1973:33). Сыни мектеп марксистік теорияға орынсыз шабуылдаумен бірге 
марксистік теория негізінде іргесі қаланған Кеңес Одағы секілді қоғамды да 
сынады (Marcuse,1958). 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   233   234   235   236   237   238   239   240   ...   596




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет