Алеуметтану тероиясы indb


Капитал мен еңбек тақырыбындағы өзге зерттеулер



Pdf көрінісі
бет251/596
Дата14.11.2022
өлшемі16,19 Mb.
#50039
түріОқулық
1   ...   247   248   249   250   251   252   253   254   ...   596
Капитал мен еңбек тақырыбындағы өзге зерттеулер. 
Басқару мәселесі Ри-
чард Эдвардс үшін аса маңызды (1979). Эдвардс ХХ ғасырдағы жұмыс орны-
ның өзгеру сырын бақылаудан іздейді. Маркстің ізінен ере отырып, Эдвардс 
бұрынғы және қазіргі жұмыс орнын таптық конфликтінің алаңы ретінде қа-
растырады, бұл оның терминінде «дау-дамай жері» болып аталған. Бұл сала-
ның төменгі жағында айтарлықтай драмалық өзгерістер болды. ХІХ ғасыр-
дағы бәсекеге қабілетті капитализмде «қарапайым» басқару қолданылған
онда билік жеке-дара жүзеге асырылды, жұмысшыларға кеңес беру, қорлау 
не қорқыту үшін жұмыс процесіне жиі араласып отырған және жақсы өнім-
ділік үшін сыйақы беріліп, жалдау және тұрған орнында атып тастау, қызмет 
көрсетушілердің адалдығын қолдау және жақсы ниеттестік немесе, керісін-
ше, деспот секілді басқару әре кеттері қолданылған (R. Edwards, 1979:19). 
Көптеген шағын бизнесте бұл ба қылау жүйесі жалғасса да, қазіргі заманғы 
ауқымды ұйымдар үшін тым қатыгездік болды. Осындай ұйымдарда қара-
пайым бақылау тұлғасыз, техникалық және бюрократиялық басқарудың 
неғұрлым күрделі механизм дерімен ауыстырылды. Қазіргі заманда қызмет-
керлерді жұмыс істейтін технологиялар арқылы басқаруға болады. Бұған 
классикалық мысал ретінде, авто көлік құрастыру желісін айтсақ болады
онда жұмысшылардың әрекеттері желі нің үзіліссіз қажеттіліктерімен анық-


326
II бөлім

Қазіргі заманғы әлеуметтану теориясы: негізгі мектептер
талады. Тағы бір мысал: қызметкердің қаншалықты жұмыс істейтінін және 
қаншалықты қателесетінін нақты қадаға лауға болатын заманауи компьютер 
бар. Қазіргі заманғы қызметкерлер де қада ғалаушылар ұйымының жеке ба-
қылауымен емес, бюрократияның жеке ере же лерімен бақыланады. Капита-
лизм үнемі өзгеріп келеді және онымен бірге жұ мысшылар да жаңа әдіспен 
бақыланып басқарылады.
Сондай-ақ Майкл Буравойдың (1979) жұмысын және капиталистік жүйе-
дегі жұмысшылардың неге соншалықты еңбек ететініне қызығушылығын атап 
өтуге болады. Ол Маркстің түсіндіруі бойынша, мұндай қиын жұмыс мәжбүр-
леудің нәтижесі екенін қабылдамайды. Кәсіподақтардың пайда болуы және 
басқа да өзгерістер өнеркәсіптің өз еркімен билеп-төстеуін жой ды. «Мәжбүр-
леу жұмысшылардың цехтағы жұмыс орнына келгенде не істе генін түсіндіре 
алмады» (Burawoy, 1979:xii). Буравойдың ойынша, ішінара жұ мысшылар ка-
питалистік жүйеде жұмыс істеуге келіседі және, ең болмаса, келісімнің бір бө-
лігі жұмыс орнында жасалады.
Біз Буравойдың көзқарастарын зерттеуінің бір аспектісінен көре аламыз. 
Бұл аспект – жұмысшылардың жұмыс орында ойнайтын ойындары мен жал-
пы алғанда, олардың дамытатын бейресми практикалары. Сарапшылардың 
көбі оларды иеліктен айыруға және жұмысқа байланысты басқа да наразылық-
тарды төмендету барысындағы жұмысшылардың күші ретінде қарастырады. 
Бұдан басқа олар әдетте қызметкерлерді басшылыққа қарсы тұратын әлеумет-
тік тетік деп есептеді. Керісінше, Буравой бұл ойындар «әдетте тәуелсіз, басқа-
руға қарсы» емес деп қорытындылайды (1979:80). Іс жүзінде, «басшылық, кем 
дегенде төменгі деңгейде, ойын ұйымдастыруда ғана емес, оның ережелерін 
сақтауды қамтамасыз етуге де қатысады» (1979:80). Басшылыққа, ұйымға не-
месе, сайып келгенде, капиталистік жүйеге қарсы тұрудың орнына бұл ойын-
дар шын мәнінде оларды қолдайды. Біріншіден, ойыншылар өзара жалпыға 
ортақ ойын ережелерін анықтайтын әлеуметтік қатынастар жүйесі (билеуші 
менеджер жұмысшы) туралы келісім жасайды. Екіншіден, менеджерлер мен 
жұмысшылар ойынға қатысқандықтан, ойынға жауап беретін антагонистік 
әлеуметтік қатынастар жүйесі жасырын қалады.
Буравойдың пайымдауынша, белсенді ынтымақтастық пен келісімді қа-
лыптастырудың мұндай әдістері қызметкерлердің табысқа жету үшін ынты-
мақтастығын күшейтуге қарағанда әлдеқайда тиімді (мысалы, ынтымақтас-
тық жасамайтын адамдарды жұмыстан шығару сияқты). Ақырында Буравой 
мұндай ойындар мен басқа бейресми практикалар қызметкерлердің жүйеге 
мойынсұнуына, сондай-ақ табыстың үнемі өсіп отыруына өз үлесін қосады 
деп есептеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   247   248   249   250   251   252   253   254   ...   596




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет