Алеуметтану тероиясы indb



Pdf көрінісі
бет252/596
Дата14.11.2022
өлшемі16,19 Mb.
#50039
түріОқулық
1   ...   248   249   250   251   252   253   254   255   ...   596
Фордизм және постфордизм
Экономикалық бағыттағы марксистердің ең соңғы мәселелерінің бірі – «біз 
«фордизмнен» «постфордизмге» көшудің куәсі болдық па?» деген сауал 
(A. Amin, 1994; Kiely, 1998; Wiedenhoft, 2005). Бұл алаңдаушылық заманауи 
кезеңнен постмодернистік қоғамға өтіп кеткеніміз туралы үлкен мәселеге бай-
ланысты туындады (Gartman, 1998). Осы мәселені біз жалпы (17-тарау), сон-
дай-ақ қазіргі заманауи теорияшыл-марксистер (осы тараудың соңында) қалай 
қарастыратынын талқылаймыз.
Жалпы, фордизм заманауи дәуірге, ал постфордизм соңғы постмодерн 


327
8-тарау

Неомарксистік теорияның әралуандығы
дәуірімен байланысты (фордизмге деген марксистік қызығушылық жаңа емес, 
Gramsci [1971] 1931 жылы бұл туралы эссе жазды).
Фордизм, әрине, Генри Фордтың ойлап тапқан идеяларымен, принциптері-
мен және жүйелерімен байланысты. Форд, әдетте, қазіргі заманғы жаппай өн-
діріс жүйесін дамытуға, ең алдымен, автокөлік құрастыру желісін құру арқылы 
келеді. Фордизммен байланысты келесі сипаттамаларды атауға болады:
– біртекті өнімнің жаппай өндірісі;
– инструменталды сызық сияқты икемді емес технологияларды қолдану;
– стандартталған жұмыс тәртібін (Taylorism) қабылдау;
– 
өнімділіктің артуы «масштаб эффектісі», сондай-ақ деквалифика-
ция, интенсификация және еңбек гомогенизациясы арқылы іске асады
(Clarke, 1990:73);
– бұқаралық жұмысшылар мен бюрократиялық кәсіподақтардың пайда 
болуы;
– кәсіподақтармен біртұтас жалақы туралы келіссөздер пайда мен өнімді-
лікті арттырады;
– бұқаралық өндірістердің тұтыну үлгілерін гомогенизациялау, нәтиже-
сінде гомогенделген өнімдер нарығының өсуі;
– кәсіподақ арқылы жалақының өсуі, жаппай өндірілген өнімнің артуына 
деген сұранысты тудырады;
– кейнстік макроэкономикалық саясат пен еңбек нарығын реттейтін 
өнімдер нарығы, мемлекет тарапынан ұжымдық келіссөздер арқылы 
реттелінеді;
– өнеркәсіп талап ететін жаппай жұмысшыларды дайындайтын оқу орын-
дары (Clarke, 1990:73).
XX ғасырда фордизм, әсіресе Құрама Штаттарда өркендеп, өз шегіне жет-
ті. 1970 жылдары, яғни 1973 жылғы мұнай дағдарысы, америкалық автомобиль 
индустриясының бәсеңдеуі және жапон әріптестерінің қарқынды дамуынан 
кейін төмендей бастады. Нәтижесінде біз фордизмнің құлдырауына және пост-
фордизмнің үстемдік құрғанына куә боламыз:
– бұқаралық өнімдерге деген қызығушылықтың төмендеуі, әсіресе сәнде 
және сапада жоғары мамандандырылған өнімдерге қызығушылықтың ар-
тыуымен бірге жүреді;
– қосымша мамандандырылған өнімдер қысқа өндіріс процестерін талап 
етеді, бұл аз мөлшердегі өндірістік жүйелердің пайда болуына әкеледі;
– жаңа икемді өндіріс заманауи технологиялардың пайда болуымен табыс 
табады;


328
II бөлім

Қазіргі заманғы әлеуметтану теориясы: негізгі мектептер
– заманауи технологиялар қызметкерлерден өз кезегінде әртүрлі дағдылар-
ды, үздік оқытуды, үлкен жауапкершілікті және автономияны талап етеді;
– өндіріс барынша икемді жүйелер арқылы басқарылуы керек;
– үлкен, икемсіз бюрократияны икемді жұмыс істеу үшін айтарлықтай өз-
герту қажет;
– бюрократияға ұшыраған кәсіподақтар (және саяси партиялар) енді жаңа 
және өте сараланған еңбек күшінің қызығушылықтарын, мүдделерін та-
лапқа сәйкес қорғамайды;
– орталықтандырылмаған ұжымдық келіссөздер орталықтандырылған ке-
ліссөздерді ауыстырады;
– қызметкерлер адам ретінде барынша саралана түседі және сараланған әр-
түрлі тауарларға, өмір салты мен мәдениет мекемелеріне мұқтаж болады;
– орталықтандырылған мемлекет жалпы халықтың түрлі қажеттіліктерін 
қанағаттандыра алмайды (мысалы, денсаулық, әл-ауқат, білім) осыған 
сай дифференциалды, икемді мекемелер қажет (Clarke,1990:73–74).
Егер фордизмнен кейінгі постфордизмге ауысудың нәтижелерін қоры-
тындылау қажет болса, ол гомогендіктен гетерогендікке көшу түрінде си-
пат талады. Бұл жерде екі негізгі мәселе бар. Біріншіден, фордизмнен пост-
фордизмге көшу болды ма (Pelaez and Holloway, 1990)? Екіншіден, пост-
фордизм фор дизмге байланысты мәселелерді шешеді деген үміт бар ма?
Біріншіден, әрине, фордизммен постфордизм арасындағы анық тарихи 
үзіліс болған жоқ (S. Hall, 1988). Постфордизмнің қазіргі заманғы элемент-
тері заманауи әлемде пайда болғанын мойындағымыз келсе де, фордизм эле-
мент терінің жоғалып кетпейтіні және ары қарай сақтала беретіні анық.
Мысалы, «McDonaldism» дейтін фордизммен ұқсас көптеген қасиетке 
ие құбылыс қазіргі қоғамда керемет қарқынмен өсіп келеді. Fast-food мей-
рамханасының үлгісі негізінде «McDonaldism» қағидалары қоғамның көп 
салаларында қолданылады (Ritzer, 2013).
«McDonaldism» (макдональдизм) фордизмнің өзіне ұқсас көптеген бел-
гі лері мен біртектес: ол да қатаң технологиялармен, стандартталған жұмыс 
тәртібімен, буферизациямен, еңбекті гомогенизациялаумен (тұтынушы-
мен), жаппай жұмысшымен, тұтынуды гомогенизациялаумен т.б сипаттар-
мен ерекшеленеді. Осылайша фордизм қазіргі заманауи әлемде де бар, бірақ 
ол макдональдизмге ауысқан. Сонымен қатар классикалық фордизм, мыса-
лы, жинақтық сызық түрінде, америкалық экономикада айтарлықтай өз мә-
нін сақтаған.
Екіншіден, егер постфордизм бізбен бірге өмір сүріп отыр деген идеяны 
мойындасақ, ол қазіргі заманғы капиталистік қоғамның мәселелерін шеше 
ала ма? Кейбір неомарксистер (және капиталистік жүйенің көптеген жақ-
таушылары [Womack, Jones and Roos, 1990]) оған зор үміт артады: «Пост-
фордизм негізінен болашақ капиталистік дамуда әлеуметтік демократия-
ның құтқарушысы болады» (Clarke, 1990:75). Дегенмен бұл тек үміт қана 


329
8-тарау

Неомарксистік теорияның әралуандығы
Иммануил Валлерстайн Африкада сарапшы ретінде 
1960 жылдары көпшілікке танылғанмен, әлеуметта-
нудағы ең маңызды үлесі – The Modern World-System
(«Модерн әлем-жүйесі») атты кітабы ([1974] 2011). Бұл 
кітап бірден зор та бысқа жетті. Әлемдік даңққа ие бо-
лып, дүние жүзінің он тіліне және Брайль қарібіне ау-
дарылды.
1930 жылы 28 қыркүйекте дүниеге келген Валлерстайн 
өзінің барлық ғылыми атағын, сонымен қатар 1959 
жылы докторлық дәрежесін Колумбия университетінен 
алған. Одан кейін Колумбияда оқытушы болып қызмет 
атқарды. Көп жылдардан кейін, тағы да Монреальдағы 
Макгилла университетінде бес жыл қызмет істеп, 1976 
жылы Бингемтондағы Нью-Йорк мемлекеттік универ-
ситетінің әлеуметтану ғылымының беделді профессо-
ры атанды.
Валлерстайн 1975 жылы «Модерн әлем-жүйесі» кітабының бірінші томы үшін Сорокин атындағы 
беделді сыйлыққа ие болды. Сол уақыттан бастап, осы тақырып бойынша жұмысын жалғастыр-
ды және бірнеше мақала жазып,1914 жылға дейінгі әлемдік жүйені талдау жайлы қосымша үш 
том дайындады.
Шын мәнінде, талдаудың бұл тәсілі ерекше назар аудартады, оған деген қызығушылық әлі жал-
ғасып келеді және бұл жұмыстың өзіне қарағанда маңыздырақ болды. Әлемдік жүйенің тұжы-
рымдамасы әлеуметтанудағы ой-пікірмен зерттеудің басты бағыты болып табылады, оған азда-
ған ғалымдар ғана үміткер болуы мүмкін. Көптеген әлеуметтанушылар қазіргі уақытта әлемдік 
жүйе туралы зерттеулер жүргізіп, теориялық тұрғыдан Валлерстайнды сынап жатыр, бірақ олар-
дың барлығы өз идеяларының генезисінде оның маңызды рөл атқарғанын айқын мойындайды 
(Chase-Dunn, 2005a).
Әлемдік жүйенің тұжырымдамасы мәні зор еңбек болып табылса да, одан гөрі Валлерстайн-
ның теориялық тұрғыдан тарихи зерттеулерді жандандырудағы рөлі айрықша маңызды еді. 
Әлеуметтанудың алғашқы жылдары Маркс, Вебер және Дюркгейм секілді зерттеушілердің ең 
негізгі еңбектерінің маңызды бөлігінде әртүрлі сипат болды. Алайда соңғы жылдары көптеген 
әлеуметтанушылар осындай зерттеулерді жүргізуден және сауалнама мен сұхбат сияқты икемді 
әдістерді қолданудан бас тартты. Бұл әдістер тарихи әдістерге қарағанда тезірек және ыңғайлы, 
алынған деректерді компьютер арқылы талдау оңайырақ болады. Осындай әдістерді қолдану 
тарихқа бағдарланған білімнің кең ауқымын емес, техникалық білімнің тар шеңберін талап ете-
ді. Сонымен қатар теориялар сауалнамалар мен сұхбаттардың көмегімен зерттеулер жүргізуде 
салыстырмалы түрде шамалы рөл атқарады. Валлерстайн тарихи зерттеулерге қызығушылықты 
қалпына келтіруге тырысқан ғалымдардың бірі болды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   248   249   250   251   252   253   254   255   ...   596




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет