Алеуметтану тероиясы indb


Тарихи бағдарланған марксизм



Pdf көрінісі
бет254/596
Дата14.11.2022
өлшемі16,19 Mb.
#50039
түріОқулық
1   ...   250   251   252   253   254   255   256   257   ...   596
Тарихи бағдарланған марксизм
Тарихи зерттеулерге бағдарланған марксистер марксизмнің тарихшылдыққа қа-
тысты алаңдаушылығына адал екенін дәлелдейді. Маркстің тарихи-зерттеулері 
ішіндегі ең атақтысы коғамның капитализмге дейінгі экономикалық формация-
ларын зерттеу болды ([1857–1858] 1964). Марксистік көзқарас бойынша, тарихи 
жұмыстың айтарлықтай бөлігі өтіп кеткен (мысалы, S. Amin, 1977; Dobb, 1964; 
Hobsbawm, 1965). Бұл бөлімде тарихи бағытты бейнелейтін жұмыс мүше-
сімен – Иммануил Валлерстайнның ([1974] 2011, [1980] 2011, [1989] 2011,
1992, 1995, 2011 ж., Чейз-Данн, 2001, 2005а; Dunn және Inoue, 2011) қазіргі 
заманғы әлемдік жүйе жөніндегі зерттеулерімен жақын танысамыз (Chase-
Dunn, 2005b).
Модерн әлем-жүйесі 
Валлерстайн марксистік ойшылдардың көпшілігі пайдаланатын бірліктерден 
бөлек, талдау бірлігін таңдады. Ол жұмысшыларға, таптарға, тіпті Штаттарға 
қараған жоқ, өйткені олардың аясы мақсаттарын айқындауға тарлық етті. Оның 
орнына ол саяси немесе мәдени шекаралармен шектелмеген, еңбек бөлінісін 
қамтитын кең экономикалық бірлікті қарастырды. Валлерстайн осы бірлікті 
әлемдік жүйенің тұжырымдамасынан тапты, ол шекаралар жиынтығы мен бел-
гілі бір өмір сүру деңгейі бар өзіндік әлеуметтік жүйе болып табылады, яғни 
ол мәңгілік созылмайды. Ол көптеген әлеуметтік құрылымдар мен мүшелік 
топтардан тұрады. Дегенмен Валлерстайн жүйені біртұтас ұстап тұру туралы 
консенсус тұрғысынан анықтауға бейім болмады. Керісінше, ол жүйені ажыра-
мас кернеудегі түрлі күштер бірге ұстап тұрғанын көрді. Бұл күштер әрдайым 
жүйені ажырату үшін әрекет етуі мүмкін.
Валлерстайн қазіргі уақытта әлемдегі жүйенің тек екі түрі болғанын айтады. 
Бірі – ежелгі Рим үлгісіндегі әлемдік империя. Екіншісі – заманауи капита-
листік әлемдік экономика. Әлемдік империя саяси (және әскери) үстемдікке 
негізделсе, ал капиталистік әлемдік экономика экономикалық үстемдікке не-


331
8-тарау

Неомарксистік теорияның әралуандығы
гізделген. Капиталистік әлемдік экономика бірнеше себептермен әлемдік им-
периядан гөрі тұрақты болып есептеледі. Бір жағынан, оның кең базасы бар
себебі ол көптеген мемлекетті қамтиды. Екінші жағынан, ол экономикалық тұ-
рақтандыру үдерісіне ие. Капиталистік әлем экономикасындағы жеке саяси құ-
рылымдар шығындардың барлығын өтейді, ал экономикалық пайда жеке қолға 
таратылады. Валлерстайн үшінші әлемдік жүйені, әлеуметтік әлем үкіметінің 
болу мүмкіндігін болжайды. Капиталистік әлемдік экономика саяси секторды 
экономикалық сектордан бөлетін болса, әлеуметтік әлем экономикасы оларды 
реинтеграциялайды.
Негізгі географиялық аймақ капиталистік әлемдік экономикада үстемдік 
етеді және жүйенің қалған бөлігін пайдаланады. Периферия шикізатты ядроға 
жеткізетін және оны пайдаланатын аймақтардан тұрады. Жартылай перифе-
рия – қалдық санат, қанаушыларды және қаналатындар арасындағы көптеген 
аумақтардың жиынтығын қамтиды. Басты мәселе Валлерстайн үшін қанаудың 
халықаралық бөлімі мемлекеттік шекаралармен емес, әлемдегі эко номикалық 
еңбек бөлінісі арқылы анықталады.
Валлерстайнның The Modern World-System («Модерн әлем -жүйесі») еңбе-
гінің бірінші томында ([1974] 2011) әлемдік жүйенің пайда болуы шамамен 
1450–1640 жылдар аралығын қамтиды. Бұл дамудың маңыздығы саясидан 
(және сәйкесінше әскери) эко номикалық басымдыққа ауысуында жатыр. Вал-
лерстайн экономиканы саясатқа қарағанда әлдеқайда тиімді және мейлінше 
қарабайыр үстемдік құра лы ретінде көрді. Саяси құрылымдар өте қиын, алай-
да экономикалық қанау «үстемдікті төменгі таптардан жоғарғы таптарға, шет-
кіден орталыққа дейін, көпшіліктен азшылыққа дейін арттыруға мүмкіндік 
береді» (Wallerstein, [1974] 2011:15–16). Қазіргі дәуірде капитализм әлемдік 
экономиканың өсуі мен дамуына негіз болды, бұл біртұтас саяси құрылымның 
көмегінсіз жүзеге асырылды. Капитализмді саяси үстемдіктің экономикалық 
баламасы ретінде қа растыруға болады. Ол саяси эксплуатацияда қолданыла-
тын неғұрлым қара пайым әдістерге қарағанда, экономикалық артықшылықтар 
арқылы көбірек ықпал ете алады.
Валлерстайн феодализмнің «күйреуінен» капиталистік әлемдік экономика-
ның пайда болуына дейін үш нәрсе қажет деп санайды: қанау мен отарлау арқы-
лы географиялық кеңею, аймақ үшін (мысалы, ядро, периферия) түрлі бақылау 
әдістерін әзірлеу, әлемдік экономика, дамушы капиталистік әлемдік экономи-
каның негізгі тірегі болуы тиіс күшті мемлекеттердің дамуы. 
Олардың әрқайсысын өз кезегімен талдап көрейік.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   250   251   252   253   254   255   256   257   ...   596




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет