344
II бөлім
•
Қазіргі заманғы әлеуметтану теориясы: негізгі мектептер
өркендейді. Осылайша, коммунизмнің дүниежүзілік деңгейде сәтсіздікке
ұшырауынан марксистер өз теорияларын қайта қарауға және қайта құруға
мәжбүр болды (Burawoy, 1990; Aronson,1995).
Әлемдегі бұл бетбұрыстар екінші теорияның ішкі өзгерістері жинақта-
масына қатысты: өз кезегінде неомарксистік теорияға әсер еткен – интел-
лектуалды өзгерістер сериясы (P. Anderson, 1990a, 1990b). Жаңа постструк-
турализм және постмодернизм сияқты теориялық ағымдар неомарксистік
теорияға терең әсер етті (17-тарауды қараңыз). Сонымен қатар
аналитика-
лық марксизм деп аталатын қозғалыс әйгілі болды, марксистік теориялар кез
келген өзге ғылыми ме кеме пайдаланатын әдістерді қолдану үшін қажет деп
саналатын. Мұндай көзқарас Маркс түсіндірмелерін дәстүрлі интеллектуал-
ды терминдер арқылы қайта түсіндіруге, Маркстің рационалды таңдау тео-
риясы негізінде позитивистік ғылым әдістерін қолдана отырып, марксистік
тақырыптарды зерттеуге тырысты. Майердің дәлелдеуі бойынша: «Кәдімгі
ғылым нормаларына барынша бойсұну марксистік теорияға көзсіз табынудан
алшақтатты» (1994:296).
Осылайша, әлеуметтік және интеллектуалды өзгерістердің тіркесімі
90-жылдардағы неомарксистік теорияның ландшафтысына күрт өзгерістер
алып келді. Бұрын талқыланған теория маңызды болса да, ХХІ ғасырдың ба-
сындағы неомарксистік теориядағы энергияның көп бөлігі осы бөлімде тал-
қыланатын теорияларға бағытталған.
Достарыңызбен бөлісу: