Алеуметтану тероиясы indb


8-тарау • Неомарксистік теорияның әралуандығы Неомарксистік кеңістікті талдау



Pdf көрінісі
бет258/596
Дата14.11.2022
өлшемі16,19 Mb.
#50039
түріОқулық
1   ...   254   255   256   257   258   259   260   261   ...   596
337
8-тарау

Неомарксистік теорияның әралуандығы
Неомарксистік кеңістікті талдау
Неомарксистік теориялардың санаттары, шын мәнінде, барлық теориялары 
бір-біріне тәуелсіз. Мұның мәні өткен бөлімде «Неомарксистік экономикалық 
әлеуметтану» тақырыбы бойынша талқыланған әлемдік жүйедегі жұмыстар да 
осы бөлімде талқылануы мүмкін екенімен түсіндіріледі. Мысалы, әлемдік жүйе 
идеясы, басқалармен қатар, әлемдік экономиканың жаһандық дифференциалы-
на қатысы бар кеңістік болып табылады. Әлемдік жүйе жөніндегі зерттеу – нео-
марксистік теорияшылардың кеңістікті түсінуге және оның әлеуметтік әлемдегі 
рөлін айқындауға бағытталған кең ауқымды жұмыстың бір бөлігі. Мұны әлеу-
меттанудағы және әлеуметтік теориядағы кеңістік ке ден қоюшылықтың бір мы-
салы ғана деп айта аламыз (Gieryn, 2000). Бұл бөлімде неомарксистердің осы 
саланы бірінші болып зерттеп, біршама табысқа жеткеніне куә боламыз.
7
Неомарксистік теорияда (және басқа жерлерде) кеңістік тақырыбына баса 
мән берген Мишель Фуко болды (17-тарауды қараңыз), ол көптеген теория-
лар, әсіресе Маркс теориялары кеңістікті уақытқа қарағанда артық бағалаға-
нын атап өткен: «Кеңістіктің осы құнсыздануы ғасырлар бойы үстемдік етті... 
Кеңістікті өлі, бір қалыпты, диалектикалық емес, қозғалмайтын құбылыс ретін-
де қарастырған. Уақыт, керісінше, байлық, сұлулық, өмір, диа лектика болды» 
(Foucault, 1980b:70). Кеңістік уақытпен қатар лайықты түрде бағаланып, бай, 
өнімді, тірі және диалектикалық ретінде қарастырылу керек деп тұспалданады. 
Фуко (1986:22) өткен уақытқа (және тарихқа) назар аударса да, «қазіргі дәуір, 
бәрінен бұрын, кеңістік дәуірі болуы мүмкін» дейді. Шындығында, 17-тарау-
дан байқағанымыздай, Фуко «кеңістіктегі архипелаг» пен «паноптикон» сияқ-
ты тақырыптарды талқылау барысында кеңістікке бірқатар маңызды түсініктер 
береді.
Кеңістік өндірісі
Неомарксизмнің кеңістік теориясындағы сүбелі еңбек – Анри Лефеврдің 
([1974] 1991) The Production of Space «Кеңістік өндіру» зерттеуі (see also Faist, 
2005; Goonewardena, 2011; Kurasawa, 2005). Лефеврдің пікірінше, әлеуметтік 
теорияшылар кеңістіктің табиғатын және оның қоғамдық өмірге қатынасын 
жеткілікті түрде ғылыми негізде жүйелемеген. Олар кеңістікте болған маңызды 
оқиғаларды кеңістіктік бейтарап фон ретінде қарастырды. Ежелгі теорияшы-
лар кеңістікте барлығы өздігінен болады деп, оған ешқандай мән мен мағына 
бермеді. Марксистер атап айтқанда, кеңістіктің өндірілуіне емес, кеңістіктегі 
заттардың өндірілуіне (мысалы, зауыттар сияқты өндіріс құралдарына) назар 
аударды. Марксистік теория өзінің (өнеркәсіптік) мәселесін өндірістен кеңіс-
тікті өндіріске дейін кеңейту керек.
Марксист ретінде Лефевр капитализмнің адам өмір сүретін кеңістіктерді 
қалыптастыруына ерекше көңіл бөледі. Кеңістіктегі капитализмнің үстемдігін 
жақсы түсіну үшін Лефевр адамзат қоғамдарының кеңістігін қалыптастыратын 
жолдар туралы баяндайды. Ертедегі шіркеулік және ауылшаруашылық қоғам-
дары кеңістікке үстемдік еткен емес. Олар табиғатқа өте жақын өмір сүрді, ал 
Лефевр бұл ерте қоғамдарға табиғаттың күшімен кеңістік басымдық береді деп 
болжайды. Олар тікелей географиялық тұрғыдан өздеріне қойылған та лаптарға 
жауап ретінде өмір сүрді. Бұл Лефеврдің Absolute space («Абсолютті кеңісті-


338
II бөлім

Қазіргі заманғы әлеуметтану теориясы: негізгі мектептер
гінің») дамуымен бірге өзгере бастайды. Абсолютті кеңістік діни және саяси 
мәселелерге байланысты қалыптасады. Бұл кеңістіктер таулар мен үңгірлер 
сияқты жерлерде салынған. Мысалы, грек храмдары және христиандардың ма-
зарлары мен зираттары жатады. Бір қарағанда, Лефеврдің пікірінше, бұл ке-
ңістіктер, сейкесінше, өз күшін табиғаттан алады. Мысалы, ежелгі грек храмы 
табиғатта және табиғи геометриялық тәртіпті, симметрия қағидаларын көрсету 
үшін салынған. Сол сияқты христиан зираты табиғи жағдайға келтіріліп, бізді 
өлімнің табиғи күшімен байланыстырады. Сайып келгенде, кеңістік табиғаттан 
басым келеді. Олар, ақыр соңында, кеңестіктерді қалыптастырады, сөйтіп, ке-
ңістіктер өздері орныққан табиғи әлемге өз тәртібін жүргізеді. Сонымен қатар 
осы кеңістікті басқаратын элита көпшілікке үстемдік ету үшін олардың нышан-
дық күштерін пайдаланады.
Кеңістіктің келесі түрі – тарихи кеңістік. Мұндай кеңістіктің түрі қазіргі за-
манғы Еуропада шыға бастайды. Лефевр тарихи кеңістікті талқылауға қатысты 
аз уақыт жұмсаса да, бұл – абсолюттік кеңістік пен қазіргі кездегі абстрактілі 
(дерексіз) кеңістік арасындағы маңызды көпір. Тарихи кеңістік зайырлы болып 
саналады. Ол абсолюттік кеңістіктегі табиғатпен діни байланысты үзеді. Тари-
хи кеңістік дербес мемлекеттер билік пен байлық үшін бір-бірімен бәсекелес-
кен кезде қалыптасады. Бұл кеңістік табиғат пен дін қызығушылықтарын емес, 
адам мүдделерін ескере отырып жасалады. Сайып келгенде, тарихи кеңістік де-
рексіз кеңістікке жол береді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   254   255   256   257   258   259   260   261   ...   596




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет