Алеуметтану тероиясы indb


9-тарау • Символикалық интеракционизм Бихевиоризм



Pdf көрінісі
бет270/596
Дата14.11.2022
өлшемі16,19 Mb.
#50039
түріОқулық
1   ...   266   267   268   269   270   271   272   273   ...   596
359
9-тарау

Символикалық интеракционизм
Бихевиоризм 
Льюис пен Смит – Мидтің шығармашылығына берген түсініктемесінде Мидке 
психологиялық бихевиоризм әсер етті деген қорытындыға келді (J.C. Baldwin, 
1986, 1988a, 1988b; Mandes, 2007). Сонымен қатар бұл тәсілдеме оны реалистік 
және эмпирикалық бағытқа жетеледі. Мид әлеуметтік бихевиоризмді өзімнің 
негізгі әдісім деп атады, осылайша Джон оны Б. Уотсонның радикалды бихевио-
ризмінен ерекшелегісі келді (ол Мидтің студенттерінің бірі болды).
Уотсонның ілімдік ұстанымдарын негізге алатын радикалды бихевиорис-
тер (K. Buckley, 1989) индивидтердің бақылаулы әрекеттеріне қызығушылық 
танытты. Олар зерттеліп отырған реакциялар немесе әрекеттердің қозғаушы 
күші болып табылатын стимулдарға негізделді. Олар стимулды қолдану мен 
реакциялардың көрініс табу сәті арасында болатын жасырын ойлау процестері-
не мән бергісі келмеді немесе оларды біржолата жоққа шығарды. Мид бақыла-
натын әрекеттің маңыздылығын мойындай отырып, оның радикалды бихевио-
ристер ескере бермейтін жасырын қырлары болады деп есептеді. Дегенмен би-
хевиоризм үшін негізгі болып табылатын эмпиризмді қабылдай отырып, Мид 
бұл жасырын құбылыстар туралы жай ғана ой толғағысы келмеді. Ол аталған 
құбылыстарға, яғни стимул мен реакция арасындағы жайттарға қатысты би-
хевиоризмнің эмпирикалық ғылымын кеңейтуге тырысты. Бернард Мельцер 
Мидтің осы ұстанымын былайша қорытындылады:
«Мид үшін зерттеу бірлігі – адам әрекетінің айқын және жасырын қыр-
ла рынан құралатын «іс-әрекет». Әрекеттен дәстүрлі, ортодоксты психо-
ло гияның жеке категориялары байқалады. Зейін, қабылдау, елестету, ой 
толғау, эмоция және т.б. әрекеттің элементтері ретінде қарастырылады... 
Әрекет осылайша адам қызметінің біртұтас процесін құрайды».
(Meltzer, [1964] 1978:23)
Мид пен радикалды бихевиористер адамдар мен жануарлар әрекеттерінің 
арақатынасына байланысты көзқарас тұрғысынан айрықшаланды. Радикалды 
бихевиористер адамдар мен жануарлар арасындағы айырмашылықтарды ес-
кермеуге тырысса, Мид едәуір сапалы ерекшелік бар екенін атап өтті. Мұндағы 
негізгі дәйек – стимул мен реакция арасында жауап беру жолын таңдау үшін 
тілді қолдануға мүмкіндік беретін адамда ойлау қабілеттерінің болуы.
Мид, бір жағынан, уотсондық бихевиоризмге деген өзінің қарыздарлығын 
танытса, екінші жағынан, онымен келіспейтінін де білдіріп отырды. Бір жағы-
нан, ол: «Біз бұл салаға (әлеуметтік психологияға) бихевиоризм тұрғысынан 
қарауымыз қажет», – деді. Екінші жағынан, «біз қолданатын бихевиоризм уот-
сондықпен салыстырғанда әлдеқайда орынды» ([1934] 1962:2) дей тұра, Уот-
сонның ұстанымын сынады.
Чарльз Моррис Mind, Self and Society («Сана, өзіндік мән және қоғам») атты 
еңбекке жазған кіріспе сөзінде Мид пен Уотсонның негізгі үш айыр машылы-
ғын атап өтті. Біріншіден, Мид – Уотсонның іс-әрекетке деген айрықша наза-
рын тым қарапайым деп есептеді. Шынымен де, ол Уотсонды іс-әрекетті оның 
кең әлеуметтік аясынан тыс, бөлек алып қарастырғаны үшін кінәлады. Мид 
іс-әрекетті кең ауқымды әлеуметтік әлемнің шағын элементі ретінде қарасты-
руға тырысты. Екіншіден, Мид Уотсонның бихевиоризмді ойлау про цестеріне


360
II бөлім

Қазіргі заманғы әлеуметтану теориясы: негізгі мектептер
қолданғысы келмейтінін де айыптады. Мидтің аңғарғаны – Уотсон адамның са-
насы мен менталды процестері туралы еш нәрсе білмеді: «Джон Б. Уотсонның 
позициясы Alice in Wonderland («Сиқыр әлеміндегі Алиса») ертегісіндегі патша-
йымның позициясы секілді болды». «Бастарын шабыңдар!» деген нәрселер бол-
мады. Сана… болмады ([1934] 1962:2–3). Мид өзінің ұстанымын Уотсонның ұс-
танымына қарсы қойды: «Ол бихевиористік, бірақ уотсондық бихевиоризммен 
салыстырғанда сырт көзге білінбейтін әрекеттің элементтерін ескереді» ([1934] 
1962:8). Нақтырақ айтатын болсақ, Мид ойлау процестерін енгізу арқылы уот-
сондық бихевиоризмнің қағидаларын кеңейтуді өзіне мақсат етіп қойды.
Ақырында, Уотсон ойлауды есепке алмағандықтан, Мид оның түсінігін-
дегі акторды енжар қуыршақ деп санады. Мид актордың анағұрлым белсенді 
әрі жасампаз бейнесін қалыптады, соның нәтижесінде кейінгі символикалық
интер ак ционистер оның теориясына зор ынта танытты.
Прагматизм мен бихевиоризм, әсіресе Дьюи мен Мидтің теориялары 1920 
жылдары Чикаго университетінің көптеген студенттеріне оқытылды. Солар-
дың легінде болған Герберт Блумер мен басқа да студенттер символикалық 
интеракционизмнің негізін қалады. Әрине, басқа да теорияшылар оған ықпал 
етпей қоймады. Солардың ішіндегі ең танымалы Георг Зиммель болды (5-та-
рауды қараңыз). Зиммельдің әрекет пен өзара ықпалдасудың түрлеріне деген 
қызығушылығы Мидтің теориясымен үндес болды, сөйтіп, оның дамуына сеп-
тігін тигізді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   266   267   268   269   270   271   272   273   ...   596




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет