400
II бөлім
•
Қазіргі заманғы әлеуметтану теориясы: негізгі мектептер
салаларындағы эмоцияның терең тұстарын анықтауға
ықпал ететініне қауіп-
тенеді.
Хохшильд (1997, 2003) америкалық отбасылардағы жұмыс пен үйдің ара-
қатынасы жайлы өз зерттеулерінде аталған идеяны дамытты. «Amerco» атты
компанияны зерттей отырып, Хохшильд өз жұмыстарында жұмыс пен үйдің
арақатынасындағы әбігерді аңғарды. Дәстүрлі түрде, үйді демалатын, береке-
лі, қонақжайлық ортасы деп санағандар үйді қарбаласу мекені деп қарастыра
бастады. Керісінше, олар жұмыс орнын демалыс орны деп есептеді: отбасылық
өмір – жұмысқа, ал жұмыс «үйге» айнала бастады (2003:198). Оның ойынша,
мұның басты бір себебі –
корпоративті Америкадағы эмоциялы мәдениеттің
трансформациясы болып табылады. Бұл жерде Хохшильд Энтони Гидденстің
құры лымдық теориясына сүйенеді (13-тарауды қараңыз). Жеке-дара эмоция-
лар жалпы ұжымдық құрылымның біржақтылығымен анықталмайды. Дәлі-
регі, жайлылық пен бақыт сезімін бастан кешуге ықпал ететін ортаны қалып-
тастыру үшін мекемелер жеке адамдармен жұмыс жасайды. Нақтырақ айтсақ:
«
эмоциялы мәдениет – бұл эмоциялар мен тіпті «
қасиетті» деген сезімдерді
туғызатын сезімдерді анықтайтын ережелер жайлы ұстаным, рәсімдер кешені»
(2003:203). Әуе компаниясы кабинетінде қауіпсіздік пен жайлылық сыйлай-
тын
стюардессалар секілді, америкалық заманауи корпорациялар да «отбасы»
сияқ ты қасиетінен айырылған кеңістікке балама, қасиетті эмоциялы мәде-
ниетті қалыптастырды.
Хохшильд өзінің
күту жұмысын зерттеуге қатысты еңбектерінің қатарына
айрықша концептуалды жаңалықты ұсынып отыр. Мұнда ол өзінің жоғары-
да сипатталған теориялық жұмыстарында көрсетілген эмоциялық жүйелерді
жаңа жаһандық әлеуметтік зерттеулермен байланыстырады. Ол күтімді былай
анықтап береді:
«Мен «күтім» терминін әдеттегі қамқоршы мен күтім арасындағы эмо-
циялық байланысқа жатқызамын, мұнда
қамқоршы басқа адамдардың
игілігі үшін жауапкершілікті сезініп, осы міндетін орындау барысында
ой, эмоциялық және физикалық еңбекке жүгінеді».
(2003:214)
Күтім бойынша жасалатын жұмыстар өткен кезеңнен бері Америкадағы
әйелдер орындап келе жатқан міндеттерді қамтиды: отбасылық үйді күту,
балалар күтімі, қарияларға қарау. Алайда орта таптағы америкалық отбасы-
лардың кірісі еселенгеннен, күтім жұмысы аутсорсингке беріледі: бала кү-
тушісі, медбикелер мен үй қараушысы балалар мен қарияларды күту үшін
жалданды. Өздерінің туған елдерінде күнкөріс қиын болғаннан күтім сала-
сындағы жұмысшылар жаһандық желі арқылы өзге елдерге аттана баста-
ды. Көбінесе медицина саласындағы жұмысшылар үшінші әлем елдерінен
шыққан әйелдер еді. Хохшильд осы мысалдар негізінде эмоциялы еңбектің
марксистік
теорияларын қолдана отырып, сезімдердің «үлестірілген ресурс-
тарға» айнала бастағанын пайымдайды (2003:191). Бұрындары капитализм
үшінші әлемнің алтындары мен капиталды байлық көздеріне ие болса, қа-
зіргі таңда капитализм үшінші әлемнен сүйіспеншілік пен қамқорлықты
алып отыр.
401
9-тарау
•
Символикалық интеракционизм
Хохшильд жаһандық жүйені эмоцияларды басқарудың микроәлеуметтік
тәжірибесімен байланыстыратын теорияны ұсынады, осы жаңа әлеуметтік құ-
рылымдар түптің түбінде әлемнің барлық адамдарының
эмоциялық өмірі мен
эмоциялы еңбектеріне еркін енетіні анық.
Достарыңызбен бөлісу: