Алеуметтану тероиясы indb



Pdf көрінісі
бет300/596
Дата14.11.2022
өлшемі16,19 Mb.
#50039
түріОқулық
1   ...   296   297   298   299   300   301   302   303   ...   596
Қорытынды


404
II бөлім

Қазіргі заманғы әлеуметтану теориясы: негізгі мектептер
3. Әлеуметтік өзара әрекеттесу барысында адамдар ерекше ойлауға мүмкіндік беретін 
мағыналар мен символдарды игереді.
4. Мағына мен символдар адамдарға бір-бірімен өздеріне тән қарым-қатынас жасауға 
мүмкіндік береді.
5. Адамдар жағдайды түсіндіру арқылы өзара әрекет барысында қолданылатын мағы-
налар мен символдарды түрлендіріп немесе өзгерте алады.
6. Адамдар бір-бірімен қарым-қатынас жасау қабілетінің арқасында үнемі өзгеріп, же-
тіліп отырады, бұл оларға әрекет ету бағыттарын зерттеуге, өздерінің салыстырмалы 
түрдегі артықшылықтары мен кемшіліктеріне баға беріп, сол арқылы дұрыс жолды 
таңдауларына мүмкіндік береді.
7. Әрекет пен өзара әрекеттесу арқылы бір-бірімен байланысқан құрылымдар топтар 
мен қоғамды құрады.
Біз аталмыш жалпы қағидалар аясында символикалық интеракционизм дәстүріне сай 
Чарлз Хортон Кули, Герберт Блумер және ең бастысы Эрвинг Гоффман сияқты бірқатар 
маңызды ойшылдардың еңбектерінің сипатын анықтауға тырыстық. Гоффманның «мен-
нің» драматургиялық талдауын және сонымен байланысты рөлдік дистанция, стигма мен 
фреймдік талдау туралы зерттеу жұмыстарын кеңінен қарастырдық. Алайда Гоффманның 
фрейм жайлы еңбектері оның ертеректегі жұмыстарының беталысын кеңейтіп, құрылым-
дық талдау бағытына қарай бет бұрғанын атап өтеміз. Сонымен қатар кейінгі символи-
калық интеракционизмнің ең маңызды салаларының бірі – эмоциялар әлеуметтануымен 
таныстырамыз. Эмоцияларды зерттеу саласындағы екі маңызды тұлғаның теориясын да 
ұсынамыз. Томас Шеффтің ойынша, ұят – ең маңызды әлеуметтік эмоция және ол сим-
воликалық интеракционизм мен психоанализге сүйене отырып, ұятқа айрықша мағына 
беретін өзіндік мән мен әлеуметтік тәртіп теориясын дамытады. Ал Арли Хохшильд өзі-
нің эмоцияларға қызығушылығын театр директоры Константин Станиславский мен Карл 
Маркстің теориялары арқылы ұштастырады. Бұл міндеттерді терең орындау эмоциялы 
жұмыс және эмоциялы еңбек тұжырымына алып келеді.
Осылайша біз символикалық интеракционизм және символикалық интеракционизм-
нің келешектегі бейнесіне қатысты берілген негізгі сындарды тұжырымдаймыз.


405
9-тарау

Символикалық интеракционизм
1. Прагматизмге ішінара негізделген шығармашылық әрекет теориясын дамыту дағы тал-
пынысын Йоасадан (1996) қараңыз.
2. Осы жерде аталған айырмашылықтарды сынға алуды Дэвид Миллерден (1982b, 1985) 
қараңыз.
3. Мидтің адамдар мен төменгі сатыдағы жануарлар арасындағы айырмашылықтар жайлы 
сындарын Элгардан (1997) қараңыз.
4. Бірінші мимикриядан тұратын бастапқы даярлау кезеңі (Vail, 2007a) Мидтің жұмысын-
да көрсетілген.
5. Абулафия (1986:198) атап өткендей, Мид «ойындар» терминін қолданғанымен, ұйым-
дастырылған жауаптардың кез келген жүйесін білдіреді (мысалы, отбасы).
6. Олар Блумер осы пікірді ұстанатынымен келіссе де, Вуд пен Уорделл (1983) Мидтің 
«бейқұрылымдық теріс түсінігі» болмағанын айтады. Сонымен қатар Йоасадан (1981) 
қараңыз.
7. Бірақ әрдайым емес. Өзін-өзі таныту жолы ретінде өзін мысқыл ету туралы Ангардан 
(1984) қараңыз.
8. Орындаушы мен аудитория – командалардың бірі, бірақ Гоффман орындаушылар тобы 
бір команда және аудитория өзінше бір команда екені туралы да айтты. Гоффманның 
«жеке адам команда бола алады» деген пікірі қызықты. Ол классикалық символикалық 
интеракционизм логикасына сай, адам өзінің жеке аудиториясы бола алады, аудитория 
бар деп көз алдына елестете алады.
9. Шефф осы мәселе төңірегінде жалғыз пайымдамайды. Жоғарыда көрсетілгендей, Кули 
де, Гоффман да ұят сезімін орталық әлеуметтік эмоция ретінде қарастырады. Психолог 
Сильван Томкинс әлеуметтанудың жаңадан пайда болып келе жатқан саласының ұм-
тылыстарының бірі ретінде «ықпал ету теориясын» атады ([«Sedgwick and Frank, 1995]; 
18-тарауды қараңыз), сонымен қатар ол ұят сезімін маңызды эмоцияларға теңейді.
10. Кэндис Кларк (1987) әрі қарай осы идеяны ниеттестік биография және ниеттестік сенім 
түсініктерімен дамытады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   296   297   298   299   300   301   302   303   ...   596




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет