430
II бөлім
•
Қазіргі заманғы әлеуметтану теориясы: негізгі мектептер
«Гарфинкельдің ертедегі ойы қоғамдық тәртіпті қалыптастыруға бағыт-
талған епті және икемді әдістемелік жұмысқа назар аудару үшін
меңіреу
мінеуші бейнесінен бас тарту болды. Алайда уақыт өте келе этно әдісна-
маның кейбір бағыттары әрекет етуші актордың үлгісі ретінде меңіреу
мінеушіге қайта оралды. Ниеттілік пен мағына түгелдей жойылды».
(P. Atkinson, 1988:449)
Үшіншіден, кейбір этноәдіснамашыларды өз жұмыстарының пәндері
(мысалы, әңгімелер) және үлкен әлеуметтік құрылымдағы мәселелер ара-
сындағы байланыс алаңдатты. Бұл мәселені өткен тарауда талқылап, соңына
қарай қайта оралсақ та, этноәдіснамашылар өздерін микро- және макродең-
гейдің бөлінуіндегі көпір іспетті көруге бейім келді. Мысалы, бірнеше жыл
бұрын Циммерман макроәлеуметтану арқылы өзара дамуды «ашық мәселе
және қызық мүмкіндік» деп қарастырды (1978:12). Кейінірек, Поллнер эт-
ноәдіс наманы «үлкен әлеуметтiк мәнмәтінде қабылданған практиканы, ...құ-
ры лымдық және тарихи процестер тұрғысынан әдеттегі сананы түсіну үшін
әлеу меттануға оралуға шақырды. Әдеттегі сана қарапайым пайымдаушы-
лардың жергілікті жұмысының нәтижесі ғана емес,
сонымен бірге ол ұзақ
мерзімді және ауқымды динамика арқылы қалыптасады» (1987:xvi). Кейбір
осындай өзара дамуды Гидденс (1984) сияқты адамдар жүзеге асырады, ол
оның құрылымдық теориясына этноәдіснамалық идеяларды біріктіреді. Тұ-
тастай алғанда, Боден ([1990], келесі секцияны қараңыз) этноәдіснаманың
құрылым мен агенттік арасындағы қарым-қатынас мәселесіне не ұсынаты-
нын атап көрсетті.
Ол этноәдіснамалық зерттеулердің нәтижелері микроқұрылымдарға ғана
емес, макроқұрылымдарға да соншалықты қатысты екенін айтады. Бұл жерде
институттық зерттеулер макроқұрылымға және оның микродеңгейдегі құбы-
лыстармен өзара байланысына көп мән береді деген сенім бар.
Төртіншіден,
саланың өзінен бағытталғаны – Поллнер (1991) этноәдіс-
наманы өзінің бастапқы радикалды рефлексиясын жоғалтқаны үшін сынға
алды. Радикалды рефлексиялық
барлық әлеуметтік белсенділік, оның ішінде
этноәдіснамашылардың әрекеті алдын ала ойластырылған деген көзқарасқа
әкеледі. Алайда этноәдіснама көбінесе негізгі ағым әлеуметтанушыларына
қолайлы болды. Поллнердің пайымдауынша, «этноәдіснама өз негізін әлеу-
меттанудың маңында қалайды»(1991:370). Көпшілік таныған ғылыми салаға
айналғаннан кейін этноәдіснамашылар өздерінің жұмыстарына талдау жасап
отыру қажеттігін ұмытты. Нәтижесінде, Поллнердің пікірінше, этноәдісна-
маға
өз-өзін талдап, сыни тұрғыдан бағалау мүмкіндігінен айырылу және
теориялық мамандықтың қарабайыр түріне айналу қаупі төніп тұр.
Ақыр соңында, олар сол тақырып аясында талқыланса да, этноәдіснама
мен конверсациялық талдау арасындағы қарым-қатынаста алаңдаушылық
күшейе түседі (Lynch, 1993:203–264).
Жоғарыда айтылғандай, бұл салалар бастау алатын түрлі тамырлар бар.
Ең бастысы, этноәдіснама соңғы жылдары әлеуметтанудағы ең үлкен табыс-
қа қол жеткізді. Әңгімелесуді зерттеуге деген ұмтылысы пәннің негізгі ба-
ғытына мойын бұрғызды. Институттарды этноәдіснамалық зерттеу шеткері
аймақтарда қалып, әңгіме сараптамасы негізгі
бағытқа тәуелді болып қала
берсе, екеуінің арасындағы шиеленіс ширыға түсері анық.