Алеуметтану тероиясы indb


II бөлім • Қазіргі заманғы әлеуметтану теориясы: негізгі мектептер Табыс қағидасы



Pdf көрінісі
бет326/596
Дата14.11.2022
өлшемі16,19 Mb.
#50039
түріОқулық
1   ...   322   323   324   325   326   327   328   329   ...   596
442
II бөлім

Қазіргі заманғы әлеуметтану теориясы: негізгі мектептер
Табыс қағидасы 
«Адамдар түрлі іс-әрекет барысында нақты бір әрекеті марапатталған са-
йын, сол адамның бұл әрекетті қайталауы әбден мүмкін».
(Homans, 1974:16)
Хоманстың кеңседегі «Тұлға – Басқа» мысалын алсақ, бұл ұсыныс адамның 
басқалардан кеңес сұрауы оның өткен кезеңде пайдалы кеңес алғанымен байла-
нысты екенін білдіреді. Сонымен қатар өткен уақыттарда адамға жиі пайдалы 
кеңестер берілсе, ол көбінесе көбірек кеңес сұрайды. Сондай-ақ басқа адам өт-
кен уақыттарда жиі қолдауға ие болса, кеңес беруге және оны жиірек беруге да-
йын болады. Жалпы алғанда, табысқа жетудің қағидасына сәйкес мінез-құлық 
үш кезеңді қамтиды: біріншіден, адамның әрекеті; екіншіден, марапатталған 
нәтиже; үшіншіден, бастапқы немесе кейбір қарым-қатынастарда ұқсас әрекет-
тің қайталануы.
Хоманс табысқа қол жеткізу туралы бірқатар қағидаларды нақтылады. Бі-
ріншіден, көбінесе артық марапаттау жиі кездесетін іс-әрекеттерге әкеле тін іне 
қарамастан, бұл өзаралық байланыс шексіз жалғаса бермейді. Кейбір жағдай-
ларда адамдар ылғи да осындай жолмен әрекет ете алмайды. Екіншіден, мінез-
құлық пен сыйақы арасындағы интервал қаншалықты қысқа болса, адам ның 
мінез-құлқын қайталауы ықтимал. Керісінше, мінез-құлық пен сый ақы ара-
сындағы ұзақ уақыт аралығы қайталанатын мінез-құлықтың ықтималдығын 
төмендетеді. Ақыр аяғында, Хоманcтың пайымдауынша, үзілмелі сыйақылар 
үнемі қайталанатын әрекеттерге қарағанда қайталанатын мінез-құлықты туды-
руы мүмкін. Тұрақты сыйақылар іш пыстыру мен сатиацияға әкеледі, ал тұрақ-
сыз аралықтағы сыйақылар (құмар ойындары сияқты) қайталанатын мінез-құ-
лықты тудыруы мүмкін.
Стимул қағидасы 
«Егер бұрын белгілі бір ынталандыру немесе ынталандыру жүйесі мара-
патталуға негіз болған болса, қазіргі жағдайдағы дәл соған ұқсас ынта-
ландыру да адамды сол бұрынғыдай әрекет жасауға құлшындыруы ық-
тимал». 
(Homans, 1974:23) 
Біз тағы да Хоманcтың кеңсе мысалына ораламыз: егер бұрын Тұлға және 
Басқалар кеңес беруді және кеңес алуды жөн көретін болса, онда олар болашақ-
та осындай жағдайларда ұқсас іс-әрекеттерге тартылуы ықтимал. Хоманc одан 
да төмен жерді мысалға келтірді: «Қараңғы бассейнге қармақ салып, балық ұс-
таған балықшы қараңғы бассейндерде балық аулауға бейім болады» (1974:23).
Хоманc жалпыландыру процесіне қызығушылық танытты, яғни ұқсас жағ-
дай ларға мінез-құлықты бейімдеу үрдісі. Балық аулау мысалындағы жалпы-
лаудың бір қыры – қараңғы бассейндерде балық аулап үйренген адам кез келген 
қараңғы бассейнге барып балық аулай алады. Сонымен қатар балықтан түскен 
табыстар балық аулаудың басқа түріне дағдыландыруы (мысалы, тұщы судан 
тұзды суға) немесе тіпті аң аулауға деген құмарлықты оятуы мүмкін. Деген-
мен кемсітушілік процесі де маңызды. Демек, актор өткен жолы олжалы болған 


443
11-тарау

Айырбас, желілік және рационалды таңдау теориялары
нақты жағдайларда ғана балық аулайды. Бір жағынан, егер табысқа жету жағ-
дайлары тым күрделі болса, ұқсас жағдайлар мінез-құлықты ынталандырмауы 
мүмкін. Егер түбегейлі нәтиже ойлағаннан әлдеқайда ұзаққа созылып кетсе, 
онда мұндай жағдай іс-әрекетті ынталандырмауы ықтимал. Актор ынталанды-
руға әсіресе ол құнды болған сайын әбден дәнігіп алуы мүмкін. Шын мәнінде
актор, ең болмағанда, жағдай әлденеше сәтсіздіктен кейін түзелмейінше, реле-
вантсыз ынталандыруларға жауап бере алады. Мұның бәрі – жеке адамның се-
зімталдығы немесе ынталандыруға назар аударуының көрінісі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   322   323   324   325   326   327   328   329   ...   596




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет