Алеуметтану тероиясы indb


Тақырып пен ресурстарды шатастыру



Pdf көрінісі
бет317/596
Дата14.11.2022
өлшемі16,19 Mb.
#50039
түріОқулық
1   ...   313   314   315   316   317   318   319   320   ...   596
Тақырып пен ресурстарды шатастыру
Дон Циммерман мен Мелвин Поллнер (1970) дәстүрлі әлеуметтану пәнінің 
ресурстың араласуынан зардап шеккенін айтты. Демек, күнделікті әлеумет-
тік әлем – бұл әлеуметтанудың сүйікті тақырыптарының шығу көзі, бірақ ол 
әлеуметтануда дербес пән ретінде сирек көрсетіледі. Бұл әртүрлі тәсілдермен 
суреттеледі. Мысалы, Рой Тернер (1970; see also Sharrock and Anderson, 1986) 
атап өткендей, әлеуметтанушылар күнделікті әңгімені әдетте дербес зерттеу пәні 
ретінде емес, нормалар, құндылықтар, көзқарастар және т.б қатарлы бүркемелі 
болмысты зерттеу ресурсы ретінде қарастырады. Дегенмен күнделікті сөйлеу – 
ресурс емес, әлеуметтік өмір бизнесінің өзекті тақырыптарының бірі ретінде 
қарастырылуы мүмкін. Мэтью Спейер (1970) әлеуметтанушылар балалық шақ-
тағы әлеуметтену процесін қарастырған кезде, процестердің өзін емес, осы про-
цестерді жалпылау жолымен алынған дерексіз «сатылар» қатарын тұжырымдай-
тынын айтады. Спейер былайша мә лімдейді: «Әлеуметтену – бұл өзара қарым- 
қатынас құзыреттіктерін игеру» (1970:189). Осылайша этноәдіснама өкілі осы 
құзыреттіктердің күнделікті шынайы өмірде қалай қалыптасатынын және қалай 
пайдаланылатынын қарастыруы керек.
Роберт У. Макэй (1974) ұсынған балалық шақтағы әлеуметтенудің тағы бір 
талдауы – дәстүрлі әлеуметтанудағы пән мен ресурстың араласуына айтылған 
сынның одан да анық мысалы. Макэй дәстүрлі әлеуметтанудағы «нормативтік» 
тәсілге этноәдіснаманың интерпретациялық тәсілін қарсы қойды. Нормативтік 
тәсілге сәйкес әлеуметтену – бұл «жетілген» ересектердің «жетілмеген» бала-
ларды қоғамдық ережелерге үйрету кезеңдерінің топтамасы деп санайды. Ма-
кэй «әлеуметтену – балалар мен ересектер арасындағы өзара әрекеттесу деген 
шындықты елемейтін «жалтыл» деп қарастырды. Балалар бейтарап емес, олар – 
толық емес ыдыстар, керісінше, олар әлеуметтену процесінің белсенді қатысу-
шылары саналады, өйткені олар білуге, ойлап табуға және білім алуға қабілетті. 
Әлеуметтену – бұл екіжақты процесс. Макэй этноәдіснамалық бағдар «зерттеу 
пәні ретінде интерпретация икемдеріне негізделген ересектер мен балалардың 
әрекеттесу маңыздылығын қалыпқа келтіреді» деп санайды (1974:183).
Циммерман мен Поллнер екеуі (1970) пән мен ресурстың араласуы тура лы 
басқа мысалдарды келтірді. Мысалы, олар әлеуметтанушылар әдетте бю рокра-
тиядағы әрекеттерді ұйымның ережелері, нормалары мен құндылық тары арқы-
лы түсіндіретінін айтады. Алайда олар ұйымдарды зерттеу пәні деп қарастырса, 


429
10-тарау

Этноәдіснама
акторлардың көбінесе өз іс-әрекеттері арқылы сол ережелерді сақтайтынын 
байқаған болар еді. Әлеуметтік зерттеу тақырыбы тікелей ере желер емес, оны 
акторлардың пайдалануы керек. Циммерман мен Поллнер түрмедегі соттал-
ғандар арасындағы мінез-құлық кодексінің үлгісін мысалға келтірді. Дәстүрлі 
әлеуметтану акторларының сотталушылар кодек сі мен шектелетін жолдарын 
қарастыратын болса, этноәдіснама өкілдері осы кодексті жазаға кесілгендердің 
ақталу және сендіру құралы ретінде қалай қолданатынын зерттейтін еді. Дон 
Циммерман мен Лоуренс Уидер пән мен ресурстың араласуы жөнінде төменде-
гідей қорытынды ұсынды:
«Этноәдіснама өкілдері актор көзқарасын талдаудың кез келген түрі-
мен жүйеленген, бір сарынды, қайталанатын әрекеттерге негізделген се-
беп-салдарлық түсіндірмелерді қамтамасыз етумен айналыспайды. Оны 
қоғам мүшелерінің өздері тұратын әлемдегі тәртіпті түсіну, сипаттау 
және түсіндіру міндеттерін қалай орындайтыны алаңдатады».
(Zimmerman and Wieder, 1970:289) 
Этноәдіснамашыға әлеуметтік тәртіп шынайылық емес, ол әлеуметтік ак-
торлардың қалай орындағанымен айқындалады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   313   314   315   316   317   318   319   320   ...   596




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет