Алеуметтану тероиясы indb


Аппадураидың «Ландшафты» («Landscapes»)



Pdf көрінісі
бет458/596
Дата14.11.2022
өлшемі16,19 Mb.
#50039
түріОқулық
1   ...   454   455   456   457   458   459   460   461   ...   596
Аппадураидың «Ландшафты» («Landscapes»). Арджун Аппадураи 
Modernity at Large: Cultural Dimensions of Globalization («Кең ауқымды модер-
низм: Жаһанданудың мәдени өлшемдері») (1996) атты еңбегінде жаһандық 
ағымдар мен олардың арасындағы алшақтыққа баса назар аударады. Олар дү-
ние жүзі бойынша бірегей мәдени құбылыстарды жасау үшін қызмет етеді, мә-
дени гибридтерді шығаруға бейім.
Аппадураи бес жаһандық ағымды талқылайды: этнокеңістік (ethnoscapes), 
медиакеңістік (mediascapes), технокеңістік (technoscapes), қаржылық кеңіс-
тік (financescapes) және идеялық кеңістік (ideoscapes). Scape (белгілі бір кө-
рініс түрін білдіреді) суффиксін пайдалану – Аппадураиға осы процестердің 
сұйық, реттелмейтін және өзгермелі пішіндері бар екенін, сондықтан гомо-
генизациядан гөрі гетерогенизация идеясымен сәйкес келетіні туралы идея-
ны жеткізуге мүмкіндік береді. Бұл кеңістіктердің (scapes) сан түрі бар, олар 


667
16-тарау

Жаһандану теориясы
бір-бірінен тәуелсіз жұмыс істейді және бір-бірімен қақтығысқа түсу ықти-
малдығы тұрғысынан мәдени әртүрлілік пен гетерогенділікке ерекше көңіл 
бөлетін перспективалармен жақсы үйлеседі. Бұл кеңістіктер (scapes) түр-
лі агенттер арқылы (жеке адамдардан бастап топтарға, субұлттық топтар-
ға, трансұлттық корпорацияларға және тіпті ұлттық мемлекеттерге дейін) 
әртүрлі түсіндіріледі. Сонымен қатар бұл кеңістіктер, ақыр аяғында, жеке 
адамдар және топтардың субъективті түсіндіруіне сүйеніп бағытталады. Бас-
қаша айтқанда, мұны қиялдағы әлемдер деп санауға болады, ал оны жасай-
тындар өмірдегі адамдар – басқаратындар немесе өмір сүретін адамдар болуы
мүмкін.
Билік, әлбетте, бақылайтын адамдарға және олардың қиялдарына тие сілі бо-
луына қарамастан, бұл перспектива қиялдағы әлемдерде жай өмір сү ретіндерге 
осы әлемдерді қайта анықтауға және түпкілікті бұзуға мүмкіндік береді.
Аппадураи айқындаған негізгі бес кеңістіктің сипаты төмендегідей:
1. Этнокеңістік (еthnoscapes) біз өмір сүретін және барған сайын өзгеріп 
жатқан әлемдегі маңызды рөлге ие мобильді топтар мен индивидтерді (ту-
ристер, босқындар, жалданбалы жұмысшылар) қамтиды. Бұл нақты көшу, 
сондай-ақ қоныс аудару туралы қиялдармен байланысты. Үнемі өзгеріп 
отыратын әлемде адамдардың бұл қиялы ұзаққа бармайды, сондықтан 
оны жүзеге асырудың амалын қарастырған жөн.
2. Технокеңістік (technoscapes) – жоғары немесе төменгі механикалық және 
ақпараттық технологиялардың икемді ғаламдық конфигурациялары және 
бұрын-соңды таратуға икемсіз болған (немесе кем дегенде, солай деп са-
налған) материалдың кең ауқымы (файлдарды жүктеу, электрондық пош-
та) қазіргі уақытта бүкіл әлем бойынша және шекаралар арқылы еркін әрі 
тез таралатын ақпараттық технологияларды ұсыну кеңістігі.
3. Қаржылық кеңістік (financescapes) тауарлық спекуляциялар, валюталық 
нарықтар, ұлттық қор биржалары және сол сияқты қаражаттардың елдер 
мен бүкіл әлем бойынша үлкен жылдамдықпен жүретін процестерін қам-
тиды.
4. Медиакеңістік (mediascapes) ақпаратты жасау және жеткізуге арнал ған 
электрондық мүмкіндікпен қоса, осы медиа жасайтын және тарата тын 
әлем бейнелерін қамтиды. Бұған Интернетке блог жазатын адам дар, ға-
ламдық кинематографистер және кино дистрибьюторлары, телевизия лық 
станциялар (CNN және Al-Jazeera – көрнекті мысалдар), сондай-ақ газет-
тер мен журналдар қатысады.
5. Идеялық кеңістік (ideoscapes) – медиакеңістік сияқты бейнелер жиыны. 
Алайда олар көп жағдайда мемлекеттер шығарған және олардың идеоло-
гиясына сәйкес келетін саяси бейнелермен шектеледі немесе биліктегі-
лердің орнын алуды, кем дегенде осы биліктің бір бөлігін алуды көздеген 
қозғалыстар бейнесі, яғни контридеологиялары меншіктеледі.
Аппадураидың ландшафттары туралы үш нәрсені ерекше атап айтуға бо-
лады. Біріншіден, олар кез келген ұлттық мемлекеттен ішінара немесе толық 


668
III бөлім

Модерндік теориядан постмодерндік әлеуметтік теорияға дейін (және одан кейінгілер)
тәуелсіз жаһандық процестер ретінде қарастырыла алады. Екіншіден, жаһан-
дық ағындар ландшафттар арқылы ғана емес, олардың арасындағы алшақтық-
тардың (disjunctures) ішімен де барады. Осылайша, мұн дай алшақтықтың бір 
мысалы – жапондықтар идеяларға (идеялық кеңістік, медиакеңістікке) ашық, 
бірақ иммиграцияға (кем дегенде этнокеңістіктің біреуі) жабық. Тұтастай ал-
ғанда, кейбір ландшафттардың еркін қозғалысы басқалардың кедергісінен те-
желуі мүмкін. Осы саладағы зерттеулер мұндай алшақтықтарға және олардың 
жаһандануға жасайтын ықпалына назар аударуы керек. Үшіншіден, аймақтар-
ға бес ландшафт пен олардың алшақтықтарының тигізетін әсері әртүрлі. Бұл 
мәдениеттердің өз арасында маңызды айырмашылықтарды тудырады. Ланд-
шафттарға ерекше назар аудару жаһандану зерттеулерін бірегей бағыттардың 
жиынтығына жұмылдырады. Алайда ландшафттарға айрықша көңіл бөлу – 
жаһанданудың гомогенизацияға қарағанда – гетерогенизациямен, гробализа-
циядан гөрі глокализациямен байланысы әлдеқайда тиянақты деген идеямен 
сәйкес келеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   454   455   456   457   458   459   460   461   ...   596




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет