Алеуметтану тероиясы indb



Pdf көрінісі
бет456/596
Дата14.11.2022
өлшемі16,19 Mb.
#50039
түріОқулық
1   ...   452   453   454   455   456   457   458   459   ...   596
ДЖОРДЖ РИТЦЕР
БИОГРАФИЯЛЫҚ ШОЛУ
George Ritzer/ https://upload.wikimedia.org/wikipedia/ commons/0/03/Ritzer.jpg


664
III бөлім

Модерндік теориядан постмодерндік әлеуметтік теорияға дейін (және одан кейінгілер)
ДЖОРДЖ РИТЦЕР
да, кейбір мәдениеттер мен қоғамдар тарапынан қабылданбауы мүмкін, өйткені 
контент жергілікті контентпен қақтығысады, олар жергілікті контенттен өзгеше 
болады. Керісінше, ерекше контенттен айтарлықтай деңгейде айырылған бос 
формалардың жергіліктілермен қақтығысу мүмкіндігі аз. Сонымен қатар бос 
формалар жаһандану тұрғысынан басқа артықшылықтарға ие. Мысалы, сонша-
лықты минималис болғандықтан, оларды қайта-қайта көшіру оңай әрі құны жа-
ғынан да тиімді, өйткені олар өндіріс үшін көбінесе арзанға түседі. 
Бұл терминдердегі мәнсіздіктің жақсы мысалы – сауда орталығы (мысалы, 
Mills Corporation – Potomac Mills, Sawgrass Mills және басқаларына тиесілі кез 
келген сауда орталықтары), бұл бүкіл әлем бойынша оңай көбейтіліп, көшір-
ме жасалатын бос (көп жағдайда) құрылым. Бұл сауда орталықтары белгілі бір 
контенттің жиынтығымен (мысалы, жергілікті дүкендер, жергілікті азық-тү-
ліктер және т.б.) шексіз толтырылуы мүмкін, олар әр аймақта түрленіп отыруы 
ықтимал. Дегенмен барған сайын олар... мәнсіздіктің түрлі типтерінен тұратын 
жүйелік дүкендермен толықтырылады. Осы сауда орталықтары көптеген елдер-
де орналасқандықтан, бұл – мәнсіз гробализация мен жаһандық гомогенизация-
ның ұлғаюына мысал.
Мәнсіздіктің төрт субтипі бар, олардың бәрі ерекше контенттен тәуелсіз 
және жаһандануда: 1) «nonplaces/беймән-орындар» немесе көп жағдайда кон-
тенттен бос жерлер (мысалы, жоғарыда қарастырылған сауда орталықтары/
Рационалдандыру түңілуге (disenchantment) алып келуге ұмтылып жатқанда, құралдар немесе 
тұтыну жағдайлары өздерін таңғалдыру (enchanting) арқылы рационалдандыруға байланысты 
рационалдықтың иррационалдығына қарсы тұруға ұмтылады. Осының ең жақсы мысалы – 
ойын-сауық саябағы, әсіресе Дисней және оның өз саябақтарын «сиқырлы патшалықтар» деп 
атауға тырысуы.
Дисней әлемі, McDonald’s сияқты, жаһандық құбылысқа айналып, бұл жолы жаһандану әлеу-
меттануы тұрғысынан жұмысымды қайта қарауға тура келді. Шын мәнінде, бұл бағытқа өзімнің
«A Critique of the Global Credit Card Society» деп аталатын тұтынушы қоғамның маңызды аспекті-
сі – несие карталары жайлы кітабымда әлдеқашан көшкен болатынмын (Ritzer,1995). Несие кар-
таларға және жылдам тамақтану мейрамханалары мен ойын-сауық саябақтары секілді тұтыну құ-
ралдарына деген сыни көзқарасым оларды бос құрылымдар ретінде қарастыруға жетеледі, бұл – 
The Globalization of Nothing («Мәнсіздіктің жаһандануы») (2004; 2007) негізінде жатқан тақырып. 
Әлемнің көп бөлігі «ерекше контенттен жұрдай» құрылымдармен, сондай-ақ осындай контентке 
бай жергілікті құрылымдарды маргинализациялау немесе ауыстыру процестерімен үдемелі түрде 
сипатталды.
Осы тақырыптар бойынша жұмыс істеуді жалғастырудамын. Бірақ мені «Өндіріп-тұтыну 
(prosumption)» тақырыбы (18-тарауды қараңыз) және оның тек тұтынуға ғана қатынасы емес 
(prosumption өндіріс пен тұтынуды біріктіреді), сонымен қатар оның «McDonaldization of Society» 
еңбегіндегі «сатып алушыны жұмысқа салу» тақырыбына қатынасы қызықтырады. Мен тұтыну-
шылар жұмысқа салынып қана қоймай, жұмысшылар да өндіріп, бір уақытта тұтынады (мысалы, 
шикізатты, тұтынушылардан түскен кірістерді) деген көзқарасқа келдім. «Өндіріп-тұтыну» өндіріс 
пен тұтынудан асып түсетін процесс екенін түсіндім (Ritzer, 2010b). Шынында да, біз «просьюмер 
капитализм» (Ritzer, 2015c) дәуірінде өмір сүреміз, онда просьюмерлердің өндірісі мен тұтынуы-
ның синергетикалық эксплуатациясы, жалғыз өндіріс немесе тұтынудың эксплуатациясынан гөрі 
оңай әрі пайдалырақ болуы үшін оны капиталистер орнатты.


665
16-тарау

Жаһандану теориясы
моллдар); 2) «nonthings/беймән-заттар» – несие карталары сияқты құралдар, 
басқа миллиардтаған түрінен ерекшеленбейді, әлемнің кез келген жерінде оны 
қолданатын барлық адам үшін бірдей жұмыс істейді; 3) «nonpeople/беймән-
қызметкерлер» немесе «nonplaces/беймән-орындарға» қатысты қызметкер-
лердің түрі, мысалы, әлемнің кез келген жерінде бола алатын және сценарий-
лерге негізделе отырып барлық клиентпен бірдей араласатын, телемаркетинг; 
4) «nonservices/беймән-қызметтер» – банк мамандарына қарағанда, банкомат-
тармен қамтамасыз етілген қызметтер (ұсы нылатын қызметтер бірдей; клиент-
тің қызметтерге қол жеткізуі үшін қажетті барлық жұмысты өзі істейді). Гомо-
генизация өсуінің тағы бір көрсеткіші – «nonplaces», «nonthings», «nonpeople» 
және «nonservices»-тің кеңінен таралуы.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   452   453   454   455   456   457   458   459   ...   596




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет