738
III бөлім
•
Модерндік теориядан постмодерндік әлеуметтік теорияға дейін (және одан кейінгілер)
лары ат салысты.
Постгуманизм «гуманистікке қарсы, сондай-ақ одан тыс-
қары қозғалыс ретінде анықталады. Адамзатты адамзаттық емес әлемінен
ажырату тұжырымдамасын... және білімді бөлек
салаларға бөлуді қабылда-
майды» (Franklin, 2007:3548). Гуманистік әлеуметтанудың, әсіресе микро -
әлеуметтанудың негізін қалағандықтан, постгуманизм бұл сала үшін күрде-
лі мәселе болып са налады. Дегенмен бұл жағдайда әлеуметтануды адамзат
акторларынан тыс басқа да құбылыстардың кең ауқымына дейін кеңейтуге
мүмкіндік туады.
Постәлеуметтік идея қоғамның дәстүрлі идеяларына параллель сынақ ту-
дырады. Қоғамдық қарым-қатынас жалғасуы мүмкін, бірақ оның маңыздылы-
ғы төмендейді (әлеуметтік нысандар әлеуметтік қарым-қатынастардан боса-
тылады) және жаңа формаларды қабылдайды. Қазіргі заманғы технологиялар,
тұтыну тауарлары және білім нысандары сияқты объектілердің кеңеюіне бай-
ланысты жаңа формалардың арасында өзара қатынастар пайда болады. Кнорр
Цетинаның айтуынша:
«Постәлеуметтік қатынастар – адамзаттық
және объективті қарым-
қатынастардың өзара байланысы арқылы қалыптасады... Постәлеу-
меттік – бетпе-бет өзара қатынасқа негізделмеген және шын мәнінде
ешқандай өзара әрекеттесуді қарастырмайтын интерсубъективтілік
деңгей... Постәлеуметтік жүйелер Интернетпен байланысты кез келген
әрекетте пайда болуы мүмкін... Постәлеуметтік формалар қоғамдағы
ескі мағынада бай емес... бірақ олар басқа жолдармен бай болуы мүм-
кін, ал негізгі мақсат – осы жаңа формаларды зерттеу және теориялық
тұрғыдан талдау».
(Knorr-Cetina, 2007:3580)
Жұмыс пен тұтынудың жаңа түрлерін дамытуға байланысты постәлеу-
меттік қатынастар кең қанат жайып отыр. Форманың бір мысалы – жұмысқа
қатысты тапсырмаларды шешу үшін қарым-қатынас жасайтын орталық штаб-
пәтері жоқ «виртуалды ұйымдар». Виртуалды ұйымдарда жұмысшылар бір-
бірімен және жоғарғы басшыларымен телефон, электрондық пошта немесе
кездейсоқ бетпе-бет кездесулер арқылы шектеулі әрекеттеседі.
Тұтыну саласында мұндай постәлеуметтік қарым-қатынастардың көптеген
мысалдары бар. Мысалы,
банктегі есепшілермен емес, банкоматтармен өзара
әрекеттесу ықтималдығы артады. Банкпен байла нысты басқа да қатынас түр-
леріне қазіргі автоматтандырылған телефон байланы сы немесе онлайн-бан-
кинг жүйесі жақсы мысал бола алады. Сондай-ақ кітап дүкеніндегі сатушымен
өзара қарым-қатынас орнына, адаммен байланыспай-ақ
Amazon.com арқылы
кітаптарды (және басқа өнімдерді) сатып аламыз. Мұндай жағдайда техноло-
гиялар мен басқа да нысандар адамдармен қарым-қатынас құралына айналады
немесе адамдар арасындағы қарым-қатынасқа көмектеседі. Біз автоматтанды-
рылған телефон хабарламалары ұсынған барлық мүмкіндіктерді пайдаланып
бітпейінше, адамның өзімен тікелей әңгі мелеспейміз.
Көптеген ең танымал тұтыну орындарында да (Ritzer, [2010a] «тұтыну
шіркеулері» деп аталады) осындай жағдайды жиі кездестіреміз. Мысалы, Лас-
Вегастағы, сондай-ақ Құрама Штаттарда орналасқан басқа казино орталықта-
ры және көптеген жерлердегі казинолар кеңістігі барған сайын көбейіп бара
жатқан
ойын автоматтарына толы, ал құмарпаздар осы объектілермен ғана
739
18-тарау
•
XXI ғасырдағы әлеуметтік теория
қарым-қатынасқа түсу нәтижесінде ойнай алады. Мысалы, бірнеше адаммен
өзара қарым-қатынасты немесе тіпті басқа адамдармен тікелей өзара байла-
нысуды қажет етпейтін құмар ойындардың басқа да формалары, мысалы,
кено
казинодағы басқа ойыншылар немесе казино қызметкерімен қарым-қатынасқа
түсіретін ойындарды (блэкджек, покер, рулетка, крэпс және т.б.) алмастыра-
ды. Дәл қазіргі уақытта заманауи дүкенде жұмыс істейтін қызметкерлер саны
бұрын ғымен салыстырғанда әлдеқайда аз, ал тұтынушылар дүкенмен және
оның өнімдерімен тікелей әрекеттесіп,
таңдау жасайды, содан кейін ақы төлеу
үшін қызметкерге тауарларды әкеледі.
Әрине, интернет – басым бағыттағы постәлеуметтік құбылыс. Біз перне-
тақта, компьютер экрандары, веб-сайттар, электрондық пошта, сөйлесу чатта-
ры, жаппай көп қолданушылары бар ойындармен және т.б. өзара әрекеттесе-
міз. Кейбір жағдайларда интернет-қатынастар бетпе-бет қарым-қатынастарды
(кей де қауіпті салдарлармен) қамтуы мүмкін, бірақ көбінесе кез келген адам-
зат қарым-қатынастары көптеген технологиялар саласын қамтитын интернет
желі сінде пайда болады.
Достарыңызбен бөлісу: