қамтамасыз етеді. Сіз осы айналымдағы тіршілік иесімен байланысқан кез-
де ішінара сана, субъективтілік, акторлық және тағы басқа қасиеттерге ие бо-
ласыз... Актор болу... жергілікті жетістік». Тіпті адамның ин тернационалдық
сияқты жеке-дара адамгершілік қасиетінің өзі – желілік терминдерде «тәжіри-
бенің белгілі бір денелерге қосылу арқылы алынған немесе жоғалған... айны-
малы қуаты» (Latour, 1999:23).
Негізінен, акторлар (немесе актанттар) өздері пайда болған және соның бір
бөлігі болып саналатын желілерден бөлек қарастырылмайды. Шын мәнінде,
актор мен желі – «бір құбылыстың екі көрінісі» (Latour, 1999:19). Осылайша,
актор-желі теорияшылары әлеуметтік теорияның көп бөлігін сипаттаған мик-
ро-макро және агенттік-құрылым дихотомияларын айналып өтуге ұмтылады
(9-тарауды қараңыз).
Желілер идеясын түсіну қиын, бірақ Кроуфорд (2005:1) оларды жақсы
анықтайды және оларды актанттармен байланыстырады: «Желілер – өздерін
құраған актанттар арқылы жасалған процессуалды іс-әрекеттер». Қалай бол-
ғанда да процесс барысында біршама түрлену мен өзгеріске ұшырайды. Латур
(1999:17) өз тұжырымдамасында желі қоғам немесе күштердің белгісіз сала сы
емес, «әртүрлі жабдық түрлері, жазбалар, формалар мен формулалар арқы лы
жергілікті, тә жірибелік, өте кішкентай локуста өзара әрекеттесудің қоры тын-
дысы» екенін айтады. Осылайша, желілерге баса назар аудару жергіліктіден
алшақтау емес, қайта жергіліктінің өзіне жақындау болып табылады. Бұл идея
ғылыми, әсіресе ғылыми зертханалардың жұмысын егжей-тегжейлі зерттеу-
лерде АЖТ-ның негізімен тығыз байланысты. Алайда АЖТ микро- және мак-
роайырмашылығын қабылдамайды. Сонымен, жергіліктіні немесе желіні, тіп-
ті актанттың өзін талқылау барысында микро-макро-, жергілікті-жалпылық
сияқты құбылыстар бір-бірінен ерекшеленбеуі мүмкін. Нақтырақ айтқанда,
макро- «үлкен» мағынасында емес, «қосылған... жергілікті, делдалдық, байла-
нысқан» түсінігінде қарастырылуы керек (Latour, 1999:18).
Желілік идеясы мен өнімділік (performativity) ұғымы байланысты болады.
Бұл дегеніміз – тіршілік иелері белгілі бір эссенциалистік мағынада пайда
бол майды, бірақ олар қарым-қатынастар немесе желілер арқылы қалыптасады
де ген сөз (Law, 1999:4).
Адамзат акторларының да осындай өнімділікке қатыса тыны белгілі, бірақ
736
III бөлім
•
Модерндік теориядан постмодерндік әлеуметтік теорияға дейін (және одан кейінгілер)
АЖТ материалдық жиынтықтарды өнімділік арқылы сипаттау үшін бұл ше-
карадан шығып отырады. Егер адамдар мен объектілер сыртқы орта арқылы
жаңғыртылатын болса, онда «барлығы түсініксіз және қайта қалпына келетін»
еді
(Law, 1999:4).
Беріктік пен тұрақтылыққа қол жететін кез болады, бірақ бұл нәтижеге
жету үшін қандай қадамдар жасалғанына назар аудару керек. Басқаша айт-
қанда, берік желілердің жұмысы қаншалықты ұзаққа созылғанына қара-
мастан, олардың құлдырауы, тіпті жоғалып кетуі әбден мүмкін. Дегенмен
АЖТ теорияшыларының өзі бұл беріктіктің белгілі бір уақыт шегінде ғана
тіршілік ететінін мойындайды, оған Латурдың «қозғалыс кезінде өзінің фор-
масын сақ тайтын элементтер желісі» ретінде «өзгермейтін мобильділіктер»
(immutab lemobiles) тұжырымдамасы жақсы мысал бола алады (Law and
Hetherington, 2002:395–396). Осылайша, мұнда ұзаққа созылатын желі бар,
бірақ ол үнемі қозғалыста (және оның кез келген уақытта құлдырауға ұшы-
рау мүмкіндігі бар).
АЖТ-ның ең маңызды ерекшелігі деп, оның материалдық тіршілік иеле-
ріне немесе артефактілерге қатысты алаңдатушылығын айтуға болады: «Ма-
териалдық артефактілер агенттікке ұқсас әрекетті орындауы мүмкін. Бірақ
бұл – агенттіктің қасақана әрекеттен толық ажыратылған өзіндік форма-
сы» (Brown and Capdevila, 1999:40). Жоғарыда айтылғандай, бұл – материал-
дық артефактілердің «төмен» объектілер саналу себептерінің бірі. Артефак-
тілердің кілті – олардың мағынасының жоқтығы; бұл оларға желідегі басқа
элементтермен «байланысуға» мүмкіндік береді. Нақ осы бос орын желіге
және оның элементтеріне артефактімен байланыс жасауға жетелейді. Бас-
қаша айтқанда, қосылуға жол бермеу арқылы артефакт «актанттарды қосып
және жинақтау үшін желілерді басқарады» (Brown and Capdevila, 1999:41).
Адамдардың әрекетін көбінесе мына сипатта көруге болады: «Олар өздерінің
функциялық бос орындарын толықтырады, ...өздері тікелей қатысып, ештеңе
айтпаса да, қатынас туындатады және қалыптастырады... (Олардың) қосылу-
ға деген ынта-жігерін одан әрі арттырады» (Brown and Capdevila, 1999:40).
Осыған орай, АЖТ «тәжірибелік материалдылыққа» қатысты алаңдау-
шылық білдіріп отыр (Dugdale, 1999). Материалдық артефактілер желілер
мен субъектілерді құруда маңызды рөл атқарады. Осылайша, артефактілер
жай ғана әрекет етпейді (мысалы, желімен байланысты), белсенді әрекет ете-
ді. Материалдық артефактілер – адам агенттері сияқты актант. Мысалы, Лоу
мен Хетерингтон (Law and Hetherington, 2002:394) кілем мен әрлеу сияқты
заттардың қалай әрекет ететінін талқылайды: олар әрекет етеді; олар «ақпа-
рат генерациясына, қуат қатынастарына, субъективтілікке және объективті-
лікке қатысады». Осылайша, адамзаттық емес объектілер желілердің, әлеу-
меттік қатынастардың белсенді қатысушылары болады. Әрине, материалдық
артефактілерге адамзат акторларын сипаттайтын интенционалдық жетіспей-
ді. Верран осының барлығын былайша түйіндейді:
«Осы түсіндірме әлемді акторлардың өзара қарсыласуы мен келісімге ке-
луінің нәтижесі ретінде қарастыруда материалдық пен символикалықты
ажыратудың кез келген түрін болдырмауға мүмкіндік береді. Ол жерде
осы әлемді құрайтын күнделікті (жаңа) іс-әрекеттерде адамдармен қатар,
жансыз заттардың белсенділігін қамтиды».
(Verran, 1999:143)
737
18-тарау
•
XXI ғасырдағы әлеуметтік теория
Байлықтарға, айналымдарға және желілерге назар аударудың кеңістік-
тік салдары бар, бірақ AЖТ кеңістікке қатысты басқаша көзқарас ұстана-
ды: «Түрлі және сәйкес келмейтін кеңістіктер (мысалы, аймақтар мен желі-
лер) қа лыптасады» (Law, 1999:11). Осылайша, АЖТ кеңістіктің қарапайым
ев клидтік көзқарасынан алыстатуға тырысады. Өзінің актор-желі теориясын-
да кеңістіктегі «өтпейтін қайшының қағаз бетіндегі қиық іздері сияқты, кенет
алыс нүктелердің жақындауынан» қалып тасатын «қатпарға» ерекше көңіл бө-
леді. Олар... «умаждалып» бірігеді» (Brown and Capdevila, 1999:29). Сондай-ақ
Латурдың (1999:19) «желілер арасындағы «бос кеңістіктер», белгісіз жерлер
Достарыңызбен бөлісу: |