Алеуметтану тероиясы indb



Pdf көрінісі
бет496/596
Дата14.11.2022
өлшемі16,19 Mb.
#50039
түріОқулық
1   ...   492   493   494   495   496   497   498   499   ...   596
Негізгі түсініктер
Аффект теориясы микроәлеуметтік теория емес екеніне қарамастан, оның не-
гізгі түсініктеріне қол жеткізу үшін мәселені – субъектілердің өз денелеріне 
және қоршаған ортаға деген қарым-қатынастар деңгейін қарастырудан бастау 
керек. Брайан Массуми (2002) ақыл мен сана пайда болатын үштік процесті 
сипаттайды:


742
III бөлім

Модерндік теориядан постмодерндік әлеуметтік теорияға дейін (және одан кейінгілер)
1. Спиноза мен Бергсон сынды философтардың идеяларына сүйене оты-
рып, Массуми «субъект» ашық, орталықсызданған салада пайда бола-
тынын айтады. «Субъект» сөзі тырнақшаға алынған, себебі қазіргі кезде 
қарастыратын ешқандай субъект жоқ. Сала (немесе қарапайым қорша-
ған орта) субъектілерге шабуыл жасап, басып кіретін күштер мен энер-
гиялардан құралады. Бұл құбылыс субъект қабылдап, жіктелмес бұрын 
жүзеге асатындықтан, қоршаған орта ретінде танылады. Бұл дененің көз-
қарасы жоқ. Керісінше, ол постструктуралистік ой-өрістердің дәстүріне 
сәйкес орталықсызданған: «Ол өзінен гөрі, өзінен тысқары субъектінің 
абс трактілі әрекетінде және әрекеттің абстрактілі контекстіндегі қозғал-
майтын ынтызар күйде болады» (2002:31). Ынтызар терминіне сәй кес 
аталған күй, оны түсіну қиын болғанымен, аффективтік немесе эмо ция-
лы шекті нүкте болып табылады. Бұл нүкте адамның қоршаған ортаға 
толығымен енуімен
 сипатталады. 
Массуми тәжірибенің осы аспектісін талқылауға көп уақыт жұмсамаса 
да, мұның адамзат әлемінен түпкілікті ажыратылған, тек өздерімен шек-
телген атомдар еместігі жөніндегі маңызды идеяны ұсынады. Керісінше, 
кейбір бастапқы деңгейде адамдар басқа денелермен және басқа адам-
дармен тығыз байланыста болады. Бұл – олардың қоршаған ортасында-
ғы күштер мен қуаттарда байқалатын адамзат тіршілігінің фактісі.
2. Дене орталықсыздандырылған болса да, осы қоршаған ортада орын ала-
ды. Яғни жеке адам ретінде осы қуаттар мен күштерден өзін ерекшелейді. 
Ең бастысы, дене санадан тыс қоршаған ортаға өздігінен орнығады. Мас-
суми былай дейді: «Бұл – дененің өздігінен (аяқ астынан) іске асырған 
ең бірінші идеясы» (2002:32). Биологиялық дененің өзін-өзі ұйымдасты-
ру немесе өзін-өзі өндіру (autopoiesis) принциптері бар (жүйелік теория 
бойынша өзін-өзі өндіруді талқылауды 7-тараудан қараңыз). Басқаша 
айтқанда, денеде әлеммен қарым-қатынасын өңдеудің немесе «түйсіну-
дің» өзіндік жолы бар. Философ Жиль Делездің идеяларына сүйене оты-
рып, Массуми бұл жағдайды қоршаған ортаның жинақталуы немесе қар-
қындылық әрекеті деп атайды. Аффект теорияшылары аффект туралы 
сөз қозғағанда көбінесе осы жинақталудың денелік тәжірибесі туралы 
айтады. Яғни мұнда дененің қоршаған орта арқылы қозғалу барысында 
күш-жігер мен қайратты бейсаналы түрде қамти отырып, бойынан өткізу 
сияқты ерекше сезімді бастан кешіреді. 
Жинақталу адамның қоршаған ортадан және басқа адамдардан өздігінен 
бөлінуі емес екенін атап өту керек. Бұл – дененің бірінші жағдайдағы 
қоршаған ортаға толық енуі мен келесі бөлімде сипатталатын өзіндік са-
наға жету арасындағы күй. Бұл күйде дене қоршаған орта ұсынатын бар-
лық мүмкіндіктерді ешқайсысына әсер етпей отырып, мойындайды. Бұл 
қысымдағы дене әлі еш әрекет жасамас және еш нәрсе сезінбес бұрын 
әртүрлі жағдайларды сезінуге және көптеген әрекеттерге баруға дайын.
3. Ақырында, Массуми ақылға жинақталған сезімдерге бағытталған сана
рефлексиясы деген анықтама береді: «Бұл денеден қолма-қол қабылдан-
ған автономиялық процесс дамып күшейе келе, ақылдың іс-әрекетіне 
айналады» (32). Басқаша айтқанда, дене іс-қимыл мен сезімнің үлкен 


743
18-тарау

XXI ғасырдағы әлеуметтік теория
мүм кіндіктеріне ие болса да, ол осы мүмкіндіктердің тек бірнешеуін ғана 
жүзеге асырады. Әсерге ұшыраған дененің жүзеге асырылған мүмкіндік-
тері – бұл ақыл саналы тәжірибе деп мойындайтын құбылысы. Демек, 
әлеуметтік және мәдени процестер жүзеге асырылатын нәрселерге елеу-
лі әсер етеді.
 
Біз бұл күйлерді бір-бірінен бөлек көрсетсек те, Массуми олардың бір-бірі-
мен қатар өмір сүретіні және бір-бірін хабардар ететіні туралы анық айтқанын 
атап өту қажет. Осылайша, адамдар бейсаналық аффект түрінде бастан кеше-
тін кең мүмкіндіктер мен саналы түрде жүзеге асырылатын әрекеттер, сезімдер
және эмоциялардың шағын жинағы арасындағы қысыммен сипатталатын 
жағдайда өмір сүреді. Тарихқа жүгінсек, әлеуметтану тек кейінгісіне ғана на-
зар аударған. Мысалы, Джордж Герберт Мид сияқты символикалық интерак-
ционистер өзара іс-қимылдарға, өзін-өзі қалыптастыратын саналы лингвис-
тикалық тәжірибеге көңіл аударады. Керісінше, Массуми мен басқа аффект 
теорияшылары бейсаналықтың аффект талдауындағы маңызы зор екенін 
мәлімдейді. 
Бұл үш тармақты былай қойғанда, бейсаналық пен аффект арасындағы 
қатынасқа ден қою маңызды. Әлеуметтік теорияда саналық пен бей саналық 
процестерді талқылаудың ұзақ тарихы бар. Сын теориясы (8-тарауды қара-
ңыз) бейсаналық құмарлықтар мен қажеттіліктердің адам әрекеттеріне әсер 
ету жолдарын талқылау үшін Фрейд идеяларына сүйенеді. Гидденс пен басқа-
лар бейсаналық емес әрекеттердің мүмкіндіктерін тәжірибе арқылы дәлелдеді. 
Бұл сондай-ақ әдет туралы тұжырым дамамен, атап айтқанда, Бурдьенің габи-
тусымен үндес келеді.
Бірақ аффект теориясы бейсаналықтың бірегей теориясын ұсынады. Де-
мек, бұл ілім – ағзаның әрекет етуші бөлшегі жайлы ғана емес, сонымен бірге 
молекулалық биологиялық процестер туралы ғылыми ойлардың жүйесі деген 
сөз. Ең маңыздысы, бұл биологиялық процестер өзіндік сезіну түрі – аффекті-
ні туындатады. Әрекет әрдайым өмір сүреді, ол әрекетті тудыратын – белгілі 
бір дыбыс және қозғалыс, бірақ оны тікелей тәжірибемен анықтау қиын, тіпті 
санамен басқарып, бақылау да мүмкін емес. Бұл – аффектінің неліктен авто-
номды екенін негіздейді. Осы аффект тұжырымдамасы әлеуметтік теорияшы-
ларға әртүрлі әлеуметтік және психологиялық феномендерді түсіндіруге мүм-
кіндік береді. Бұл – қазіргі әлеуметтік ғылымның тұжырымдамалық түсінігі 
аясынан тыс феномендер.
Мәселен, Массуми дененің шешімі олардың санаға жетуінен 0,5 секунд бұ-
рын қабылданбайтынын дәлелдейтін бірнеше психологиялық эксперимент-
терді талдайды. Әлеуметтік теорияда және әлеуметтік ғылым дарда, біз әдетте 
денені ақыл-ой арқылы басқарылады деп ойлаймыз: алдымен ойлаймыз, сосын 
денелеріміз біздің ойымызды жүзеге асырады. Бірақ бұл жерде Массуми пси-
хологиялық тұжырымды, денелердің ойдағы құ былысты алдын ала «түйсініп» 
қоятынын, ақыл оны фактіден кейін тіркейтінін көрсету үшін пайдаланады. 
Бұл – аффектінің тағы бір негізгі сипат тамасын айқындайды: демек, аффект 
оған қарағанда жылдамырақ деген сөз. Бұл тұрғыда адамның өзара әрекетте-
суінің көп бөлігі тосын, жылдам, өздігінен ұйымдастырылатын аффективтік 
аймақта пайда болады, ал когнитивті рацио нализм әрекетке әсер етушіден 
гөрі, әрекеттен кейінгі ойлану процесін білдіреді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   492   493   494   495   496   497   498   499   ...   596




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет