Алеуметтану тероиясы indb


Тарихи материалистік тұжырымдама



Pdf көрінісі
бет73/596
Дата14.11.2022
өлшемі16,19 Mb.
#50039
түріОқулық
1   ...   69   70   71   72   73   74   75   76   ...   596
Тарихи материалистік тұжырымдама
Маркс капитализмді өзінің болашағы тұрғысынан сынап, тарихтың болжамды 
бағыт ұстанатынына сенді. Оның бұл сенімі өзінің материалистік тарих тұ-
жырымдамасына негізделген (көбінесе «тарихи материализм» деген терминге 
қысқартылған [Vandenberghe, 2005]). Маркстің тарихи материализмінің жалпы 
пайымдауы адамдардың материалдық қажеттіліктеріне қаншалықты көз салаты-
нын немесе бір-бірімен, олардың әлеуметтік институттарымен, тіпті кең тараған 
идеяларымен қарым-қатынастарын анықтайды.
7
Адамдардың материалдық қажеттіліктерін қаншалықты қамтамасыз ететіні
маңызды болғандықтан, бұл экономикалық қатынастар көбінесе база деп ата-
лады. Экономикалық емес қатынастар, басқа да әлеуметтік институттар мен 
кеңінен таралған идеялар суперқұрылым болып есептеледі. Маркстің тарих-
қа көзқарасы – суперқұрылымның базамен бірге бір сапта тұратын тікелей


70
I бөлім

Классикалық әлеуметтану теориясы
беталысты көздемейтінін айта кеткен жөн. Адамзат тарихы қажеттіліктерді 
қанағаттандыруға тырысу арқылы алға жылжиды, бірақ жоғарыда айтылған-
дай, бұл қажеттіліктер тарихи өзгереді. Демек, қажеттілікті қанағаттандыру-
дағы жетістіктер адам қажеттілігінің негізі ретінде де, экономикалық база-
ның нә тижесі ретінде де көбірек қажеттіліктің арта түсуіне әкеледі.
Төмендегі дәйексөз – Маркстің тарихи материалистік тұжырымдамасы-
ның ең түйінді қорытындыларының бірі:
«Адамдар әлеуметтік өндірісте еріктерімен немесе мәжбүрлі түрде 
бел гілі бір қатынастарға түседі. Осы өндірістік қатынастар материал-
дық күштерді дамытудың нақты кезеңіне сәйкес келеді. Өндірістің осы 
бай ланыстарының жиынтығы қоғамның экономикалық құрылымын 
түзеді, сонымен қатар бұл негізі қоғамдық сананың белгілі бір нысан-
дарына сәйкес келетін құқықтық әрі саяси құрылым болып саналады. 
Дамудың белгілі бір кезеңінде қоғамдағы өндірістің материалдық күш-
тері байыр ғы қалыптасқан мүліктік қатынастармен қатар, соның заңды 
жалғасы болатын қазіргі таңдағы өндірістік қатынастарымен қайшы 
ке леді. Өндіріс күштерінің даму нысандарынан осы қатынастар олар-
дың бұғауына айналады. Содан кейін әлеуметтік революция кезеңі 
орын ала ды. Экономикалық іргетастың өзгеруіне қарай барлық күрде-
лі супер құрылым азды-көпті, жылдам өзгеріп отырады».
(Marx, [1859] 1970:20–21)
Бұл дәйексөздегі басты мәселе «өндірістің материалдық күштеріне» бай -
ланысты. Материалдық күштер дегеніміз – адамдардың бір-бірінің қажетті-
лік терін қанағаттандыруға арналған құралдар, машиналар, фабрикалар және 
т.б. «Өндірістік қатынастар» – адамдар өздерінің қажеттіліктерін қанағат-
тандыру үшін бір-бірімен байланысатын қауымдастық түрлері.
Маркстің теориясы «қоғам еңбек қатынастарын орнықтыруға және оның 
өнімділігін арттыруға ықпал ететін әлеуметтік қатынастар жүйесін қабыл-
дауға ұмтылады» деп санайды. Сондықтан өндірістік қатынастар материал-
дық күштердің даму дәрежесіне сәйкес келеді. Мысалы, төмен деңгейлі тех-
нологияның кейбір кезеңдері ірі жер иелерінің аз тобы мен өнімнің бір бөлі-
гін иелену үшін соларға жұмыс істейтін басыбайлы шаруалардың үлкен тобы 
арасындағы әлеуметтік қатынастармен үйлеседі. Ал капитализм кезеңіне тән 
жоғары технология қымбат машиналар мен фабрикаларды инвестициялауға 
қабілетті капиталистердің аз тобы мен жалдамалы жұмысшылардың үлкен 
тобымен сипатталады. 
Маркстің қысқа да нұсқа сөзімен айтқанда: «Сізге қол диірмені – феодал-
дың басшылығындағы қоғамды, бу диірмені капиталист басшылық ететін қо-
ғам ды сыйға тартады» (Marx, [1847] 1963:95). Маркс сонымен қатар адамдар 
арасындағы қарым-қатынастар – меншік қатынастары ретінде көрінуі мүм-
кін екенін айтады: капиталист өндіріс құралына иелік етеді, ал жалдамалы 
жұ мыскерде ондай меншіктік жоқ.
Капиталистік экономика адамдар арасындағы бірегей қарым-қатынас-
тарды дамытады және белгілі бір үміттерді, міндеттемелер мен міндеттерді 
қалыптастырады. Мысалы, жалдамалы жұмысшылар өз жұмысын сақтап 
қалғысы келсе, капиталистерге белгілі бір сыйластық танытуы керек. Маркс 


71
2-тарау

Карл Маркс
үшін бұл қатынастарға қатысты маңыздысы олардың таптық қақтығыстарға 
бейім ділігі болды, бірақ оған қоса өндірістік қатынастардың отбасылық және 
жеке қарым-қатынастарға әсерін көруге болады. «Жақсы» еркек қызметкерді 
қалып тастыруға қажетті әлеуметтендіру сондай-ақ күйеудің белгілі бір түрі-
нің пайда болуына себепкер болады. Сол сияқты, капитализмнің күнделікті 
жұмысты уақытынан ерте бастау жөніндегі қатаң тәртібінің нәтижесінде ана 
баланың негізгі тәрбиелеушісіне айналды. Демек, өндіріс күштерінің өзгеруі 
отбасы құрылымындағы терең өзгерістерге әкеп соқты. Бұл өзгерістер де өн-
дірістік қатынас тұрғысында қарастырылуы мүмкін.
Маркс өндірістік қарым-қатынастардың қай жерде тоқтайтыны және су-
пер құрылымның қайдан бастау алатыны туралы ешқашан нақты айтпайды. 
Деген мен ол «әлеуметтік сананың» кейбір қатынастары мен формалары ма-
териалдық күштердің дамуында екінші дәрежелі рөл ғана атқаратынын және 
ай тарлықтай ықпал ете қоймайтынын сезді. Маркс бұл құрылыстың жоға-
рыда аталған элемент тері тікелей қатыспаса да, олар өндіріс қатынастарын 
қолдайтын форманы қабылдауға бейім екенін болжады.
Маркстің тарихқа қатысты көзқарасы айқын болды, сондықтан ол өндіріс 
күштерінің материалдық қажеттіліктерді жақсарту үшін өзгеретініне сен-
ді. Мысалы, капитализмнің пайда болуы арқылы технологиялық өзгерістер 
зауыт тарды құруы мүмкін. Алайда капитализмнің пайда болуына дейін өзге-
рістер қоғамда, өндіріс қатынастарында болуы керек еді. Өйткені зауыттар, 
капита листер және жалдамалы жұмысшылар феодалдық қатынастармен үй-
леспейді. Жер иелену арқылы мал-мүлік жинаған және басыбайлы шаруа-
лардың күнкөрісі үшін өзінің моральдық жауапкершілігін сезінген феодал-
дардың орнын капиталдан байып, жұмысшылардың жалақысына қатысты 
мойнына ешқандай моральдық міндеттеме алмайтын капиталистер басты. 
Сол сияқты басыбайлы шаруалардың «мырзаға» деген адалдық сезімінің ор-
нын пролетарийлердің өз еңбегін ақша төлейтін кез келген адамға сату ниеті 
басты. Сөйтіп ескі өндірістік қатынастар мен жаңа өндірістік күштер арасын-
да қақтығыс туындады.
Өндірістік қарым-қатынасты өзгерту үшін революция жиі болып тұруы 
қажет. Революцияның басты көзі – өндіріс күштері мен өндіріс қатынаста-
ры ара сындағы материалдық қайшылық. Алайда революция басқа да қайшы-
лық тардан туындайды: қанаушылар мен қаналушылар арасындағы қайшы-
лықтан, т.б. Маркстің пікірінше, бұл тұрақты қайшылық қаналушылардың 
өндірістік қаты настағы өзгерістерге қолдау көрсетуі нәтижесінде револю-
циялық бет бұ рыстарға әкеледі. Ал ол, өз кезегінде, өнім өндірісінде орын 
алатын өзгерістерге жол береді. 
Маркс барлық жұмысшылар көтерілісінің тиімді болатынына, бірақ өн -
ді ріс күштерінің өзгеруін қолдайтынына сенбеді. Маркстің пікірінше, тиімді 
ре волюция жаңа қарым-қатынастарды тиянақтау үшін өзара қарым-қатынас-
тарды, институттарды және кеңінен таралған идеяларды өзгертеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   69   70   71   72   73   74   75   76   ...   596




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет