Алеуметтану тероиясы indb


Капитал, капиталистер және пролетариат



Pdf көрінісі
бет69/596
Дата14.11.2022
өлшемі16,19 Mb.
#50039
түріОқулық
1   ...   65   66   67   68   69   70   71   72   ...   596
Капитал, капиталистер және пролетариат
Маркс капиталистік қоғамның жүрегін тауардан тапты. Негізгі құнды лығы 
айырбас болатын объектілерден басым тұратын қоғам адамдар санының белгілі 
бір санатын өндіреді. Маркске қатысты екі негізгі тип – пролетариат және ка-
питалист болды. Пролетариаттан бастайық.
Өз жұмысын сататын және өздерінің өндіріс құралдарына иелік етпейтін 
жұмысшылар – пролетариат мүшелері. Өндіріс құрал-жабдықтары немесе фаб-
рикалар олардың меншігі емес. Маркс ([1867] 1967:714–715) пролетарийлер 
бір сарынды машиналарға қызмет еткен сайын өздерінің дағдыларын жо ғалта-
тынына сенді. Пролетариат мүшелері өнімді алмасу үшін ғана өндіре тін діктен, 
олар да тұтынушы болады. Себебі өздерінің қажеттерін өтеуге қаражат жоқ, 
олар еңбекақысын қажет нәрселерді сатып алу үшін пайдалана алады. Демек, 
пролетарийлер өмір сүру үшін жалақыға толық тәуелді. Бұл пролетариатты 
жалақы төлеушілерге тәуелді етеді. 
Жалақы төлейтіндер – капиталистер. Капиталистер – өндіріс құралдары-
на иелік ететін адамдар. Капиталистерді толық түсінбес бұрын алдымен ка-
питалдың өзін түсінуіміз керек (H. Wolf, 2005a). Капитал – одан да көп ақша 
шығаратын, адамның қажеттіліктері мен қалауын қанағаттандыру үшін емес, 
инвестициялау мақсатындағы ақша. Бұл айырмашылықты Маркс «капиталдың 
басталу нүктесі» деп атаған ([1867] 1967:146) тауар айналымын қарастырған 
кезде айқынырақ болады. Маркс тауар айналымының екі түрін талқылады. 
Айналымның бір түрі капиталға тән: ақша тауар ақша (көбірек сомасы)
(M
1
-C-M
2
). Басқа түрі тән емес: тауар ақша тауар (C
1
-M-C
2
).
Капиталистік емес таратылымда (C
1
-M-C
2
) тізбегі басым. (C
1
-M-C
2
) сыз-
басының үлгісі ретінде өз пышағын (C
1
) сатқан, содан кейін сол ақшаны
(M) қолданып, нан (C
2
) сатып алған балықшыны айтуға болады. Капиталистік 
емес айналымдағы алмасудың басты мақсаты – оны пайдалануға және рақатта-
нуға болатын тауар.
Капитализмнің тауар айналымында (M
1
-C-M
2
) негізгі мақсат – көп ақша 
табу. Тауар міндетті түрде пайда алу үшін емес, сатып алу үшін қажет. Маркс-
тің «сату үшін сатып алу» деп атаған капиталистік кестеде (1867–1967:147) 
жеке актор тауарларды ақшамен сатып алады және тауарды болжанған ақша-
мен алмастырады. Мысалы, дүкен иесі одан да көп ақшаға (M
2
) сату үшін (M
1

балықты (C) сатып алады. Дүкен пайдасын одан әрі арттыру үшін дүкен иесі 
қайық пен балық аулауға арналған жабдықты сатып алып, балық аулаушыға 


65
2-тарау

Карл Маркс
жалақы төлей алады. Бұл тізбектің мақсаты – тұтыну құндылығы емес, өйткені 
ол қарапайым тауар айналымында. Мақсат – көп ақша. Ақшаны табу үшін пай-
даланылатын тауардың ерекше қасиеттері маңызды емес. Тауар балық болуы 
мүмкін немесе еңбек болуы мүмкін. Сонымен қатар адамның нақты мұқтажы 
мен қалауы маңызды емес, бәрінен де маңыздысы – көп ақша әкелетіні.
Капитал – көп ақша шығаратын ақшалар, бірақ Маркс бізге бұл одан да кең 
ауқымды ұғым, сонымен қатар белгілі бір әлеуметтік қатынас деп айтады. Ақша, бір 
жағынан, жұмыс істейтін және өнімді сатып алатын пролетариат, екінші жағынан, 
ақшаны инвестициялаған адамдар арасындағы әлеуметтік қарым-қатынастың 
арқасында ғана капиталға айналады. Капиталдың пайда жасау қабілеттілігі «та-
биғат ұсынатын капиталдағы имманентті өндірістік күшпен» сипатталады (1867–
1967:333), алайда, Маркстің айтуы бойынша, бұл – биліктің қатынасы. Капитал 
жұмысын шынайы істейтіндерді пайдалану арқылы ғана көбейе алмайды. Жұ-
мысшыларды жүйе арқылы пайдаланады, ал жүйенің өзі жұмысшылардың еңбегі 
арқылы жасалады. Капиталистік жүйе – эксплуатациялық қатынастардан туын-
дайтын әлеуметтік құрылым.
Капиталистер – капиталдың пайдасын өтейтін адамдар. Олар пролетариат- 
тарды пайдалану арқылы пайда табады. Капитал идеясы шеңберінде өндіріс 
құралдарына иелік ететін адамдар мен еңбекақыны пайдаланатындар арасында 
әлеуметтік қатынас бар.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   65   66   67   68   69   70   71   72   ...   596




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет