Алеуметтану тероиясы indb



Pdf көрінісі
бет203/596
Дата14.11.2022
өлшемі16,19 Mb.
#50039
түріОқулық
1   ...   199   200   201   202   203   204   205   206   ...   596
Ескертпелер
1. Мектеп дегеніміз не және «Чикаго мектебі» туралы неліктен айтып отырғанымызды тү-
сіну үшін Блумерді (1985) қараңыз. Тирякян (1979, 1986), жалпы айтқанда, мектептер-
мен, Чикаго мектебімен айналысады және харизмалы көшбасшылардың рөлін, сондай-
ақ әдіснамалық инновацияларды қарастырады. Осы мектепті америкалық әлеуметтану 
теориясындағы оқиғалардың кең ауқымы бойынша түсіну үшін Хинкл еңбегімен (1994) 
танысыңыз.
2. Алайда көріп отырғанымыздай, Чикаго мектебінің ғылым туралы тұжырымдамасы әлеу-
меттануға басымдық беріп келе жатқан позитивистерге тым «жұмсақ» болып көрінді.
3. Чикаго мектебіне байланысты тағы көптеген маңызды тұлғалар болды, мысалы, 
Еверет Хью (Chapoulie, 1996; Strauss, 1996).
4. Ерекшеленетін көзқарастың, мысалы үшін Дж. Левис пен Смитті қараңыз (J. Lewis and 
Smith, 1980).
5. Аддамс, Гилман, Купер және Уэллс-Барнетт – америкалықтар, Вебер – неміс, ал Поттер 
британдық еді.
6. Бұл белгі кейбір сыншыл теорияшыларға басқаларға қарағанда жарасымдырақ және 
оны басқа да ойшылдардың көпшілігіне қолдануға болады (Agger, 1998).
7. Соңғы әдебиеттерге көп үлес қосып, әлеуметтік әлем туралы теориялар жасаған ойшыл-
дар әлеуметтанушы болмағандықтан, оларға әлеуметтану теорияшысы емес, әлеумет-
шіл теорияшы деп қараған жөн.


7
Құрылымдық функционализм, 
жүйелер және 
конфликт теориялары


255
7-тарау

Құрылымдық функционализм, жүйелер теориясы және конфликт теориясы 
Құрылымдық функционализм
Жүйелер теориясы
Конфликт теориясы 
Тарау мазмұны
Қ
ұрылымдық функционализм – негізінен алғанда, Толкотт Парсонс, Ро-
берт Мертон және олардың шәкірттері мен ізін жалғастырушылар ең-
бектеріндегі басты әлеуметтану теориясы. Алайда соңғы отыз жыл ша-
масында оның маңыздылығы төмендеп (Chriss, 1995), белгілі бір деңгейде 
әлеуметтану теориясының жаңа тарихына орын берді. Бұл жағдайда құры-
лымдық функционализм теориялық «дәстүр» ретінде бейнелейтін Коломидің 
анықтамасында (1990) көрініс тапты. Демек, қазіргі ойшылдардың бірқатары 
әлеуметтік талдауға қажетті пайдалы құралдарды Парсонстың еңбектерінен 
тауып, тарихи және теориялық зерттеулерді жүзеге асырып отырғанын көре-
міз (Gerhardt, 2011; Lidz, 201 la, 2011b). Сонымен қатар көп жыл бойы түрлі ға-
лымдар құрылымдық функционализмді қайта қарап, оны кеңейтуге әрекет жа-
сады. 1980 жылы Джеффри Александер неофункционалистік әлеуметтануды 
дамыту үшін Парсонстың жұмысына ден қойып (Abrahamson, 2001; Alexander 
and Colomy, 1990; Nielsen, 2007b), содан бері өзі мәдени әлеуметтану деп атап 
көрсеткен бағытты дамытуға барынша күш салды (Alexander, 2003). Сондай-
ақ неміс әлеуметтанушысы Никлас Луман жасаған жүйелер теориясы құры-
лымдық функционализмнің бір нұсқасы ретінде түсіндірілді. Луманның жұ-
мысы Америка Құрама Штаттарында халықаралық деңгейде кеңінен белгілі 
болмағанына қарамастан, қазіргі әлеуметтану ғылымының аса ірі әлеуметта-
ну теорияшыларының бірі болып есептеледі (Stichweh, 2011). Сондықтан да 
мақсатымыз құрылымдық функционализмді талқылау болған соң, Луманның 
жүйелер теориясына тоқталайық.
Көп уақыт бойы конфликт теориясы құрылымдық функционализмге бала-
ма болып келген еді. Осыған орай, біз Ральф Дарендорфтың конфликт теория-
сының дәстүрлі нұсқасын, сонымен қатар Рэндалл Коллинздің салыстырмалы 
түрде алғандағы жаңа интегративті және синтетикалық түрлерін талқылайтын 
боламыз. Томас Бернардтың (1983) ізімен құрылымдық функционализмнің, 
жүйе лер теориясы мен конфликт теориясының арнайы ерекшеліктеріне назар 
аудармас бұрын, біз бұл теорияларды келісім теориялары (оның бірі – құры-
лымдық функционализм) мен конфликт теориялары (олардың бірі – осы та рау-
да талқыланатын конфликтінің әлеуметтану теориясы) арасындағы анағұрлым 
кеңірек пікірсайыстар аясында қарастыруға мүдделіміз.
Консенсус (келісім) теориясы бір-бірінен алшақ жатқан нормалар мен құн -
дылықтардың қоғам үшін фундаменталдық мәнін мойындай отырып, қоғамдық 
тәртіпті ымырамен қабылдауға назар аударады, әлеуметтік өзгеріс терді біртін-
деп және өзара келісіммен жүзеге асыруды қолдайды. Керісінше, конфликт тео-
риясы бірқатар әлеуметтік топтарға басқалардың үстемдік жа сай тынын айтады, 
қоғамдық құрылымды үстем топтардың манипуляциясы мен бақылауы тұр-


256
II бөлім

Қазіргі заманғы әлеуметтану теориясы: негізгі мектептер
ғысынан қарастыра отырып, бағынышты топтардың үстем топтарды құлатып, 
жоюы арқылы әлеуметтік өзгерістердің тез және ешқандай келісімісіз-ақ іске 
асатынын дәлелдейді.
Қалай айтқанда да, бұл өлшемдер кең мағынада құрылымдық функциона-
лизм мен конфликт теорияларының арасындағы маңызды айырмашылықтарды 
көр сеткенімен, Бернардтың көзқарасы бойынша, бұл көзқарастардағы келісе ал-
маушылықтың тамыры әлдеқайда тереңірек: «Пікірсайыс қайталанып, Батыс-
тық ойлау тарихы барысында түрлі формаларға ие болып отырды» (1983:6).
Бернард ежелгі Грекиядағы пікірсайыстарды (Платон (келісім) мен Аристо-
тель (конфликт) арасындағы) философия тарихы арқылы егжей-тегжейлі қа-
рас тырды. Кейінірек әлеуметтану пікірсайыстарына Маркс пен Конт, Зиммель 
мен Дюркгейм, Дарендорф және Парсонс келіп қосылды (алғашқы конфликт 
тео рияшылары болып саналады).
Біз әлеуметтанушылардың алғашқы екі жұбының идеяларын қысқаша қа рас-
тырдық (алайда біздің көзқарасымыз бойынша, олардың жұмысы «конфликт», 
«консенсус» теорияшылары көрсеткен нәсілшілдік кемсітулерге қарағанда ана-
ғұрлым кең; осы тарауда Дарендорфтың конфликт теориясы мен Парсонстың 
консенсус теориясын талдаймыз).
Дегенмен біз құрылымдық функционализм мен конфликт теорияларының 
арасындағы айырмашылықтарды көрсеткенімізбен, олардың ұқсастықтарының 
да маңызды екенін ұмытпауымыз керек. Шын мәнінде, Бернардтың сендіруі бо-
йынша, «олардың арасындағы келісімпаздық ықтималдығы дүрдеараздық ауқы-
мынан анағұрлым кеңірек» (1983:214). Мысалы, олар – кең масштабты әлеумет-
тік құрылымдарға, сонымен бірге әлеуметтік институттарға бағытталған макро-
деңгейдегі теориялар. Нәтижесінде, Ритцердің (1980) термині бойынша, екі тео-
рия да бір әлеуметтану (әлеуметтік фактілер) парадигма аясында орындалады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   199   200   201   202   203   204   205   206   ...   596




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет