256
II бөлім
•
Қазіргі заманғы әлеуметтану теориясы: негізгі мектептер
ғысынан қарастыра отырып, бағынышты топтардың үстем топтарды құлатып,
жоюы арқылы әлеуметтік өзгерістердің тез және ешқандай келісімісіз-ақ іске
асатынын дәлелдейді.
Қалай айтқанда да, бұл өлшемдер кең мағынада құрылымдық функциона-
лизм мен конфликт теорияларының арасындағы маңызды айырмашылықтарды
көр сеткенімен, Бернардтың көзқарасы бойынша, бұл көзқарастардағы келісе ал-
маушылықтың тамыры әлдеқайда тереңірек: «Пікірсайыс қайталанып, Батыс-
тық ойлау тарихы барысында түрлі формаларға ие болып отырды» (1983:6).
Бернард ежелгі Грекиядағы пікірсайыстарды (Платон (келісім) мен Аристо-
тель (конфликт) арасындағы) философия тарихы арқылы егжей-тегжейлі қа-
рас тырды. Кейінірек әлеуметтану пікірсайыстарына Маркс пен Конт, Зиммель
мен Дюркгейм, Дарендорф және Парсонс келіп қосылды (алғашқы конфликт
тео рияшылары болып саналады).
Біз әлеуметтанушылардың алғашқы екі жұбының идеяларын қысқаша қа рас-
тырдық (алайда біздің көзқарасымыз бойынша, олардың жұмысы «конфликт»,
«консенсус» теорияшылары көрсеткен нәсілшілдік кемсітулерге қарағанда ана-
ғұрлым кең; осы тарауда Дарендорфтың конфликт теориясы мен Парсонстың
консенсус теориясын талдаймыз).
Дегенмен біз құрылымдық функционализм мен конфликт теорияларының
арасындағы айырмашылықтарды көрсеткенімізбен, олардың ұқсастықтарының
да маңызды екенін ұмытпауымыз керек. Шын мәнінде, Бернардтың сендіруі бо-
йынша, «олардың арасындағы келісімпаздық ықтималдығы дүрдеараздық ауқы-
мынан анағұрлым кеңірек» (1983:214). Мысалы, олар – кең масштабты әлеумет-
тік құрылымдарға, сонымен бірге әлеуметтік институттарға бағытталған макро-
деңгейдегі теориялар. Нәтижесінде, Ритцердің (1980) термині бойынша, екі тео-
рия да бір әлеуметтану (әлеуметтік фактілер) парадигма аясында орындалады.
Достарыңызбен бөлісу: