Алеуметтану тероиясы indb


Роберт Мертонның құрылымдық функционализмі



Pdf көрінісі
бет214/596
Дата14.11.2022
өлшемі16,19 Mb.
#50039
түріОқулық
1   ...   210   211   212   213   214   215   216   217   ...   596
Роберт Мертонның құрылымдық функционализмі
Толкотт Парсонс құрылымдық функционализмнің басты ойшылы болса, оның 
шәкірті Роберт Мертон әлеуметтанудағы құрылымдық функционализм тура-
лы өзінің маңызды мәлімдемесін жасады (C. Crothers, 2011; Sztompka, 2000; 
Tiryakian, 1991). Мертон құрылымдық функционализмнің кейбір барынша 
экстремалды және қисынсыз аспектілерін сынға алды. Алайда оның жаңа тұ-
жырымдамалық идеясының құрылымдық функционализмнің қалыптасуына 
тигізген ықпалы зор болды (Jasso, 2000). Мертон мен Парсонс өзара құрылым-
дық функционализммен байланысты болғанымен, олардың арасында маңызды 
айырмашылық та бар. Біріншіден, Парсонс бәрін тұтас қамтитын жалпылама 
теория жасау туралы айтып жүргенде, Мертон орта дәрежелі теорияларға кө-
бірек маңыз берді. Екіншіден, Мертон марксистік теорияларға, Парсонспен са-
лыстырғанда, сабырмен қарады. Шын мәнінде, Мертонды және оның бірқатар 
шәкірттерін (ерекше Элвин Гоулднер) құрылымдық функциона лизмді алға 
итеріп отыратын саяси бағыттың сол қанатына жатқызуға болады. 
Құрылымдық функционалды модель. Мертон функционалдық талдау-
дың Малиновский мен Ралклифф-Браун сияқты антропологтер жүйелеген үш 
негізгі постулатын сынға алды. Біріншісі – қоғамдық функционалдық бірлік


272
II бөлім

Қазіргі заманғы әлеуметтану теориясы: негізгі мектептер
туралы постулат. Дәлелдеуді қажет етпейтін бұл негізгі пікір бойынша, барлық 
стандартталған әлеуметтік және мәдени сенімдер мен тәжірибелер тұтасымен 
қоғам үшін де, сонымен қатар қоғамдағы адамдар үшін де функционалды деп 
есептеледі. Демек, бұл көзқарас әлеуметтік жүйенің түрлі бөліктерінің жоғары 
деңгейдегі интеграциясын көрсету қажет тігін негіздейді. Алайда Мертон бұл 
көзқарастың шағын жабайы қоғамдар үшін әділетті болғанымен, мұндай түсі-
нікті күрделі және ірі қоғамдарға таратуға болмайтынын айтады.
Әмбебап функционализм – ол теріске шығарған екінші постулат, яғни бар-
лық стандартталған әлеуметтік және мәдени формалар мен құрылымдар жа-
ғымды функция деп тұжырымдалған. Мертон бұл айтылған жағ дайдың шынайы 
өмірдегі біздің көргенімізбен сәйкес емес екеніне сендіреді. Әрине, әрбір құры-
лым: әдет-ғұрып, идея, сенім, т.б. жағымды функция бола бермейді. Мысалы, 
ашу кернеген национализмнің ядролық қару күшейген әлемде аса жайсыз екені 
айтпаса да түсінікті.
Үшінші постулат – өзгеруді теріске шығару постулаты. Мұндағы негізгі дә-
лел қоғамның барлық стандартталған аспектілері тек қана жағымды сипатқа ие 
емес, сонымен қатар жұмыс істейтін бүтіннің ажырамас бөлшегі. Бұл постулат 
барлық құрылымдар мен функциялардың қоғамға қажеттілігі туралы ойға жете-
лейді. «Қоғамдағы қазіргі нақты құрылымдар мен функциялардан өзгесі дұрыс 
жұмыс істей алмайтын еді» деген тұжырымға саяды. Мертонның кейіннен Пар-
сонсқа айтқан сынының түйіні – қоғамда түрлі құрылымдық және функционал-
дық баламалардың болатынын мойындау қажеттігін меңзейді.
Мертон өз тұжырымын дәлелдеу барысында барлық функционалдық пос-
тулаттардың құр абстрактілік теориялық сызбаларға негізделіп, эмпи рикалық 
тұрғыда дәлелденбегенін көрсетуге тырысты. Әлеу мет танушы әрбір мәселе-
ні жоқ дегенде эмпирикалық тұрғыдан зерттеуі қажет. Мертонның көзқарасы 
бойынша, функционалдық талдау үшін ең маңыздысы теориялық тұжырымдар 
емес, эмпирикалық сынақтамалар болды. Осының барлығы, ақыр соңында, оның 
теория мен тәжірибе интеграциясын басшы лыққа ала отырып, функционалдық 
талдаудың «парадигмасын» жасауына әсер етті.
Ең басынан бастап Мертон құрылымдық функционализмнің топтарға, 
ұйымдарға, қоғамдар мен мәдениеттерге басты назар аударғанын түсін діруге 
тырысты. Әрбір нысана құрылымдық-функционалдық тұрғыдан талда нуы қа-
жет, «стандартталған орынды білдіруі тиіс (яғни өрнектелген және қайталанып 
отыратын)» (Merton, [1949] 1968:104).
Ол мынадай мәселелерді қарастырды: әлеуметтік рөлдер, институттық құ-
рылымдар, әлеуметтік процестер, мәдени модельдер, эмпирикалық мәдениет, 
әлеуметтік нормалар, топтарды ұйымдастыру, әлеуметтік құрылым, әлеуметтік 
бақылау құрылғысы, т.б. (Merton, [1949] 1968:104).
Ертеректегі құрылымдық функционалистер әдетте бір әлеуметтік құрылым-
ның немесе мекеменің басқаларға қатысты функцияларына толық мән берді. 
Алайда, Мертонның көзқарасы бойынша, ертеректегі аналитиктер ин ди видтер-
дің субъективті мотивтерін құрылымдар мен институттардың функ цияларымен 
араластыруға құмар. Құрылымдық функционализмнің назарында жеке мотив-
тер емес, әлеуметтік функциялар болуы тиіс.
Функциялар – Мертонның көзқарасы бойынша «Жүйенің бейімделуіне 
және түзелуіне алып келетін бақыланатын салдарлар» ([1949] 1968:105). Алай-
да бейімделу мен түзелу барлық уақытта жағымды салдар болғандықтан, олар-
ға қатысты идеологиялық тұрғыдан алдын ала қалыптасқан ағат пікірлер бар. 


273
7-тарау

Құрылымдық функционализм, жүйелер теориясы және конфликт теориясы 
Мені барлық нәрсеге үйреткен басты ұстаздарымды 
анықтау қиын емес. Білім алуда П.А. Сорокин мені еу-
ропалық әлеуметтік ойларға көбірек бағыттады және 
де сол уақыттағы басқа студенттермен салыстырғанда, 
мен оның 1930 жылдардың аяғынан бастап жүргізген 
зерттеу бағытымен келіспесем де, қарсы шыға алмадым; 
магистрлік жұмысында өзінің шарықтау шегіне жеткен 
әлеуметтік әрекет құрылымына қатысты ойларымен 
әсер еткен сол уақыттағы жас Толкотт Парсонс; бірінші 
кезекте, қызықты идея ретінде қабылданатын, қандай 
да бір ұйымдастырылған зерттеуге мені үйреткен био-
химик әрі әлеуметтанушы да болған Л.Дж. Хендерсон; 
архивтік құжаттардан көтерілген мәліметтер арқылы 
экономиканың даму жағдайларымен мені таныстырған 
экономикалық тарихшы Э.Ф. Гей; шын мәнінде, Гарвард-
тың Widener кітапханасындағы өзінің атақты шеберха-
насында (қастер тұтылғанын айтпағанда) бірнеше жыл 
бойы басшылық етіп, жұмыс істеуге мүмкіндік берген 
сол уақыттағы тарих ғылымдарының профессоры Джордж Сартон. Мені тікелей оқытқан осы 
ұстаздардан басқа, екі әлеуметтанушыны: өздері қалдырып кеткен жұмыстары арқылы мені 
көп нәрсеге үйреткен бірінші кезекте Эмиль Дюркгейм мен Георг Зиммель және әлеуметтану 
тұрғысынан сезімтал гуманист Гилберт Мюррей туралы көбірек білдім. Ғасырдың үштен бір 
бөлігінен астам уақыт бойы сан жетпес әңгімелер мен серіктестік арқылы мені көп нәрсеге 
үйреткені туралы, мүмкін, ойламаған да шығар, менің әріптесім Поль Ф. Лазарсфельдтен біраз 
мәліметтер алдым.
Көп жылдар бойғы өзімнің атқарған жұмысыма қарайлай отырып, мен ол жақтан өзімді емес, 
үлгілерді көп табамын. Аспирант ретінде үш жылдық оқуымды бітіргеннен кейін, өзімнің жеке 
жұмысымды бастаған уақыттан бері мен алдын ала бүкіл өміріме арналған жоспармен жүр-
мей, қалыптасып даму реті бойынша өзімнің интеллектуалдық қызығушылығыма мән беріппін. 
Өзіме жақын маңдағы шебер Сартонның тәжірибесін емес, шалғайдағы шебер Дюркгеймнің 
тәжірибесін қабылдаймын деп шештім. Дюркгейм өзі зерттегісі келген жақтарды бірнеше рет 
өзгертті. Қоғамдық еңбек бөлінісін зерттеуден бастап ол әлеуметтану зерттеулерінің әдістерін, 
содан соң біртіндеп тығыз байланысты емес сияқты көрінген өз жанын өзі қиюдың субъек-
тілеріне, дінге, адамгершілік тәрбиеге және социализмге көңіл бөлді. Мүмкін, ол қоғамның 
түрлі аспектілерін зерттеу арқылы теориялық бағытты тиімді жетілдіруге болады деп есептеген 
шығар. Сартон басқа жолды таңдады: тым ерте уақыттан бастап, ол ғалым болып, Introduction 
to the History of Science («Ғылым тарихына кіріспе») (түпнұсқада) (тарихты XIV ғасырдың аяғына 
дейін әкелген) деп аталатын бес томдық үлкен еңбегінің шарықтау шегі болуға тиісті тарих 
ғылымын зерттеудің бағдарламасын жасады.
Бұл үлгілердің алғашқысы маған сәйкес келетіндей болып көрінді. Мен әлеуметтік институттар 
мен қоғамдағы өмірдің сипаты, өздерінің қалай орын алуға болатынын түсіндіретін әлеумет-
тік құрылым мен мәдени өзгерістердің әлеуметтану теорияларын дамытуды көздедім, әлі де 
болса осыны ойлаймын. Теориялық әлеуметтануға байланысты бұл алаңдаушылық мені әлеу-
меттануда және басқа да дамып келе жатқан ғылымдарда орын алған пәндік маманданудан 
(және, менің ойымша, көп жағдайда әділ) айналып өтуге алып келді. Менің мақсатым түрлі 
әлеуметтану пәндерін оқытудың маңызды екенін дәлелдеді.
Бұл әрқилылықтың ішінде тұрақты түрде қызықтырған арнайы бір өрісті арна – әлеуметтану 
ғылымы. 1930 жылдары мен өзімді ғылым мен техниканың әлеуметтік аясына, оның ішінде 
XVII ғасырдағы Англияға толық арнап, мақсатты түрде бағытталған әлеуметтік әрекеттердің 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   210   211   212   213   214   215   216   217   ...   596




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет