278
II бөлім
•
Қазіргі заманғы әлеуметтану теориясы: негізгі мектептер
айналыса алмағандықтан да шабуылға көп ұшырады (Abrahamson, 1978; Percy
Cohen, 1968; CWMills, 1959; J. Turner and Maryanski, 1979).
10
Алдыңғы сын-пі-
кір тұрғысынан, құрылымдық функционализмнің өткенмен күресе алмауы бұл
тәсілдің параллельді түрде әлеуметтік өзгерістердің заманауи үдерісін шешуге
қабілетсіздігімен байланыстырылды. Перси Коэн (1968) бұл мәселені құры-
лымдық-функционалдық теорияға жатқызады, сөйтіп, қоғамның барлық эле-
менттері бірін-бірі толықтырып тұратын тұтас жүйе деп қарастырады. Бұл жағ-
дай элементтердің өзгерістерге қалай түсетінін түсінуге кедергі келтіреді. Коэн
мәселенің теориядан бөлінбейтінін көр сетсе, Тернер мен Марьянски мәселенің
теориямен емес тәжірибемен байла ныстылығына сенеді.
Құрылымдық функционализмді сынаудың басты себебі, оның конфликті-
лерді тиімді шешуге қабілетсіздігінен болуы мүмкін (Abrahamson, 1978; Percy
Cohen, 1968; Gouldner, 1970; Horowitz, [1962] 1967; CWMills, 1959; J. Turner
and Maryanski, 1979).
11
Бұл сыни көзқарастар түрлі сипатқа ие болуда. Элвин
Гоулднердің тұжырымдауынша, Парсонс құрылымдық функционализмнің бас-
ты өкілі ретінде үйлесімді қарым-қатынасты шамадан тыс асыра бағалау үрдісі-
не ұрынды. Ирвинг Луи Горовицтің айтуынша, құрылымдық функционалистер
конфликтіні қоғам шегінен тыс болмай қоймайтын қи ратушылық деп қабыл-
дайды. Сұрақтың мәні оның теорияда орын алуына немесе оны тәжірибеде қол-
данушылар қалай түсіндіріп, пайдалануында болып отыр (Percy Cohen, 1968;
Lockwood, 1956; C. W. Mills, 1959).
Құрылымдық функционализмнің тарихпен, өзгерістермен және конфлик-
тілермен байланысы жоқ деген жалпылама сын-пікірлер олардың көпшілігін
(Percy Cohen, 1968; Gouldner, 1970) құрылымдық
функционализм консерватив-
ті теріс түсініктерге негізделген деген тұжырымдама жасауға алып келді. Әрине,
құрылымдық функционализмдегі консервативтікке бейімдік оның (өзгерістер-
ді, тарихты, жанжалдарды) елемегенінен емес, сонымен қатар назар аударғысы
келетін жаққа ден қоюымен де түсіндіріледі. Құрылымдық функционалистер
әдетте мәдениетке, нормалар мен құндылықтарға назар аударады (Percy Cohen,
1968; Lockwood, 1956; C.W. Mills, 1959). Адамдар мәдени және әлеуметтік күш-
тердің шектеуінде (құрсауында) өмір сүреді делінеді. Гоулднердің өзінің құры-
лымдық
функционализмге қатысты сынына назар аударту үшін, былай деді:
«Адамдар бір деңгейде әлеуметтік жүйені қолданумен қатар, өздері де осы жү-
йенің қолданысында болады».
Олардың қарастыратын мәдени фокусына қатысты құрылымдық функ-
ционалистерде мынадай үрдіс бар: қоғамдағы элитаның қолданатын норма-
ларын (legitimizations) әлеуметтік шындыққа теңеу арқылы қателікке ұрыну
(Gouldner, 1970; Harré, 2002; Horowitz, [1962], 1967, C.W.Mills, 1959). Норма-
тивті құрылым қоғамды тұтастай бейнелейтін жүйе ретінде түсіндіріледі. Мұны
қоғамның элиталық мүшелері үшін өмір сүретін идеологиялық жүйе ретінде қа-
растырған дұрыс.
Бұл маңызды сын-пікірлер екі негізгі бағытты көрсетеді. Біріншіден, құры-
лымдық функционализм әлеуметтік өмірдің бірқатар маңызды аспектілері мен
мәселелерін шешуге кедергі келтіретін тар аумақты қамтиды. Екіншіден, оның
ауқымы оған өте консервативті сипат береді; құрылымдық
функционализм ста-
тус-квоны және үстемдік етуші элитаны қолдау үшін әрекет етті (Huaco, 1986).
Достарыңызбен бөлісу: