Алеуметтану тероиясы indb



Pdf көрінісі
бет210/596
Дата14.11.2022
өлшемі16,19 Mb.
#50039
түріОқулық
1   ...   206   207   208   209   210   211   212   213   ...   596
Акторлар және әлеуметтік жүйе. Парсонс субъектілер мен әлеуметтік құ-
рылымдар арасындағы қарым-қатынасты акторлар мен әлеуметтік жүйеге 
қатысты мәселеде және әлеуметтік жүйені талқылау барысында толығымен 
елемеді деп айтуға болмайды. Шын мәнінде, ол құндылықтар үлгісі мен бұй-
рықтар қажеттілігінің интеграциясын «әлеуметтанудың іргелі динамикалық 
теоремасы» (Parsons, 1951:42) деп атады. Әлеуметтік жүйеге қатысты оның не-
гізгі алаңдаушылығын ескере отырып, бұл интеграцияда маңызды рөл атқара-
тын басты фактор – интернализация және әлеуметтену үдерістері екенін түсі-
не міз. Демек, Парсонс жүйе ішінде нормалар мен құндылықтардың акторларға 
берілу жолдарына қызығушылық танытты. Тиімді әлеуметтену үдерісінде бұл 
нормалар мен құндылықтар ішке енеді, яғни игерілген; демек, олар акторлардың 
«ар-ұждандарының» бір бөлігіне айналады. Нәтижесінде өз мүд делерін жүзе-
ге асыруға ұмтыла отырып, субъектілер тұтастай жүйенің мүд делеріне қызмет 
етеді. Парсонстың айтуынша, «(Әлеуметтену процесінде акторлар) иемдене-
тін құндылықты бағдар үлгілер комбинациясы әлеуметтік жүйенің басым құн-
дылықтары және фундаменталды рөл құрылымның аса маңыз ды функциясы
болуы тиіс» (1951:227).
Жалпы алғанда, Парсонстың тұжырымдауынша, акторлар – әдетте әлеумет-
тену процесінің енжар қабылдаушылары.
4
Балалар тек қана қалай әрекет етуді 
емес, сондай-ақ қоғамның нормалары мен құндылықтарын, адамгершілік қа-
сиеттерін де үйренеді. Әлеуметтендіру – консервативті процедура, онда қажет-
тілік мінез-құлқы (қоғам арқылы қалыптасады) балаларды әлеуметтік жүйемен 
тығыз байланыстырып, қажеттіліктерді қанағаттандыруға мүмкіндік беретін


265
7-тарау

Құрылымдық функционализм, жүйелер теориясы және конфликт теориясы 
құралдармен қамтамасыз етеді. Шығармашылық мүмкіндік өте аз немесе оған 
тіпті орын жоқ; қажеттіліктерді қанағаттандыру әрекеті балаларды өмірмен 
нақты жүйеге сай байланыстырады. Парсонс әлеумет тенуді өмірлік тәжірибе 
ретінде қарастырады. Балалық шақта бойға сіңген нормалар мен құндылықтар 
жалпыға ортақ болып келетіндіктен, балаларды ересек өмірде кездесетін әртүр-
лі жағдайларға дайындамайды. Осылайша, әлеуметтену өмірлік цикл ішінде 
нақты қарым-қатынас тәжірибесімен, күйзе лістермен толықтырылуы керек. 
Осы қажеттілікке қарамастан, кейінірек өмірде балалық шағында үйренген нор-
малар мен құндылықтар тұрақты болып келеді және біршама күшейтіліп, өмір 
бойы өз күшінде қалады.
Өмірдегі әлеуметтену арқылы туындаған сәйкестікке қарамастан, жүйеде 
жеке өзгерістердің кең ауқымы бар. Сұрақ: егер жүйенің тапсырысқа деген қа-
жеттілігін ескерсек, бұл неліктен әлеуметтік жүйе үшін әдеттегі маңызды мәсе-
ле болып саналмайды? Бір жағынан, сәйкестікті тудыру үшін бірқатар әлеумет-
тік бақылау тетіктерін қолдануға болады. Дегенмен Парсонстың түсінігіндегі 
әлеуметтік бақылау – қатаң түрдегі екінші қорғаныс желісі. Әлеуметтік бақы-
лау аз, экономды түрде пайдаланылған кезде жүйе жақсы жұмыс істейді. Екінші 
жағынан, жүйе кейбір вариацияларға, ауытқуларға жол бермейтіндей қауқар-
лы, қабілетті болуы керек. Икемді, иілгіш әлеуметтік жүйе ешқандай ауытқуды 
қабылдамайтын нәзік жүйеден гөрі күшті. Ақырында, әлеуметтік жүйе әртүрлі 
тұлғаның жүйе тұтастығына қауіп төндірмей, өз мүмкіндіктерін көрсете білуле-
ріне кең жол ашуы тиіс. Әлеуметтену және әлеуметтік бақылау – бұл әлеуметтік 
жүйенің тепе-теңдігін сақтауға мүмкіндік беретін негізгі механизмдер. Сонымен 
қатар қарапайым жеке қасиеттермен ауытқулар есепке алынып, төтенше түрлер 
қайта теңдестіру механизмдері арқылы жүзеге асырылуы тиіс. Осылайша әлеу-
меттік тәртіп Парсонстың қоғамдық жүйелер құрылымына кіреді:
«Біздің әлеуметтік жүйеде және сәйкесінше, басқа да әлеуметтік жүйе 
типтерінде белгілі бір бағыттағы қарапайым құптау-құптамаудың бақы-
лау шеңберіне түсу үшін терең үрдістік ауытқуды шектеуге және оны түп-
кілікті болдырмауға мүмкіндігі бар қауқарлы механизмдер да мыды».
 
(Parsons, 1951:319)
Сондай-ақ Парсонсты ең басты қызықтырған жүйенің акторы (субъект) 
емес, тұтасымен жүйенің өзі болды. Актордың жүйені жасауы және оған қолдау 
көрсетуі маңызды емес, керісінше, жүйенің қалай акторды басқаруы маңызды. 
Бұл Парсонстың осы мәселеде құрылымдық-функционалистік бағытты ұстана-
тынын көрсетеді.
Қоғам. Әлеуметтік жүйе идеясы ұжымдық барлық түрлерді қамтыса да, 
соның ішіндегі нақты және айрықша маңызды әлеуметтік жүйе – қоғам: «са-
лыстыр малы түрде алғанда – дербес, мүшелері өздерінің жеке және ұжымдық 
қажет тіліктерін қанағаттандырып, толық өмір сүру арқылы өзін-өзі қамтама-
сыз ете тін ұжым» (Rocher, 1975:60).
5
Құрылымдық функционалист ретінде 
Парсонс төрт құрылымды немесе жүйенің бөліктерін атқаратын функциялары 
(AGIL) бойынша бөліп қарастырады (7.3-кестені қараңыз). Экономика – бұл 
қоғамды еңбек, өндіріс және бөлініс арқылы қоршаған ортаға бейімдейтін
шағын жүйе.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   206   207   208   209   210   211   212   213   ...   596




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет