Алеуметтану тероиясы indb



Pdf көрінісі
бет261/596
Дата14.11.2022
өлшемі16,19 Mb.
#50039
түріОқулық
1   ...   257   258   259   260   261   262   263   264   ...   596
Үміт кеңістігі
Біз бұл бөлімді теориялардың санатталуы біршама еркін болатынымен баста-
дық. Шын мәнінде, Эдвард Соджаның жұмысы категориялы-постмодернистік 
марксистік теорияға толығымен сәйкес келеді. Біз ендігі кезекте неомарксизм 
кеңістіктік талдауларын талқылайтын боламыз. Келесі қарастыратын ойшыл 
Давид Харвидің еңбегі де осылай деуге болады, шын мәнінде біз оның жұмы-
сын осы тақырыпта ғана емес, сонымен бірге постмодернистік марксистік тео-
рияның негізінде талқылаймыз.
Іс жүзінде, Харви кеңістікті талдауды әртүрлі тұрғыдан қарастырды, себебі 
оның жұмысы бірнеше жылдар бойы әлденеше рет бұрмалауларға ұшырады. 
Өзінің бұрынғы жұмысын көрсете отырып, Харви өзін-өзі ғылыми тұрғыда әл-
сіз деп санаған, бірақ ол 60-жылдардың соңында алғаш рет бағытын өзгертіп, 
өзін ғылыми әдіспен басқарған позитивист деп жариялады және оның нәтижесі 
сандық бағалауға бағытталған теориялардың дамуы, заңдардың ашылуы және 
т.б. болды (Harvey, 1969). Алайда бірнеше жыл бойы Харви (1973) басқа пара-
дигмалық өзгерістерге ұшырап, өзінің позитивизмге деген бұрынғы ұста ным-
дарын жоққа шығарды. Ол енді Карл Маркс еңбектеріне өзін қарыздар санап, 
материалистік теорияны қолдайды.
Кейінірек көретініміздей, Харви постмодернистік теориямен кең таныл-
ды, әрине, оның көптеген себептері болды. Ол марксистік теорияға деген 
адалдығын сақтап қалды және бұл оның Spaces of hope («Үміт кеңістіктері»)
(Harvey, 2000) атты кітабында айқын көрінеді. Харви дәлелінің бір аспектісі 
– неомарксистік теорияны талқы лауға аса мән беруі, The Communist Manifesto 
(«Коммунистік манифестке») байланысты география лық дәлелдерді талдай 
отырып сынады. Харви «кеңістіктік түзету» идеясын Манифесттің орталық 
бөлігі деп біледі. Демек, жоғары деңгейде пайда та будың қажеттілігі капита-
листік фирмалар, басқалармен қатар, жаңа геогра фиялық аймақтарды (және 
нарықтар), үнемі жұмыс істейтін аумақтарды пайдаланудың неғұрлым мұқият 
жолдарын табуға итермелейді. «Коммунистік манифестте» осындай геогра-
фиялық дәлелдер маңызды орынға ие болғанымен, олар соңғы жағдайда уақыт 
пен кеңістіктің тарихы және кеңістік пен географияның ар тықшылықтары ту-
ралы «риторикалық режимге» (Harvey, 2000:24) бағынады.


342
II бөлім

Қазіргі заманғы әлеуметтану теориясы: негізгі мектептер
Харви (2000:31) «Коммунистік манифестің» күшті жақтарын мойындай 
отырып, оның«географиялық қайта құрулар мен қайта құрылымдауын, кеңіс-
тіктік стратегия лар мен геосаяси элементтерін, әркелкі географиялық даму-
ларын және басқа капиталдың жинақталуының маңызды аспектілерін, сон-
дай-ақ тарихи және бүгінгі классикалық күрестің динамикасын» тереңірек 
тануға ынта қояды.
Алайда «Манифестің кеңістіктегі дәлелдері» (және басқа да мәселелер) 
өте шектеулі және Харви оларды нығайтуға, жаңартуға ұмтылады.
Мысалы, Харви Маркс пен Энгельстің әлемнің өркениетті-варварлық 
және, негізінен, ядролық-шеткі аймақтары арасындағы қарапайым ерекшелік-
пен жұ мыс істейтінін растайды. Осыған байланысты «Коммунистік манифес-
ке» диффузиялық модельмен жұмыс істейді, капитализмнің өркениеттіліктен 
варварлыққа дейінгі аумақтардан бастап шеткі аймақтарға дейін таралуын 
айғақтайды. Харви мұндай таралудың шындығын мойындай отырып, қазіргі 
әлемде таралудың басқа да түрлері бар екенін, сондай-ақ оларда шеткі аймақ-
тағы ішкі оқиғалар өздерінің еңбек күші мен тауарларын жаһандық нарыққа 
шығаруға итермелейтінін алға тартады.
Ең маңыздысы, Харви (2000:34) «Манифестің ең үлкен кемшілігі – оның 
әлемдегі, атап айтқанда, капитализмнің аймақтық ұйымдастырылуына назар-
дың жетіспеуінде» деп тұжырымдайды. Осылайша, буржуазияның атқарушы 
күші «мемлекеттің территориялық түрде анықталуы, ұйымдастырылуы және 
басқары луы тиіс» деп қабылдау керек (Harvey, 2000:34). Мысалы, ұлтты қа-
лыптастыру үшін әлсіз араласқан провинциялар біріктірілуі тиіс. Алайда ау-
мақтар мемлекеттерге айналдырылғаннан кейін бір орында қалып қоймайды. 
Барлық заттар аумақтық конфигурацияларды, соның ішінде тасымалдау мен 
коммуникациядағы революцияларды, «таптық күрестің біркелкі динамика-
сын» және «біркелкі емес ресурстық жәрдемақыларды» өзгертеді. Бұдан бө-
лек «тауардың, капиталдың, еңбектің және ақпараттың төмендеуі шекаралар-
ды әрдайым бөліп отырады» (Харви, 2000:35). Осылайша, аумақтар тұрақты 
түрде қайта айқындалады және қайта құрылады, соның нәтижесінде мемле-
кетті аумақтық негізде түпкілікті қалыптастыруды көздейтін кез келген мо-
дель өте қарапайым. Міне, біз капитализм үстемдік ететін әлемдегі аумақтық 
өзгерістерге үздіксіз ат салысуға тиіспіз.
«Коммунистік манифестің» тағы бір кеңістіктік дәлелдері – капитализм-
нің шоғырлануы (мысалы, қалалардағы фабрикалар) бұрын ауылдық жерлер-
де шашырап кет кен пролетариаттың топталуына әкеледі. Жалғыз жұмысшы-
лар мен капиталистер арасындағы конфликтілердің орнына, жұмысшылар-
дың ұжымы капита листерге қарсы тұра алады. Харвидің (2000:36) пікірінше, 
«кеңістіктегі күрделі өндіріс – таптық күреске қатысты бейтараптық емес». 
Алайда кеңістік пен тап тық күрес арасындағы қарым-қатынас туралы көбі-
рек айтуға болады және ол капитализмнің жаңа тарихында айқын көрінеді. 
Мысалы, ХІХ ғасырдың соңындағы капиталистер жұмысшылардың шоғыр-
лануын және олардың билі гін шектеу үшін фабрикаларды қалалардан бастап 
маңындағы елді мекендерге таратты. ХХ ғасырдың соңында біз пролетариат-
ты әлсіретіп, капиталистерді күшейту үшін фабрикалардың дүниенің шалғай 
аймақтарына орналастырылуына куә болдық.
Сондай-ақ Харви Манифест қалалық пролетариатқа назар аударуға ты-
рысып, ауылдық жерлерді және ауылшаруашылығы қызметкерлері мен ша-
руа ларды елеусіз қалдырғанын атап өтті. Әрине, соңғы аталған топтар бұл 


343
8-тарау

Неомарксистік теорияның әралуандығы
жыл дары революциялық қозғалыстарда өте белсенді болып шықты. Бұған 
қоса Маркс пен Энгельс біртекті пролетариаттың дамуында ешқандай ел жоқ 
еке нін және ұлттық айырмашылықтар жоғалып бара жатқанын айта отырып, 
әлемдегі жұмысшыларды гомоген деді. Харви ұлттық келіспеушіліктерді сақ-
тап қана қоймай, капитализмнің қызметкерлері арасында «кейде ежелгі мә-
дени айырмашылықтарды, гендерлік қатынастарды, этникалық бейімділікті 
және діни көзқарасты азықтандыру арқылы ұлттық (және басқа) айырмашы-
лықтарды тудырады» деген пікірін білдірді (Harvey, 2000:40). Сонымен қа-
тар «ұйымның территориялық нысандары арқылы, жолда орналасқан жердегі 
шекараларды құру» арқылы жұмылдыруда, кеңістіктік айырмашылықты сақ-
тауда еңбек үлкен рөл атқарады (Harvey, 2000:40). Соңында, Харви әлемдегі 
жұмысшыларға арналған Манифестің танымал үндеуін біріктіруді атап өтеді 
және капитализмнің жаһандық сипатын ескере отырып, осындай насихат аса 
өзекті және маңызды болып табылады.
Бұл Харви жасаған өте әртүрлі уәждің шағын бөлігі ғана, бірақ ол «үміт 
кеңістігі» дегенді қалай түсіндіреді? Біріншіден, ол қазіргі заманғы ғалым-
дар арасында кеңінен тараған пессимизмге қарсы тұрғысы келеді. Екіншіден, 
«саяси күрестің кеңістігі» және, сәйкесінше, қоғамда үміттің бар екенін мо-
йындағысы келеді. Ақырында, ол қазіргі заманғы кеңістіктердің қасіретіне 
алаңдаған адам дарға үміт беретін болашақтың утопиялық кеңістігін сипат-
тайды.
Сөйтіп, осы және басқа да көптеген жолдармен Харви Маркстің (және бұл 
жағдайда Энгельстің) кеңістікке және капитализмге қатысты шектеулі түсі-
ніктерін, олардың бір-бірімен қарым-қатынасына заманауи тұрғыда дамытуға 
негіздейді. Бұл мағынада, Харви жасап жатқан әрекет неомарксистік теория-
ның парадигматикалық мысалы бола алады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   257   258   259   260   261   262   263   264   ...   596




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет