Алеуметтану тероиясы indb


II бөлім • Қазіргі заманғы әлеуметтану теориясы: негізгі мектептер Маркстің постмодерндік теориясы



Pdf көрінісі
бет264/596
Дата14.11.2022
өлшемі16,19 Mb.
#50039
түріОқулық
1   ...   260   261   262   263   264   265   266   267   ...   596
348
II бөлім

Қазіргі заманғы әлеуметтану теориясы: негізгі мектептер
Маркстің постмодерндік теориясы 
Марксистік теорияның дамуына структурализм, постструктурализм 
(P. Anderson, 1984:33), сонымен қатар осы жерде ерекше қызығушылық та-
нытылған постмодернизмнің (Landry, 2000, E. Wood and Foster, 1997, 17-та-
рауды қараңыз) теориялық зерттеулері айрықша ықпал етті.
Гегемония және радикалды демократия.
 Постмодернистік марксизмнің не-
гізгі өкілдік жұмысы – Эрнесто Лаклау мен Шанталь Муффтың Hegemony 
and Socialist Strategy («Гегемониялық және социалистік стратегиясы») (1985). 
Эллен Вудтың пайымдауынша, бұл жұмыс постмодернизмдегі лингвистика-
ға, мәтіндер мен дискурсқа назар аудартып, идеологияны оның материалдық 
базасынан ажыратады және сайып келгенде, «жалпыға бірдей идеологияға не-
месе дискурс қа айналады» (1986:47). Лаклау мен Муфф үшін ең маңызды ге-
гемониялық ұғым, Грамши айтқандай, мемлекеттік үстемдіктің мәжбүрлі әсе-
ріне емес, мәдениеттің жетекшілік сипатына назар аудару үшін қолданылған. 
Фокуста бұл ауысым, әрине, бізді дәстүрлі марксистік материалдық әлемге 
алаңдаушылығынан идеялар мен дискурстардың бағытына қарай бұрмалайды. 
Вудтың пікірінше: «Қысқасы, Лаклау-Муффтың дәлелі – материалдық мүдде-
лер сияқты нәрселер жоқ, бірақ олар туралы тек қана дискурстық идеялар бар 
дегенге негізделген» (1986:61).
Материалдық мүдделер үшін идеяларды алмастырумен қатар, Лаклау 
мен Муфф пролетариатты марксистік теориядағы артықшылық ұстанымы-
нан алыстатады. Вудтың айтуынша, Лаклау мен Муфф «социалистік жобаны 
тап тауға» қатысатын қозғалыстың бөлігі болып табылады (1986:4). Лаклау 
мен Муфф субъективті, дискурстық терминдерінде тап мәселесін талдайды. 
Әлеуметтік әлем әртүрлі ұстанымдармен және антагонизмдермен сипатта-
лады. Нәтижесінде, Маркс пролетариат айналасында қарастыратын «бірың-
ғай дискурсты» ойлап табу мүмкін емес. Пролетариаттың әмбебап дискурсы 
«әрқайсысы өзінің өзгермейтін дискурстық бірегейлігін қалыптастыратын 
дауыстар жиынтығымен ауыстырылған» (Laclau and Mouffe, 1985:191). Осы-
ған сәйкес, пролетариаттың бірыңғай дискурсына назар аударудың орнына, 
марксизм теорияшылары әйелдер, қара нәсілділер, экологтер, иммигранттар 
мен тұтынушылар және көптеген т.б. сияқты дауысынан айырылғандардың 
кең спектрін қамтитын түрлі дискурстарға көңіл аударады. Сонымен марк-
систік теория орталықсыздандырылған және дезактивизацияланған, себебі ол 
тек пролетариатқа ғана көңіл аудармайды және енді пролетариат мәселелерін 
қоғамдық мәселе ретінде қарастырмайды.
Материалдық факторларға көңіл бөлмей, пролетариаттың алаңдаушы-
лығына басты назар аударған Лаклау мен Муфф марксизм теориясының 
мақсаты ретінде пролетариаттың кіріптарлықтан құтылуына байланысты 
коммунизмді жоққа шығарады. Осыған сәйкес ауысым ретінде олар «ра-
дикалды демократия» деп аталатын жүйені ұсынады. Саяси құқық ретінде 
жеке демократиялық құқықтарға назар аударудың орнына, «демократия-
лық күресті кең ауқымда қамти алатын жаңа гегемония құруға» ден қоя-
ды (Mouffe, 1988:41). Жаңа гегемонияның қажет ететіні – «демократиялық 
құндылықтардың гегемониясы, ал бұл демократиялық тәжірибелердің 
көбеюін, олардың әртүрлі әлеуметтік қарым-қатынастарын институттан-
дыруды талап етеді» (Mouffe, 1988:41). Радикалды демократия кең шең-


349
8-тарау

Неомарксистік теорияның әралуандығы
бер аясында ауқымды демократиялық күресті – антинәсілдік, антисекстік, 
антикапиталистік, табиғатты жыртқыштықпен пайдалануға және басқа 
да көптеген құбылыстарға қарсы әрекет ету үшін (Eder, 1990) біріктіруге 
ұмтылады. Осылайша, бұл – «радикалды және жалпылама демократия» 
(Laclau, 1990:27). Бір топтың күресі басқалардың есебінен жүргізілмеуі ке-
рек, барлық демократиялық күресті балама күрес ретінде қарастырған жөн. 
Осы топтар өздерін радикалды демократия үшін күрестің бір бөлігі ретінде 
көруі үшін, өздерінің бірегейлігін өзгерту арқылы осы күресті біріктіру қа-
жет. Лаклау мен Муффтың пайымдауынша:
«Солшыл бағыттың баламасы демократиялық революция саласында 
өзін толығымен орнықтырудан және қысымшылыққа қарсы түрлі күрес 
арасындағы баламалардың тізбегін кеңейтуден тұрады. Сол себепті сол 
жақтың міндеті либералдық демократиялық идеологиядан бас тарту 
емес, керісінше, оны жалпы демократия бағытында тереңдетіп, кеңейте 
түсуі керек. Бұл демократиялық аймақтың бас тартуы емес, керісінше, 
демократиялық күресті бүкіл азаматтық қоғам мен мемлекет аума ғы на 
кеңейту әрі бұл сол жақтың гегемоникалық стратегиясына мүм кіндік 
береді».
(Laclau and Mouffe, 1985:176)
Радикалды демократия капитализмнің жойылуын мұрат тұтса да, капи-
та лизмнің жойылуымен қоғамдағы басқа теңсіздіктер жойылып бітпейтінін 
мойындайды. Барлық әлеуметтік теңсіздіктермен күресу, дәстүрлі марксис-
тердің болжамынан гөрі, әлдеқайда кең өрісті қозғалысты қажет етеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   260   261   262   263   264   265   266   267   ...   596




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет