Алеуметтану тероиясы indb



Pdf көрінісі
бет259/596
Дата14.11.2022
өлшемі16,19 Mb.
#50039
түріОқулық
1   ...   255   256   257   258   259   260   261   262   ...   596
Абстрактілі (дерексіз) кеңістік – заманауи, индустриялы, капиталистік қо-
ғамда шығарылған кеңістіктің түрі. Абстрактілі кеңістік табиғат пен қоғамның 
толық үстемдігін тұспалдайды. Мүмкіндігінше пайда табуды қамтамасыз ету 
үшін мемлекетпен бірге жұмыс істейтін капиталист кеңістікті барынша бақы-
лауға тырысады. Шындығында, Лефеврдің пайымдауынша, кеңістікті бақылау 
капитализмнің өсуі үшін маңызды. Бақы лаудың бұл түрі капиталистен кеңіс-
тікке дерексіз көзқарасты талап етеді. Капиталистік қоғамның ішінде қалалық 
жоспарлау және сәулет сияқты маман дықтар кеңістіктің дерексіз көріністерін 
жасау мақсатына қызмет етеді. Абстрактілі көрініс кеңістікті талдауға және 
шешуге болатын мәселелер қата рына жатады. Олар кеңістікті адамдар өмір 
сүретін орынға қарағанда, матема тикалық шытырманға ұқсатады. Шынында 
да, кеңістікті пайдаланатын адам тұрғысынан кеңістікті көрудің орнына, жос-
парлаушылар кеңістікті тиімді және ұтымды пайдалануға барынша ұмтылады: 
кеңістікті неғұрлым тиімді қалай пайдалануға болады? Экономиканың өсуіне 
жәрдем беру үшін кеңістікті қалай ұйымдастыруға болады? Осы тұрғыдан ал-
ғанда, зауыт қана емес, фабрикаға баратын жұмысшы мен шикізатқа арналған, 
сондай-ақ фабрикадан шығатын дайын бұйымдарды қамтамасыз ететін магис-
тральдар, автобус бағыттары, темір жол желілері де пайда әкеледі. Қала, ел, са-
йып келгенде, планета кеңістікті басқарудағы монолитті мәселе ретінде қарас-
тырылады.
Әрине, абстрактілі кеңістік өндірісі күнделікті кеңістіктің тәжірибесіне 
әсер етеді. Абстрактілі кеңістік адамдардың кеңістікті қалай қолданатынын 
және жүретін жолын бақылайды, осылайша адамдардың қалай жүріп, қалай 
тұратынын және қалай өмір сүретінін анықтайды. Мысалы, ХХ ғасырдың 
екінші жартысында ойластырылған Солтүстік Америка қала лары автомобиль 
өнеркәсібінің мүдделеріне сәйкес ұйымдастырылған. Қала ның жоспарлаушы-
лары Еуропада орналасқан қалалар сияқты қалаларды жоспарлаудың орнына, 
шет аймақтарға созылған магистральдар мен күрделі жол дарды салуға шешім 


339
8-тарау

Неомарксистік теорияның әралуандығы
қабылдады. Қалалардың бұрынғы түрлеріне үйренген, өмір сүретін адамдар 
абыр-сабыр сапырылысқан қозғалыс пен кептелістен ығыр болады. Олар жұ-
мыс істеуге, жұмыс орнына баруға бірнеше сағат жұмсайды және жеңіл актокө-
ліктермен жұмыс істейді, ал шет аймақтардағы үйлер өздерінің жеке өмір сүру 
орталығына айналады.
Лефевр марксистік теорияшылар ретінде соңында дерексіз кеңістіктің де 
жойылуына алып келетін қайшылыққа толы екенін атап өтті. Мысалы, капита-
лизм салдарларының бірі – байлар мен кедейлер арасында айқын әрі өсіп келе 
жатқан үлкен айырмашылық. Бұл теңсіздік бай қала маңы мен дамыған қауым-
дастықтарды өркендету барысында туындайды. Жабық қауымдастықтар бай-
лардың мүліктерін табысы аз аймақтарда және қаланың лас түпкірлерінде өмір 
сүретін кедейлердің күштеп басып алуынан қорғауға арналған. Егер теңсіздік 
өсе берсе (марксистер болжағандай), онда бай мен кедейлер арасындағы кеңіс-
тіктік алшақтықты күтуімізге болады. Дегенмен қазіргі уақытқа дейін ғалым-
дар бұл кеңістіктер арқылы айқындалған теңсіздіктерді ғана түсіндіргенімен, 
Лефевр бұл қайшылықтардың түптің түбінде кеңістіктік бөліністерге және 
жаңа кеңістіктің пайда болуына әкелетінін көрсетеді.
Бұл бізді Лефеврдің дифференциал кеңістік тұжырымдамасына алып
келеді.
Абстрактілі кеңістік барлық нәрсені бақылауға және гомогендеуге ұмтыл-
ғанмен, дифференциал кеңістік айырмашылықты және басқару еркіндігін 
атап көрсетеді. Абстрактілі кеңістік әлемдегі табиғи бірлікті бұзса да, диф-
фе ренциал кеңістік бұл бірлікті қалпына келтіреді. Дифференциал кеңістік 
абстракция және есептеу қағидалары арқылы көрінбейтін кеңістікті пай дала-
нуға мүмкіндік береді. Дифференциал кеңістік капитализм тұрғысынан емес, 
оның ішінде өмір сүретін адамдар тұрғысынан жасалатын кеңістік болар еді. 
Лефеврдің дифференциал кеңістігі адам мүдделері үстемдік еткен табиғи ке-
ңістік күшіне жақындатады деп тұжырымдаған. Шындығында, дифференциал 
кеңістік революциялық және трансформациялық болып келеді, өйткені ол 
кернеу, айырмашылық және адамның кеңістіктік формасының ерекше нысан-
дарын дамытуға мүмкіндік береді. Абстрактілі кеңістіктен айырмашылығы, 
дифференциал кеңістік бұл кеңістікте өмір сүретін әртүрлі адамдарға тәуелді 
және соның мүддесіне жауап беретін динамикалық кеңістік болып саналады.
Марксизм теориясының аясында Лефеврдің кеңістікті талдауы екі себеп 
бойынша маңызды. Біріншіден, ол талдаудың және сынның жаңа бағытын 
ұсынады. Біздің назарымыз капитализмнің өндіріс құралдарымен байлық 
өндірісінен капитализмнің заманауи қоғамның жалпы кеңістігін қалыптас-
тыруына ауысу керек. Басқаша айтқанда, капитал күштері, яғни фабрика мен 
қаржы орталықтарында ғана емес, сонымен қатар күнделікті өмірдің кеңістігін 
ұйымдастырады. Екіншіден, Лефевр бұл талдауды әлеуметтік өзгерістерге ын-
таландыру үшін жүргізеді. Біз мемлекет, капиталист пен буржуазия кеңістікті 
басқаратын әлемде өмір сүреміз. Бұл – мазмұннан айырылған жабық, стериль-
ді әлем (мысалы, автожолдар) жергілікті қауымдастықты алмастырады және 
бұзады.
Лефеврдің пікірінше, біз адамдарға тіршілік етіп, өркендеу үшін қажет кеңіс-
тіктердің түрлерін шығару мақсатында өзгелермен үйлесімді жұмыс істейтін 
әлемді қажет етеді екенбіз. Олар кеңістікті басқаруға тырыспайды, алайда таби-
ғи кеңістікті олардың ұжымдық қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін өзгертеді.
Осылайша, Лефеврдің мақсаты – абстрактілі жүйелерден гөрі адам мен өнімнің 


340
II бөлім

Қазіргі заманғы әлеуметтану теориясы: негізгі мектептер
көрінісі бола алатын кеңістіктің өндірісі. Бұл күнделікті өмірді өзгерту үшін 
негіз бола алатын планета кеңістігі еді. Өндіріс құралдарына мемлекеттік және 
жекеменшік мұндай жүйеде жойылатынын айта кету керек.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   255   256   257   258   259   260   261   262   ...   596




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет