Алеуметтану тероиясы indb



Pdf көрінісі
бет286/596
Дата14.11.2022
өлшемі16,19 Mb.
#50039
түріОқулық
1   ...   282   283   284   285   286   287   288   289   ...   596
ЭРВИНГ ГОФФМАН
БИОГРАФИЯЛЫҚ ШОЛУ
Photograph courtesy of the American Sociological Association


383
9-тарау

Символикалық интеракционизм
6. Әлеуметтік мінез-құлық әлеуметтік мағыналармен шектелгенімен, олар
арқылы анықталмайды. Страйкердің рөл құру идеясына сенімі мол. Адам-
дар тек рөл ойнап қана қоймайды, дәлірегі, олар өз рөлдерін белсенді
шығармашылық шеберлікпен орындайды.
7. Әлеуметтік құрылымдар рөлдердің тек «орындалуы» ғана емес, «құры-
лу» деңгейін шектеу үшін де қызмет етеді (D. Martin and Wilson, 2005). 
Кейбір құрылымдардың креативтілігі өзгелерге қарағанда жоғары.
8. Рөлдерді құру мүмкіндіктері әртүрлі әлеуметтік өзгерістерді туындатуы 
мүмкін. Ол өзгерістер әлеуметтік анықтамаларда – атауларда, символ-
дарда және классификацияларда және өзара әрекеттесу барысында көрі-
нуі ықтимал. Осы өзгерістердің жиынтық нәтижесі ірі әлеуметтік құры-
лымдарда өзгеріске ұшырауы мүмкін.
Страйкердің өзара ұқсас мәні бар символикалық интеракционизмге қарай 
ба ғыт талу жөнінде бастамалары болғанымен, оның шығармашылығында бір-
қатар шектелулер бар. Байқап отырғанымыздай, ол ірі әлеуметтік құрылымдар 
жайлы аз айтады. Страйкер өз жұмысында ірі құрылымдарды біріктіру қажет-
тілігін ұғынғанымен, «оны біріктірудің кең ауқымды дамуы қалай болатыны 
аталмыш жұмыстың міндеттеріне кірмейді» деп мойындады (Stryker, 1980:69). 
Страйкер символикалық интеракционизмдегі ірі құрылым дардың болашақта-
ғы рөлі шектеулі деп санады. Ақыр аяғында, тап, мәртебе мен партия сияқты 
құрылымдық жүйелерді «өзара әрекеттесуді шектейтін құбылмалы фактор» 
деп санап, оларды біріктіруге тырысты, бірақ символикалық интеракционизм-
нің рөлі осы бір құрылымдық құбылмалылардың арасындағы өзара байланыс-
ты қарастырудан тұрады. Мұндай мәселелерді ауқымды әлеу меттік құбылыс-
тармен айналысатын өзге теориялардың еншісіне қалдыру керек.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   282   283   284   285   286   287   288   289   ...   596




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет