Алеуметтану тероиясы indb


Эрвинг Гоффман және еңбектері



Pdf көрінісі
бет287/596
Дата14.11.2022
өлшемі16,19 Mb.
#50039
түріОқулық
1   ...   283   284   285   286   287   288   289   290   ...   596
Эрвинг Гоффман және еңбектері
Өзіндік мән символикалық интеракционистер үшін маңызды ұғым болып са-
налады (Bruder, 1998). Шын мәнінде, Роктың пайымдауынша, өзіндік мән ұғы-
мы – интеракционистердің интеллектуалды схемасының түпқазығы. Ал қалған 
барлық әлеуметтік процестер мен оқиғалар осы орталықтың айналасына ұйы-
сып, содан бастау алып жатады (1979:102).
Алайда Эрвинг Гоффманның барлық еңбегі өзіндік мән теориясымен 
шектел месе де (G. Smith, 2011), оның әлеуметтануға қосқан үлестерінің ең
нитофон дәуірі келмеген еді» ([1986b:111]; этноәдіснама мен конверсациялық талдау арасын-
дағы қатынас жайлы 10-тарауды қараңыз). Жалпы, этноәдіснаманың бірқатар танымал өкілде-
рі (Сакс, Щеглофф) Берклиде этноәдіснаманың негізін қалаушы Гарольд Гарфинкельден емес, 
Гоффманнан оқыған еді.
Гоффмандық теориялардың символикалық интеракционизмге ықпалын ескере отырып, струк-
турализм мен этноәдіснаманың әлі де ұзақ жылдар бойы өз күшін жоймайтынын айтуға болады.


384
II бөлім

Қазіргі заманғы әлеуметтану теориясы: негізгі мектептер
маңыздысы – өзіндік мән туралы теориясы болғаны анық. Әрі қарай Гоффман-
ның өзіндік мән туралы теориясын басқа символикалық интеракционистердің 
осы ұғым туралы теорияларының және Гоффманның жалпы теорияларының 
аясында қарастыратын боламыз.
Өзіндік мән
Өзіндік мән ұғымын Мидтің тұжырымынан тыс пайымдауға тырысып, Чарлз 
Хортон Кулидің (Franks and Gecas, 1992) айнадағы «мен» тұжырымдамасын 
қарастырамыз. Кули бұл ұғымды былай анықтайды:
«Белгілі бір деңгейге дейін біреудің «мені» және оның кез келген идеясы 
жеке санадан көрініс табады және адамның бойындағы өзін сезіну қасие-
ті өзгенің санасына деген қатынасымен анықталады... Осылайша біз өз 
қиялымыз арқылы өзгенің санасына өзіміздің келбетіміз, әдетіміз, мақса-
тымыз, істеріміз, мінезіміз, достарымыз және т.б. жайлы ой қал дырамыз 
және ықпалын сезінеміз».
(Cooley, [1902] 1964:169)
Айнадағы «мен» идеясын үш элементке бөлуге болады. Біріншіден, біз бас-
қаға қалай көрінсек, сол келбетімізді бойымызға сіңіреміз. Екіншіден, біздің 
көрінісіміз жайлы өзгелердің пайымдары қандай болу керектігін елестетеміз. 
Үшіншіден, өзгелердің пайымдары жайлы өз ойымыздың нәтижесінде абырой 
немесе ұят сияқты сезімдерді бойымызға қалыптастырамыз.
Кулидің айнадағы «мен» ұғымы мен Мидтің өзіндік мән тұжырымдамасы-
ның символикалық интеракционизмдегі қазіргі өзіндік мән туралы тұжы рым-
даманың дамуы үшін маңызы зор болды. Блумер «мен» ұғымына қарапайым 
анықтама берді: «Мен» ұғымының ешқандай да эзотериялық мәні жоқ. Ол өзі-
не бағыттала әрекет етеді және өзінің басқаларға қатысты әрекеттерін өзі үшін 
объекті түрінде бағыттайды» (1969b:12). Өзіндік мән – бұл процесс, зат емес 
(Perinbanayagam, 1985). Блумер нақты атап өткендей, өзіндік мән адамдарға 
сыртқы түрткілерге жай ғана жауап беріп қоймай, әрекет етуге көмектеседі.
«Бұл процестің интерпретациясының екі кезеңі бар. Біріншіден, актор 
өзі үшін әрекет ететін екі маңызды пәнді айқындап алуы шарт... Бұл 
өзара әрекеттесудің психологиялық элементтердің өзара қарым-қатына-
сынан ерекшелігі бар; бұл – адамның өзімен коммуникацияға түсу про-
цесіне қатысу үлгісі... Екіншіден, өзімен қатынасқа түсу процесінде ин-
терпретация символдармен қатынасқа түсу мәселесіне айналады. Актор 
өз әрекетінің бағытын өзі тап болған жағдайға қарай таңдайды, тексереді, 
уақытша бас тартады, топтасады және өзгереді».
(Blumer, 1969b:5)
Интерпретацияның аталмыш сипаты өз әрекетін таңдау процесі бары сын-
да өзіндік мәннің рөлін ерекше көрсеткенімен, Кули мен Мидтің тұжырымда-
рымен салыстырғанда, Блумер алға баса қоймаған. Алайда өзге ойшылдар мен 
зерттеушілердің өзіндік мән ұғымын жетілдірген.


385
9-тарау

Символикалық интеракционизм
Символдық интеракционизм аясындағы өзіндік мән ұғымына арналған
Эрвинг Гоффманның маңызды зерттеулерінің бірі – Presentation of Self in 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   283   284   285   286   287   288   289   290   ...   596




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет