387
9-тарау
•
Символикалық интеракционизм
уақытын кетіруі мүмкін, бірақ олар материалды дайындыққа дейін де үнемі
білген сияқты болып көрінгісі келуі мүмкін. Төртіншіден, орындаушылар
аудитория алдында бедел сақтау үшін «лас жұмыстың» жасалғанын жасыру
қажеттілігі туындауы мүмкін. Мұндағы лас жұмыстың «физикалық тұрғы-
дан таза емес, жартылай ғана заң ды, қатаң және жарамсыз да» міндеттері
болуы мүмкін (Goffman, 1959:44). Бесіншіден, орындаушылар белгілі бір
рөлді ойнай отырып, өзге қағидаларды құрбан етуі де мүмкін. Ақырында,
орындаушылар қойылымының әрі қарай жалғаса беруі үшін кез келген ке-
лемежді, зәбірді жасыру қажет деп санауы мүмкін. Жалпы алғанда, орын-
даушылардың пайдакүнем мүдделері қалың көп шіліктен осындай жағымсыз
фактілерді жасыруға мәжбүр етеді.
Авансахнадағы драматургияның өзге аспектісі, шындығында, орындау-
шылардың аудиторияға жақын екенін көрсетуге тырысатындарын айқын-
дайды. Мысалы, орындаушылар өздерінің қойылымдарының бірегей әрі
маңыз ды екенін сездіретіндей әсер қалдыруға ықпал ете алады. Ол үшін
орындаушылар өз аудиторияларының бір-бірінен алшақ отырғандарына се-
німді болулары керек, сол кезде қойылымның келеңсіз тұстары байқалмай-
ды. Гоффманның айтуынша, олар тіпті байқаған күннің өзінде аудитория
орындаушының мінсіз образын бұзбау үшін келеңсіз әсерлерден арылула-
ры мүмкін. Күнделікті тұрмыстағы спектакльдің интеракциялық сипаты
осылай көрініс береді. Әсерлерді басқарудың осындай тағы бір мысалы –
орындаушының аталмыш қойылым мен аудиторияның бірегей екенін аң-
ғарту. Қалың көпшілік тің өздері де бірегей қойылымды тамашалап отыр-
ғандарына сенгілері келеді.
Орындаушылар белгілі бір қойылымның барлық элементтері бір-бірімен
сабақтас екеніне сенуге тырысады. Кейбір жағдайларда бір ғана қарама-қайшы
сәттердің өзі спектакльді бұзуы мүмкін. Алайда қойылымдарға қажет үйлесім-
діліктің санына қарай айырмашылықтары болады. Егер дін қызметкері рәсім
барысында тайып құласа, бұл ең сорақысы болар еді, ал егер такси жүргізушісі
жол жүру барысында басқа бағытқа бұрылып кетсе, бұл қойылымға аса зия-
нын тигізбес еді.
Достарыңызбен бөлісу: