Алеуметтану тероиясы indb


Рационалды таңдау теориясы



Pdf көрінісі
бет323/596
Дата14.11.2022
өлшемі16,19 Mb.
#50039
түріОқулық
1   ...   319   320   321   322   323   324   325   326   ...   596
Рационалды таңдау теориясы
Рационалды таңдау теориясының негізгі ұстанымдары неоклассикалық эко-
номикадан (сонымен бірге утилитаризм мен ойын теориясынан; [Levi, 1990; 
Lindenberg, 2001; B. Simpson, 2007]) алынған. Дебра Фридман мен Майкл 
Хечтер (1988) әртүрлі модельдер негізінде өздері «қаңқалық» деп атаған ра-
ционалды таңдау теориясының моделін жасады.
Рационалды таңдау теориясының зерттеу пәні – акторлар. Акторлар 
мақсатты бағытталған немесе интенционалды болып жіктеледі. Демек, ак-
торлардың өз әрекеттері, бағытталған мақсаттары бар. Сонымен қатар ак-
торлардың ықы ластары (немесе құндылықтары, пайдалылығы) болады. Ра-
ционалды таңдау теориясын бұл ықыластар немесе олардың бастау көздері 
қызықтырмайды. Маңыздысы – іс-қимылдың актордың ықыластар иерар-
хиясына сәйкес келетін мақсаттарға қол жеткізу үшін орындалуы.
Рационалды таңдау теориясы акторлардың мақсаттары мен ниеттерінен 
басталуына қарамастан, ол әрекеттердің, кем дегенде, екі негізгі шектеуін 
ескеруі керек. Біріншісі – ресурстардың жетіспеушілігі. Акторлар әртүрлі 
ресурстарға ие, сондай-ақ олардың басқа ресурстарға қол жеткізу мүмкіндігі 
әртүрлі. Көптеген ресурстары бар адамдар үшін мақсатқа жету салыстыр-
малы түрде оңай болуы мүмкін. Дегенмен ресурстары аз немесе тіптен жоқ 
адамдарға мақсатқа қол жеткізу қиын немесе мүмкін емес болуы ықтимал.
Ресурстардың жетіспеушілігіне балама шығындар идеясы тікелей байла-
нысты (D. Friedman and Hechter, 1988:202). Мақсатқа ұмтылуда акторлар 
өздерінің ең маңызды әрекеттерінен бас тартуға жұмсалатын шығын дарды 
бағалауы керек. Егер де акторлардың ресурстары аз және соның салдары-
нан олардың осы мақсатқа қол жеткізу мүмкіндіктері біршама болып және 
соған деген ұмтылыс екінші кезектегі мақсатқа қауіп төндірген жағ дайда, 
акторлар басты мақсаттан бас тартуы мүмкін. Акторлар өздерінің пайда-
сын
1
барынша арттыруға тырысады және соған сәйкес бұл әрекет бастап қы


437
11-тарау

Айырбас, желілік және рационалды таңдау теориялары
Қалай әлеуметтанушы болғаным туралы мен бас-
қа жарияланымдарымда сипаттадым. Ол, негізінен, 
кездейсоқ іс болған еді, (For a full autobiography, see 
Homans, 1984). Менің әлеуметтанумен тұрақты түрде 
айналысуым Гарвард Бизнес мектебінде 1933 жыл-
дан бергі профессорлар Лоуренс Хендерсон және 
Элтон Мэйомен бірге қызмет істеген кезімнен бастал-
ды. Хендерсон – биохимик, өнеркәсіптік жұмыстың 
физиологиялық сипаттамаларын, Мэйо – психолог, 
адами факторларды зерттеді. Кейінірек Мэйо Чика-
года орналасқан «Батыс Электрик» компаниясының 
Хоторн зауытында өзінің әйгілі зерттеулерін жүргізді.
Мен Мэйо басшылық еткен оқулар мен пікірталастар 
курсына қатыстым. Мэйо өзінің студенттерінен негізгі 
кітаптармен бірге көрнекті әлеуметтік антропологтердің, 
атап айтқанда, Малиновскийдің, Рэдклифф-Браунның 
және Фирттің бірқатар кітаптарын оқуын өтінді. Мэйо 
біздің осы еңбектерді оқу арқылы қарапайым қоғамда-
ғы әлеуметтік салттардың қазіргі қоғамдағыларға қарағанда нәтижелі жұмысқа қалай септігін 
тигізгенін түсінгенімізді қалады.
Мені олар мүлде басқа жағынан қызықтырды. Сол күндерде мәдени антропологтер интел-
лектуалды түрде басымдыққа ие болды және менің Клайд Клакхон сияқты осы топтағы дос-
тарым әр мәдениеттің өзінше ерекше болғанын насихаттады. Керісінше, мен оқығанымнан 
қарапайым қоғамның кейбір институттары уақыт және кеңістік бойынша алшақ орындар-
да бір-бірін қайталайтынын, сондықтан олардың бір-бірінен алып пайдаланатындай өзара 
байланысы болмағанын түсіне бастадым. «Мәдениеттер бірегей болған жоқ және олардың 
ұқсастығы «тек адамзат табиғаты бүкіл әлемде бірдей болған» деген болжам арқылы тү-
сіндірілуі мүмкін еді. Ұқсас жағдайларда әрекет ететін адамдар бір-бірінен тәуелсіз ұқсас 
институттарды құрды. Бұл көзқарас сол уақытта көпшілікке танымал болған жоқ. Қазір де 
жағдайдың өзгергеніне сенімді емеспін.
Сол уақытта мен шағын адам топтарын, яғни қазіргі және қарапайым түрлерін зерттеуге ба-
ғытталған біршама нақты немесе «далалық» зерттеулермен таныстым. Екінші дүниежүзілік со-
ғыста әскери-теңіз флотында борышымды өтеуге шақырылған кезімде, осы материалдарды 
теңізде ұзақ қарап отырып зерттедім. Кенеттен мен осы зерттеулерді олардың барлығын ортақ 
ұғымдар арқылы сипаттауға болатынын түсіндім. Бірнеше күннің ішінде осындай тұжырымда-
малық сызбанұсқаны жасадым.
Соғыс аяқталғаннан кейін Гарвардта штаттық лауазымда The Human Group («Адамдар тобы») 
деп аталған кітаппен (1950) жұмыс істей бастадым. Ол менің жасаған тұжырымдамалық сыз-
банұсқамды қарастырылған зерттеулерге қолдануға бағыттады. Осы жұмыстың барысында тұ-
жырымдамалық сызбанұсқа ғылымның бастапқы нүктесі ретінде ғана пайдалы деген ой келді. 
Ұғымдарды бір-бірімен байланыстыратын қағидаларды табу қажет болды. «Адамдар тобында» 
мен таңдаған топтарды сипаттауға лайық сондай бірқатар қағидалар ұсындым.
Мен профессор Толкотт Парсонсты бұрыннан білетінмін, онымен әлеуметтік қатынастар депар-
таментінде тығыз байланыс орнаттым. Ол әлеуметтану саласындағы жетекші теорияшыл еді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   319   320   321   322   323   324   325   326   ...   596




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет